Сахнада - "Ақ кеме"

WhatsApp Image 2023-01-11 at 16.42.20.jpeg

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Шыңғыс Айтматовтың қаламынан туған «Ақ кеме» қойылымының сахналанды. «Адамзаттың Айтматовы» теңеуі тегін телінбеген автордың әрбір шығармасы өміршең тақырыптармен өрілген. Әлем әдебиетінің классигіне айналған жазушының аталмыш повесінде бала қиялы мен өткір шындық өзара сынға түседі. 

Ш.Айтматовтың шығармашылығымен кеңінен таныс режиссер Дина Жұмабаева «Ақ кеме» спектакліне өзгеше бағыт, ерекше көзқарас танытқанын аңғару оңай. Повестте баяндалған Бұғы ана бейнесіне спектакльде жан бітіп, аңызға шындық ретінде қарауға көркем түрде үндейді. Бала қиялындағы кеме повесте үлкен мәнге ие екенін ескерсек, спектакльде үлкен басымдылыққа ие болуы маңызды. Спектакльдың суретшісі - Лилия Хисматулина мен хореограф – Анна Цой.

Ана құшағына жарымай, әкеге деген сағыныштың соңында кете барған алты жасар баланың тағдыры кімді де болса селт еткізері анық. Сол кезеңдегі әлдінің әлсізге қиянаты, адамдың аңды азғындауы, ананың сәби иісін аңсауы сынды мәселелер қойылымның айтар ойының бір бөлігі ғана. Тереңіне үңілсек, астарында ата-бабалар шежіресін білу, аманатқа қиянат етпеу және ұрпақ сабақтастығы түсінігі жатыр. Сәби кезінен әке-ана махаббатынан мақрұм қалған кішкентай баланың ішкі жан сыры және оның тағдырындағы кейіпкерлер арқылы берілетін түрлі сезімдер жан дүниені бойлап, бір сәтке өзге әлемге әкете жөнеледі. Адам баласының сана түйсігіне әсер етіп, көптеген құндылықтарға көзқарасты қалыптастыратын бірден бір психологиялық траги-әфсана жанрындағы спектаклінен қапы қалмаңыз. Шығарма кейіпкерлерін сомдаушылар - ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлжамал Қазақбаева, Қадырғазы Қуандықов және «Серпер»  жастар сыйлығының лауреаты Әсет Иманғали, сонымен қатар, бүгінгі таңда қазақ өнерінің дамуына зор үлесін қосып жүрген Гүлбахрам Байбосынова,  Анар Әділова, Жанар Мақашева сынды талант иелері бой көрсетеді. 

WhatsApp Image 2023-01-11 at 16.42.19.jpeg

Ұқсас тақырыптар