Өкпеңіз жеңіл болсын!

santo-0001.jpg


Алматы қаласында SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе» деген атаумен блогерлер мен журналистерге арналған іс-шара ұйымдастырды. Кездесу халықты кеңінен етек жайған маусымдық ауруларды емдеу мен дәрі-дәрмек терапиясының өзекті мәселелері туралы хабардар ету мақсатында өтеді. Бұл жолы тыныс алу органдарының жөтелмен бірге көрініс табатын аурулары, осы бір адамның мазасын қашыратын симптомның пайда болу себептері жайында сөз болды. «Жеңіл өкпе» тақырыбындағы презентациясымен жоғары санатты аллерголог-иммунолог (балалар және ересектер дәрігері), Алматы қаласының бас аллергологы, м.ғ.д., профессор Таир Темырланович Нурпеисов сөз сөйледі.

santo-0114.jpg


Жөтел ең көп ұшырасатын симптомдардың бірі екені мәлім, ол тыныс алу, ас қорыту органдарының әртүрлі аурулары кезінде, онкология, туберкулез кезінде байқалуы мүмкін. Статистикалық деректер бойынша, ғаламшардың жалпы популяциясының 10–20 %-ы созылмалы жөтелден шаршағанын айтып шағымданады. Бір қызығы, тек Жапония тұрғындарына ғана тән жөтел түрі де бар екен. Таир Темырлановичтің айтуынша, жөтел – табиғи рефлекторлық құбылыс, ол тыныс алу жолдарының шырышты қабаты әртүрлі заттектердің буларынан немесе бөгде денелерден тіріткенген кезде пайда болады. Симптом қорғаныс реакция ретінде басталады, жөтелген кезде тыныс алу жолдары қалыпты тыныс алу үшін, қақырықты немесе шаңды сыртқа шығарады. Алайда, ұзаққа созылған жөтел, көп мөлшердегі қақырық, оның түсінің өзгеруі, қақырықта қанның пайда болуы – ауыр дерттің белгілері болып табылады. Жөтел қатты әлсіздік, бас айналу, құсу, несепті ұстай алмау, кеуденің ауыруы немесе жайсыздануы сияқты асқынуларға апарып соқтыруы мүмкін.


Доктор Нурпеисов жөтелдің түрлері, пайда болу факторлары мен себептері туралы, тыныс алу органдарының осы симптомға ие көп кездесететін аурулары, оның балалардағы көріну ерекшеліктері, бронхиттің, пневмонияның белгілері туралы айтып берді. Өз баяндамасында ол жөтел тудыратын қабыну ауруларын емдеуде қолдану ережелерін қатаң сақтауды талап ететін дәрі-дәрмектерге баса назар аударды. Атап айтқанда, муколитиктердің (бромгексин, амброксол, ацетилцистеин және карбоцистеин) ерекшеліктері, олардың жөтелге қарсы, қақырық түсіретін препараттардан айырмашылығы сөз болды. Амброксол – қақырықты қатты түсіретін жоғары муколитикалық тиімділікке ие. Амброксол препаратының дәрілік түрлерінің көптігі оны педиатрияда, оның ішінде жаңа туған сәбилерде белсенді пайдалануға мүмкіндік береді. Препарат антибиотиктердің бронх сөліндегі концентрациясын жоғарылатады, бұл аталмыш препараттың қабынуға қарсы әсерін одан сайын күшейтеді. Сондай-ақ, дәрігер амброксолдың әртүрлі формалары бар екенін атап өтті. Мәселен, SANTO компаниясы препаратты сироп, таблетка, инъекцияға және ингаляцияға арналған ерітінді түрінде шығарады.



Ұқсас тақырыптар