Кәрім Бекеновтың 80-жылдық мерейтойына арналған көрме өтеді

Без названия.jpg

Аталған жоба Суретшілер одағы галереясы мен «Ұлар» арт-агенттігімен ұсынылуда. Көрме желтоқсанның 4-25 аралығында Суретшілер одағының галереясында өтеді.

Кәрім Бекенов жаңа графикалық шедеврлерді жасап қана қоймай, балалар ертегілерін де безендіруде.

Балалық шағында сүйікті ертегілерді оқу барысында суреттердің авторына көпшілік дене қоя бермейді. Көрмедегі Бекеновтің жұмыстарын тамашалу кезінде әр көрермен көптеген суреттерді бұған дейін көргенін бірден еске түсіреді. Кәрім Бекеновтың қырыққа жуық түссіз иллюстрациялары Қазақстан халық жазушылары Әбіш Кекілбаев пен Мұхтар Мағауиннің туындыларында кездеседі.

Бекенов Кәрім Теміртасұлының шығармашылығы Қазақстанның графикалық өнерінің дамуына үлкен үлес қосқаны сөзсіз. Оның жұмыстарымен елімізде әр жылдары басылып шыққан көптеген кітаптар безендірілген.

IMG-20181201-WA0004.jpg

Кәрім Бекенов Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Журналистер одағының мүшесі, «Полиграфияға еңбегі сіңген қайраткер. Суретшілер одағының галереясы мерейтой иелерінің көрмесін осы жылдың сәуір айында Алматыдағы Оқушылар сарайында өткізген еді, бұл көрме 2018 жылдағы мерейтойлы көрменің аяқталуы болып отыр.



Ұқсас тақырыптар