«НАТО-да орын жоқ»: 20 пайыз жердің тағдыры Лондонда шешіле ме?

Кеше Mezgil.kz ақпараттық порталында: «Қырымды мойындау һәм АҚШ-тың жаңа ұсынысы: Трамп не дейді?» деген тақырыппен мақала жарияладық. Онда АҚШ тарапының Украинаға жолдаған «жоспар-шарты» туралы баяндалған.

1745312966814705.jpg

Сонымен, АҚШ тарабының Украинаға берген ұсынысында «АҚШ заңсыз аннекцияланған Қырымды Ресейдікі деп мойындайтыны және «НАТО-ға қосылудан бас тартатыны» айтылған. Бұдан бөлек, Запорож АЭС-іне АҚШ бақылау жасайтыны және Ресей оккупациялап отырған 4 облысқақ атысты ұстанымдар айтылған.

Бұл ұсыныс қана. «Көнсең де, көнбесең де осы деген» қатып қалған талап емес. Киев бұл ұсынысқа Лондонда өтетін кездесуде жауап беруі тиіс деп күтіледі.

УКРАИНА ЖЕРІНІҢ ТАҒДЫРЫ ЛОНДОНДА ШЕШІЛЕ МЕ?

Ертең Лондонда Украина, АҚШ және Еуропа елдерінің қатысуымен келіссөздерп өтеді. Бұл ақпаратты Украина президенті Зеленский де растады. Кездесуге Украина, АҚШ, Ұлыбритания мен Франция өкілдері қатысады деп күтілуде.

«Біз соғысты сөзсіз тоқтатуға және тұрақты бейбітшілік орнату үшін ары қарай жылжуға дайынбыз», – деді Зеленский.

Аталған жиынға Украина атынан: Украина ПӘ кеңесінің басшысы Андрей Ермак, Украина СІМ басшысы Андрей Сибига, Украина Қорғаныс министрі Рустем Умеров, Украина ПӘ кеңсесі басшысының орынбасары Павло Палиса қатысады.

Ал АҚШ делегациясында: АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, президент Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Кит Келлог қатысады.

УКРАИНАҒА НАТО-ДА ОРЫН ЖОҚ!

Осының алдында АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлог сұхбат беріп: «Біздің ұстанымдарымыз нақты. НАТО-ға мүшелік мүлде талқыланған жоқ! Сіздер НАТО мүшесі болмайсыздар! Бұл жаңадан ойлап табылған дүние емес. Біз бұл туралы 2008 жылдан бері айтып келеміз. Ол кезде АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Уильям Бернс сол кездегі Мемлекеттік хатшы Кондолиза Райсқа төтесінен айтып, бұл шектен шығушылық болатынын жеткізген. Мен де 2013 жылы Украинаға НАТО-да орын бұйырмайтыны туралы арнайы аналитика жазғанмын», - деді.

Жуырда «The New York Post» басылымы: «Украина – де-факто Путинге 20 пайыз территорияны беруге мақұл болып отыр. Де-факто дегеніміз – украина бұл жерлерді Ресей оккупациялады дегенді растайды, бірақ, ол жерлерді Ресейге біржола бермейді. Де-юре – бұл жерлерді Ресей алды дегенді және ол жерлерді енді мүлде қайтара алмаймыз дегенді мойындаймыз. Украина осының біріншісіне көнгелі отыр», - деп жазады.

Ал президент Трамп болса: «Сіздерге алдаға үш күннің ішінде егжей-тегжейлі ақпараттармен бөлісемін. Біз Украинамен және Ресеймен өте жақсы келіссөздер өткіздік. Енді ары қарай не боларын көреміз. Келесі қадам – бізге аздаған уақыт керек», - деді.

Украина президентінің кеңесі Париждегі келіссөздер кезінде Қырымды мойындау мәселесі талқыланбағанын айтқан.

«Bloomberg» басылымы: «АҚШ Мәскеуге салынған санкцияларды жібітіп, Қырым мен Қара теңізді Ресей бақылайды дегенмен келісуге дайын. Бұл бейбіт келісімге қол жеткізу үшін жасалатын қадам.

АҚШ-тың бұл ұсынысы төртінші жылға созылып бара жатқан майдан шебіндегі ұрысты уақытша тоқтата алады. Бірақ, Ресей іс жүзінде оккупацияланған аумақтардың едәуір бөлігін өз бақылауында сақтап қалады. Ал Украинаның мақсаты – НАТО-ға қосылу. Бұл Украина үшін қауіпсіздік кепілдігі. Бірақ, АҚШ бұл мәселе талқыламайтынын ашық айтты», - деп жазады.

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер

    Пікір жазылмаған

    Ұқсас тақырыптар