Әлем Израильдің жауабына елеңдеулі: Ядролық нысандар мен мұнай базаларына қауіп төнді...

Өткенде Иранның Израильге жаппай зымыран соққысын ұйымдастырғанын егжей-тегжейлі жаздық. Енді әлем Израильдің Иранға қандай жауап беретіне қатысты жауырынға қарап бал ашуда.

1727953376687817.jpg

(Сурет: dzen.ru)

«Financial Times»: «Израиль Иранның жаппай зымыран шабуылына жауап ретінде соққы беруге дайындалуда. Израиль Иранның экономикасына барынша зиян келтіруге тырысады», - деп жазады.

Халықаралық сарапшылар Израиль соққы беруі мүмкін бірнеше потенциалды нысанды атайды. Ол қандай нысандар?

БІРІНШІ НҰСҚА: Сарапшылар пікірінше, Тель-Авив «ирандық нысандарға тікелей соққымен жауап қайтарады». Негізгі мақсаттар ретінде мұнай инфрақұрылдары қарастырылады.

Бұған қатысты Ирандағы ИРСК Израильге үндеу жасады: «Егер Израиль Иранның мұнай базаларына соққы жасайтын болса, біз жойқын жауап қататын боламыз! Соның ішінде Сауд Арабиясындағы БАӘ, Әзербайжан мен Куыейттегі, Бахрейндегі мұнай базаларына соққы жасаймыз! Біз Вашингтонға ескерттік!», - деп жауап қатты.

ЕКІНШІ НҰСҚА: Тель-Авив Иран шабуылында қолданылған зымыран қондырғыларына шабуыл жасауы мүмкін. Сарапшылар Иранның жоғары лауазымды әскери-саяси билік өкілдері Израильдің нысанасы болатынын жоққа шығармайды.

ҮШІНШІ НҰСҚА: Израиль Тегеран қолдап отырған әскери құралымдарға немесе тікелей Сирия мен Йемендегі Ислам революциясы сақшылар корпусының күштеріне соққы беруі мүмкін.

«The Washington Post» басылымының жазуынша, Вашингтон Израиль билігін сабырлы жауап беруге көндірді, бірақ Еуропа жұрты Израиль АҚШ-тың кеңесіне жүгенбей, Иранның мұнай-газ секторына және ядролық нысандарына соққы жасауы мүмкін екенін айтады.

ТӨРТІНШІ НҰСҚА: Әлемдік БАҚ Израиль Иранның ядролық нысандарын көздеуі мүмкін деген нұсқаны да жоққа шығармайды. Алайда, Ақ Үй Израильдің бұл шешімін құптамайтынын айтады.

«Financial Times»: «Израильдің кейбір шенеуніктері ядролық нысандарға шабуыл жасау туралы сөз қозғап жатыр. Бұл мүмкін емес! Және АҚШ бұл нұсқаны құптамайды», - дейді.

«Үлкен жетілік» елдері де Израильге үндеу жасап, Иран шабуылына сабырмен жауап қатуға, ядролық нысандарды соққылаудан аулақ болуға шақырды.

Айта кетейік, Қазақстан Иранмен де, Израильмен де экономикалық байланыс орнатқан мемлекет. Сондықтан, Қазақстан үшін Израиль-Иран қақтығысының ушықпауы тиімді болмақ.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар