Желтоқсан айының үші мен бесі аралығында ҚР Ұлттық Құсбегіліктен «СОНАР -2020» Республикалық турнирі өтті. Жылда турнирге Алматы облысы өткізуге ұйытқы болып жататын дәстүрінен жаңылыспай биылда Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданында өтті. Өткен жылы сонау Қырғыз елінен ат терлетіп келгендері бар еліміздің түкпір түкпірінен ағылғандар мен бір қауым ел болған бүркітшілердің биылғы жылы қарасы сирек. Пандемия байланысты тамашалауға келушілер де аз.. Деседе Жарыс өтті, 34бүркіт пен 14 тазы жарысқа қатыстырылып, бүркіт жарысынан бірінші орынды иеленген Атыраулық Арман Қошқаров иеленіп бір миллион теңгені қанжығасына байласа, кейінгі орындарды өзара бөлісіп алған Жамбылдық Серікболсын Жалғасұлы мен Жетісулық Аян Сейтжан да құр қалған жоқ. Биылғы жылдың бір ерекшелігі ол құсбегілікпен қатар итбегілік арасында да жарыс өткізіліп, дүбірлі додаға жаңаша шырай кіргізген. Бүркіті ғана емес құмай тазысы да мерейін үстем қылған Арман Қошқаровтың Атыраудан алып келген еңбегін ақтап бас жүлдені иеленді.
«Биылғы пандемияға байланысты кішігірім өткенімен келесі жылы үлкен фестивал түрінде өткіземіз деген жоспарымызда бар. Былтырғы жылы Моңғолия, Қытай, Қырғыз елдерінен келіп жарысқа қатысқан бүркітшілер, тамашалаған көрермендер болды»- дейді Алматы облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.
Дегенімен жыл да қатып қалған сценариимен жүретін жарыстан шаршай бастағандаймыз. Осы іс шара өткізіледі дегеннен бастап хабарласқан БАҚ өкілдерінде қызғушылық жоқ... Ұлттық болмысмыздың тарихын аз көрініспен сипаттап беретін доданы жазып халыққа жеткізудің өзі құсбегілік өнерін халықтың жете тануына жол ашады емеспе? Осы сұрақтың жауабын іздеп біраз жыл құсбегілікпен айналасып жүрген Руслан Абыл бауырымыздан сұраған едік.
«Дұрыс айтасыз жылда бір сценарий қайталанды, мүмкін жаңа заманауи кератив жетіспейтін шығар. Жаңа техногияларды көбірек енгізу керек шығар. Алмания (Германия) елінде құсбегілікпен айналасқан адамдар саны он мыңнан асады. Әрқайсында ютуб каналы бар, қызғушылықтар мол»- деді, Руслан. Расымен бір шақырымға жуық жердегі дайын түлкінің артында жүрген бүркіттің әркетін біз тұрғай төрешілердің өздері анық көрді деп айта алмайсыз. Лед экрандардың келетін уақыты болды... Әлбетте 1998 жылдан бастап ұмытылып кеткен ұлттық өнерді қайта тірілткен жыл сайын сонар ұйымдастырып келе жатқан, Бағдат Мүптекенің зор еңбегін жоққа шығара алмаймыз, былтырғы жылы Хантәңірі етегінде Лабасы тауындағы қансонар рас өз мәресімен асып түскен жоба болғанды, қансонардан кейін алау жағылып, кешкісін ауыл сахнасында өнерлі бүркітшілер жыр термелерінен ән күйлерінен ауыл халқына шашу шашқанды. Биылғы жылдың шектеулеріне қарамай биыл да аз ғана топпен ұлттық дәстүрмізді жаңғыртқанына қуанышты кейіппен, келесі жылға зор үміт арттық..
Аида Кожмамбетова