Алматыда студенттер атом энергиясының тиімділігін талқылады

WhatsApp Image 2022-12-12 at 17.20.36 (2).jpeg


Бүкіл дамыған әлем атом энергиясына иек артып отыр. Бұл ретте үрейге бой алдыру орынсыз. Дегенмен, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын табанды түрде жүргізу қажет деген Президентіміз. Қазіргі кезде еліміздің энергия жүйесі көмір, газ және су электр станцияларына тәуелді. Сондай-ақ, 3 пайыздық жаңартылатын энергия көзі бар. Бірер жылда тапшылық байқалуы мүмкін.

WhatsApp Image 2022-12-12 at 17.20.37.jpeg


Осыған орай, Алматыда Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде жастар арасында «Бейбіт атом – қуатты энергия» тақырыбында дебат турнирі өтті. Шараға қатысқан Алматыдағы жоғары оқу орындарынан қатысқан 60-қа жуық команда атом энергетикасын дамытудың тиімді жолдары мен Атом Электр Стансасының артықшылықтарына тоқталып, өз идеяларын ұсынды. Дебат турнирінде техникалық мамандық студенттерімен қатар, гуманитарлық, әлеуметтік, әскери саланың да студенттері қатысты. 


Турнирге қатысып, үздік шыққан командаларға «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС тарапынан кубоктар мен ақшалай сыйлық ұсынылды. Қазақстандық атом электр станциялары мамандарының сөзінше, мұндай шараны ұйымдастырудағы мақсат - атом энергиясын дамытудың жан-жақты тетіктерін қарастыру. Пікірталасқа болашақ энергетиктер, физиктермен қатар, түрлі салада білім алып жатқан жастар қатысты.

6.jpeg


Нұржан Өмірхан, дебатқа қатысушы:

Қазіргі таңда экологиялық жағдай 2060 жылға келісіліп отырған Париж келісімі бойынша бейтараптық көмірқышқыл газы бойынша болып табылады. Яғни, біз экологияны қорғаймыз. Энергетикалық жағдайдың жақсарғанын қалаймыз. Сонымен қатар, әлімдік аренада энергетикалық тәуелсіз мемлекет ретінде, өзімізді Қазақстан ретінде көрсеткенін қалаймыз.

5.jpeg


Асуан Сиябеков, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас менеджері:

Қазақстан қарастырып жатқан реакторлар бұлар 3+ буынды реакторлар қатарына жатады. Яғни ол Фукусима, Чернобыльдағы кейінгі апаттарды ескеріп жасалған құрылғы, реакторлар болып саналады. Яғни бұл жерде апат болу қаупі 10 млн жылда бір рет. Яғни, реактор 10 млн жыл жұмыс істемейді ғой. Реактордың жұмыс істеу уақыты – 60 жыл.

4.jpeg


Қараша айының 26-27 күндері өткен дубат турнирінің нәтижесінде:

 АПФ жеңімпаздары: 

1-орын: Тұран университеті (Sirius DC)

"2пик" фракциясы:

Бозымбекова Аружан

Еділбаев Ернар

3.jpeg


2-орын: Satbayev University (Технократ ДК)

"Идеалды нүкте" фракциясы 

Абылғазы Нұртолды

Кабдрахманов Алибек


2.jpeg

3- орын: Нархоз университеті (ТЭО ДК)

"Абдукаримова Арайлым" фракциясы 

Есенов Темірлан

Сералиева Адема

1.jpeg


4-орын: АТУ (Жастар ИПК)

"Зухра Шариповна" фракциясы 

Ділдабек Ербол

Қаржаубайұлы Есенбек


ЛД жеңімпаздары: 

Ең үздік спикер: Есенов Темірлан (Нархоз, ТЭО ДК)

Үздік спикер: Сералиева Адема (Нархоз, ТЭО ДК. 

WhatsApp Image 2022-12-12 at 17.20.34.jpeg

WhatsApp Image 2022-12-12 at 17.20.33.jpeg



Ұқсас тақырыптар