Қазақстандықтар жеткізу қызметі арқылы неге тапсырыс береді?

7671fa3ff4925340267d3d75f0a026bf.jpg


Қазақстандықтар жеткізу қызметі арқылы неге тапсырыс береді? Жылдың ең ерекше және ең танымал тапсырыстары


Glovo өзі қызмет көрсететін 25 ел бойынша деректер талдамасын жариялады

Қазақстан тәттіні жақсы көретін ТОП-10 елдің қатарына енді

20 миллион шақырым – 2021 жылғы жеткізу бағыттарының жалпы ұзақтығы

Тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік 


Әлемнің жиырма бес елінде қызмет көрсететін Glovo компаниясы пайдаланушылардың тапсырыстарының саны, қалаулары және географиясы бойынша қызықты мәліметтермен бөлісті.


Сонымен, бір жыл ішінде компания жаңа тоғыз елге экспансия жасады, олардың қатарында Африка елдері бар. Жаңа елдер: Босния, Черногория, Болгария, Словения, Армения, Беларусь, Нигерия, Андорра, жақында Тунис те енеді. 


Қазақстанда платформаға 11 қала және бес мыңнан астам курьер қосылған. 2021 жыл ішінде курьерлер түрлі заттарды жеткізу үшін жиырма миллион шақырымға жуық жолды жүріп өткен. Жыл ішіндегі ең өзгеше тапсырыстардың тізіміне «қоқыс шығару», «домофонды басып, жұмысқа ояту» секілді өтініштер кірген.


Қазақстандықтардың қалаулары туралы айтатын болсақ, тапсырыстардың танымалдығы бойынша бірінші орында сиыр етінен жасалған чизбургер тұр. Оның ішінде, 31 желтоқсан күні жаңа жылдық дастарханға Пепперони пиццасына ең көп тапсырыс берілген. Сонымен бірге Қазақстан тәттіні жақсы көретін ТОП-10 елдің қатарына енді, еліміздің тұрғындарының ең сүйікті тәттісі вафли болып шықты.

Жалпы, компания 2021 жылы тапсырыстар саны өскенін айтады. Осы ретте жыл ішінде 3207 тапсырыс берген пайдаланушы тапсырыстар саны бойынша қайта рекорд соққан. Қазақстанда Glovo қолданбасын екі миллионнан астам адам жүктеген. Дегенмен, Қазақстандағы Glovo бас менеджері Богуспаев Каримнің айтуы бойынша, Қазақстандағы  e-commerce деңгейінің жылдам өсіміне қарамастан, жеткізу қызметін пайдаланатын халықтың саны небары 2%-ды құрайды.


Тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік:

2021 жылы компания әлемдегі әлеуметтік қажеттіліктерге төрт жүз мың түскі ас жеткізіп берді және екі жүз килограмнан артық азық-түлік үнемдеді. Бұл Glovo қызмет көрсететін он бес елдегі әлеуметтік жобалардың арқасында жүзеге асты.


Осы жылы бүкіл тізбек бойынша көміртекті бейтараптық бойынша мақсатына жеткенін мәлімдеді. Glovo компаниясы құрамында көміртек бар шығарындыларды толықтай бейтараптандыру үшін  экологияға зиян әкелетін ораманы қолдануды және азықтық қалдықтар санын азайтты. Бұл атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың айтарлықтай азаюына алып келді. Бұған қоса, қызмет біртіндеп электр көлік құралдарына көшіп келеді, 2020 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғанда компания паркіндегі электр көліктердің пайызы 2,24%-ға өсті.


Компанияның әлем бойынша жоспарында – курьерлерге арналған экологиялық көлік құралдары паркін құру бар, оның 67%-дан астамы іштен жанатын қозғалтқышы жоқ көлік құралдары болмақ. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш Қырғызстанда, Италияда, Украинада, Қазақстанда және Испанияда 40% орындалған. Қызметке қосылған 25 ел ішінде Қырғызстан «жасыл» елдер тізімінің басында тұр. 


Қазақстандағы Glovo бас менеджері Богуспаев Карим: «Үстіміздегі жылы Glovo қызметі Қазақстанда жұмыс істегеніне үш жыл толды. Екі жыл ішінде Қазақстанда үш миллион еуроға жуық қаражат жұмсалды. Glovo компаниясы осында келіп, гиг-экономика түсінігін нығайтты, ал бүгінгі таңда біз платформалар экономикасы туралы айтып отырмыз. Осы жылы Glovo платформаға қосылған курьерлердің қызмет жағдайын жақсартуға бағытталған бастама, яғни бәсекеге қабілетті төлем, серіктес курьерлер өз ісін бастауға арналған және болашақта оларға қажет болатын басқа да білім ала алатын «Курьерлерге арналған трамплин» ғаламдық бастамасы аясында оқыту курстарын қамтыған – «Курьерлер алдындағы міндеттемелерді» бүкіл ғаламға жариялады.  Міндеттемелер толыққанды жүзеге асырылып жатыр. Оған қоса, біз ай сайын қауіпсіздік бойынша тренингтер өткіземіз».


Қазіргі уақытта Glovo қызметінде платформаға қосылған бес мыңнан астам курьер бар, олардың 40%-ы Қазақстанның түрлі өңірлерінде тұрады. Glovo платформасы олар үшін жеке – негізгі немесе қосымша табыс табу құралы болып табылады. 



Ұқсас тақырыптар