Суретшілер Алматының әсем табиғатын бейнелеуде

9.jpeg

Алматыда ҚР Суретшілер одағының 85 жылдығына орай қалалық мәдениет басқармасының қолдауымен «Алмалық-Алматы-Almaty» атты онкүндік пленьер өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қылқалам шеберлері қалада жаңадан бой көтерген арт-нысан алаңында Алматының пейзаждарын, әсем табиғатын және қала суретін салуда.

Олардың қатарында Ғани Баянов, Хамит Файзуллин, Алексей Уткин және Нұрлан Қилыбаев секілді бейнелеу өнерінің майталмандары бар.

8.jpeg

«Бұл шара Суретшілер одағының 85 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Суретшілер он күн бойы қаламыздың ерекше нысандары мен көрікті жерлерін бейнелейді. Өнер адамдарының табиғат аясына шығып жұмыс істеуі өте пайдалы, әрі жігерленіп, шабыттана түседі», - дейді ҚР Суретшілер одағының жауапты хатшысы Жамбыл Нәтбаев.



Ұқсас тақырыптар