Алматы облысында Алматы облыстық туризм басқармасының қолдауымен " Жаңа Жібек жолы ізімен" атты ақпараттық тур өтті. Турға қатысушылар бірқатар БАҚ өкілдері, мен облыс аудандардан келген туризм басқармаларының мамандары, сондай ақ әр қаладан келген тур фирмалардың өкілдері қатысты. Орта ғасырларда Шығыс Азия мен Жерорта теңізін жалғаған керуен жолы ежелгі Қаза жерін де айналып өтпеген. Жамбыл облысынан бастау алған шара Жібек жолымен танысып қана қоймай, тарихи мәдени өлкелерді тани түсуге де куә болады. Алматы облысындағы тур 3 күнге созылды.
Табиғаты ерен Тамғалы
Бірінші күнді табиғаты тамылжыған Жамбыл ауданынан бастадық. Тамғалы Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі, 2004 жылдан бері ЮНЕСКО қорғауында. Тамғалы шатқалы Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жерде орналасқан. Тамғалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан. Бүгінде көптеген тур операторлар арнайы дәл осы тамғалы таңбасына арнап тур ұйымдастырып жүр. Бұл жердегі ғажайыптар, ежелгі будда құдайларының мүсінін, отқа табынған тайпалармен, Ұмай ананың тасқа қашалған бейнелерін көруге болады.
Жазиралы Жаркент қаласында
Екінші тоқтаған нүкте Жаркент қаласы болды, енді Алматы облысының Панфилов ауданы орталғы Жаркент туралы аз білгенімізді ортаға салсақ. Жаркент қаласы жеті өзен, жеті арасан, жеті көл мен жеті таудың арасында орналасқан. Оны кейде Құлжа қақпасын күзеткен Жаркент деп те атайды. Жаркент Алматы қаласынан 345 шақырым жерде тұр. Жаркент орта ғасырлық қалалардың бірі саналады, қалада орта ғасырлық қытай сәулетімен салынған мешіт Жаркент қаласының шырайы десекте болады. 1887 жылы салынған бұл мешіттің ерекшелігі- ағаштары бір шегесіз қиыстырылған.Бұл мешітті өзінің сәулеті жағынан ерекше өнер туындысы деуге болады. Оны саудагер Уәлібай Юлдашев деген кісі Қытайдан Юнь-Пинь деген сәулетшіні арнайы алдыртып, Кетпен тауларынан Тянь- Шань қарағайынан таңдап кесіп,150-200 шақырым жерден өгізбен,түйемен тасып,Уәлібай мешітін жасаған екен. Дәл Қытай шекарасына тиіп тұрған соң ба бұл жердегі базар бағасы төмендеу, бірақ жұмыссыздық бар сияқты.
Көлсайда жылдың төрт мезгілінде де турист үзілмейді
Қазақстан да 12 ұлттық парк болса соның бесеуі Алматы облысында орналасқан. Үшінші нысан Көлсай көлдері ұлттық паркінің аумағына кіретін үлкен Көлсай көлі болды. Тур фирма қызметкерлерінен өзге басқа өңірлерден келушілер Көлсайдың сұлулығына тамсана қарап, саф ауасын кере жұтысты. Көлсай жылдың төрт мезгілінде де адам қарасы үзілмейтін Қазақстандағы ерекше жерлерінің бірі. Жан-жағын қарағайлы тау қоршап тұрған Көлсай эко туризм бағытында дамып келеді, десек те бүгінде жан-жағына құрлыстар жүріп, қонақ үй, асхана тб салына бастаған. Қайыңды бағытына жол салына бастайды десе де, қазіргі уақытта жергілікті ауыл тұрғындарының уазиктерімен қатынас жүріп жатыр. Алайда дәл Қайыңдының түбіне апармайды, көлеңкелі бизнестің бұл жерде де дәурені жүріп тұр. Орта жолдан түсіріп кеткен соң, ары қарайғы жолды жаяулап немесе жалға берілетін атпен жетуге болады. Аттың иесі атын бес мыңға апарып әкелуге береді. Ауылдан әкелген уазикке 2 мың теңгені қосымша жету үшін атпен баруға 5 мыңды барлығы 7 мыңды жәй ғана Қайыңды көлін 20-30 минут аралауға жұмсайсыз. Сондықтан болар туристердің көпшілігі Көлсайдан кейін Шарынға соғып, Қайыңдыны көрмей қайтады
Еркебұлан Аймұратұлы "Аймұратұлы" тур фирма директоры: Көлсай, Шарын, Қайыңды бағыттарына айына егер, ауа райы жақсы болып тұрса 30-60 адамға дейін әкелеміз. Жыл мезгілдеріне байланысты, бізге көбіне мына батыс жақтан хабарласып, бізбен саяхттайды. Болашақта осы облыс тұрғындарына Ақтөбе жаққа саяхат турларын ұйымдастырсақ деп жүрміз.
Бағаны кім реттейді?
Айта кетерлік бір жайтты жазбасқа болмады, ол бағаның ретсіздігі. Көлсай бағытына келгендер, кем дегенде бір күн әйтпесе екі күн аялдауды жөн көреді. Саты ауылында мысалы адам басына 8 мыңнан жоғары, қоналқы кешкі және таңғы асты мойындарына алатын үйлер мол. Жаз айларында адам көп болғандықтан, бағасы көтеріліп кетеді екен. Алайда бағаны реттеп отырғандар өкінішке орай жоқ. Нақты тіркелген тіркелмегені белгісіз өкіметке салық төлейтіні де жоқ емес, бәсекелестік ұсақ кәсіпкерлікті дамыту дегенді желеу етіп, ойына келген бағаны қою қаншалықты дұрыс. "Жаз айларының бірі болатын"- деп бастады келген тур фирма өкілдерінің бірі. "Көлсай бағытын аралап біткен соң, ертесі Қайыңды болды. Қонуға үйлер жетіспей даладағы палаткалардың бірімен келіскен болатынбыз. Түн ортасы ауа жаңбыр жауып кетті. Бәрімізді оятып алған палатка иесі, бағаның өскенін ескертті. 24 мыңнан 60 мыңға өскен.. Себебі жаңбыр құйып тұрғанда палатка қымбатқа өтеді екен, сонымен келісе алмай өз автобусымызға барып жаттық".
Аида Кожмамбетова