Осыдан тура бір жыл бұрын бетперде тағу, қолды жиі жуу, адамдар арасында қашықтық сақтау күнделікті әдетке айналады десе, көпшілігіміз сенбес едік. Бірақ әлемнің дегбірін қашырған коронавирус адамдарды осындай дағдыға бейімдеді. Дәл осы әдеттердің арқасында ғана қатерлі дерттің алдын алуға болатынын көрсетті. Әу баста Қытайдан шыққан індет туралы және оның салдары қандай болатынын тек теледидардан көрдік. Түрлі басылымдардан оқыдық. Сол кезде бұл ауру біздің елді айналып өтетіндей көрінген еді.
Алайда төрт күл дүниені жайлаған пандемия Батыстағы медицинасы озық, ғылым мен ілімнің алдыңғы қатарында тұрған елдердің өздерін шырғалаңға салды. Көп ұзамай бұл індет бізге де жетті. Билік: «Қатерлі індетке қарсы тұруға дайынбыз», – деді. Алайда инфекция біз ойлағаннан әлдеқайда мықты екенін аңғартты.
Мамандық бойынша оқылатын семинар сабақтарында осы осы індет салдарынан қолданысқа енген сөздер легін қарастырған едік. дүниежүзі бойынша активті өте жиі қолданылатын сөздердің легін Коронавирус, ковид –19, карантин сөздері алады екен.
Бұл қазір баспасөзде де, ақпараттық құралдардарының іздеу жүйелерінде көш бастап тұрған кілт сөздер. Дәл осы үш сөз біздің өмірімізге қалай әсер еткенін біліп, көріп жүрсіздер. Ал, Әлем қандай жағдайда? Басқа елдерде не боп жатыр?
Біз бұл тақырыпты баспасөз беттері арқылы тарқатып айтатын болсақ, төмендегідей сөздер мен сөз тіркестерін өте жиі кездесетініне көз жеткізіп отырмыз:
Локдаун, Zoom, қазіргі ахуал, індет, эпедемия, темір тәртіп, ерекше ережелер, супер тест, елдің дамуын цифрландыру, медицина қызметкерлері қажет, санитарлық талаптар, елдердің статистикасы, дерттің өршіп кетуінің басты себебі, айыппұл, емделіп жатқандар, дүкендерінің жағдайы, әлеуметтік көмек; маска, маскасыз жүрмеу, көшеге шығуға болмайды, роботтар мен дрондар басты, көшеге шығуға тыйым салынған, аурулар саны, вируспен күресу, пандемия кезіндегі сақтық шаралары, «Біз біргеміз!» жобасы. Сонымен қатар, осы аталған кейбір сөздердің мағыналарына мән беретін болсақ:
Короноид – бұл коронавирустың белгілері мен белгілерін көруге бейім жаңа ауруға бейім. «Параноид» және «коронавирус» сөздерінің симбиозы.
Коронаскептиктер – бұл адамдар, керісінше, аурудың бар екеніне сенбейді.
Ковидник –коронавирус жұқтырған адам.
Ковид-бумеры – коронавирустық індет кезінде туылған балаларды осылай атайды. Бұл сөз «baby boomer» ұқсас түрде қалыптасады.
Ковидео кеші (сovideo party) – ZOOM, Skype, Google meet және басқа бағдарламалар арқылы онлайн кездесу, Tengrinews.kz.
Карантикулы – Қазақстанда балалар үшін карантинге байланысты жарияланған демалыс осылай аталды.
Карантим – (quarantine + team) сіз карантин кезінде бірге тұратын немесе бірге жұмыс істейтін команда.
Қорыта келгенде, медициналық сөздіктерде осы аталған медициналық терминдер орын алған. Бүгінгі күні коронавирус, ковид –19, карантин кілт сөздеріне қатысты медициналық терминдердің қазақша баламалары да ұтымды аударылып жүр. Мысалы: пандемия – індет, антисептик – залалсыздару сұйықтығы, локдаун – «бұғаттау, қамау», «қатаң әрі күшпен орнатылған изоляция» т.б.
Қазақ тілінде медицина терминологиясын қалыптастырумен шұғылданып жүрген мамандар медициналық терминдерді аударуда да бірегей жұмыс жүргізуі тиіс.
Рустембек Аружан
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
«Шетел филологиясы» мамандығы, 4 курс студенті