Қазақстан көп ұлтты мемлекет емес!

қазақ.jpg

Қазақстанда ұлттық идеологияның жоқтығы ұлтаралық қарым-қатынастарды бүлдіріп барады. Таяуда дәріханаға кіріп, қазақша дәрі сұрасам  сатушысы: "Я ваш язык не понимаю" дейді. "Сіз Қазақстанда тұрасыз, сондықтан қазақша білгеніңіз жақсы десем" әлгі қыз мізбақпастан "Знать ваш язык не обязана!" деп қарап тұр. Өңінен байқап тұрмын, орыс емес - ұйғыр ма, әзірбайжан ба бірдеме. Өмірде осындай жағдаймен жиі кездесеміз. 

Басқа ұлт өкілдерінің көбі Қазақстанда осы мемлекеттің иесі қазақ халқы екендігін ұққысы келмейді.

Бұл ненің салдары? Бұл биліктің ұлттық мемлекет емес АҚШ-тағы сияқты азаматтық мемлекет құру бағытын ұстанып отырғанының салдары. Қазақ халқын диаспора деңгейіне түсіруге ұмтылу - баяу жарылатын мина.  Әрі мұндай саясат түптің түбінде  ұлтаралық қақтығыстарға соқтыратыны өкінішті.

Іс жүзінде біздің елімізде 130 ұлт тұрады деген бекер. Үнемі айтып келеміз. Қазақстанда жалғыз ұлт Қазақтар ғана тұрады (!!!) және басқа ұлттардың диаспоралары мекендейді. Диаспоралар мемлекет құраушы ұлт бола алмайды. Біздегі немістердің - Германиясы, орыстардың - Ресейі, өзбектердің - Өзбекстаны, поляктардың Полониясы, гүржілердің - Гүржістаны, т.б. диаспоралардың тарихи Отандары бар. Қазақтың басқа Қазақстаннан басқа Отаны  жоқ.

Бүгінде  Қазақстандағы қазақ халқының саны 72 пайызға жуықтады. Біреулер қалай тосқауыл қойғысы келсе де  Қазақстанда қазақ мемлекеттілігі дамитын болады. Халықаралық нормалар бойынша халқының үштен екі бөлігі жергілікті ұлт болса ол мемлекет көпұлтты емес моноұлтты мемлекет болып саналады. Сондықтан Қазақстандағы ұлт саясаты  жалған "көп ұлттылықтан", "көп этностықтан"  барлық диаспораларды мемлекет құраушы қазақ халқы мен мемлекеттік тілдің төңірегіне топтастыру саясатына ауыстырылуы тиімді! Президенттіктен үміткерлер алдағы уақытта осыны ескеруге тиіс!

 Марат Бәйділдәұлы

Facebook-тегі парақшасынан



Ұқсас тақырыптар