Зілзала: Алматының 30 пайызы қирап қалуы мүмкін!

Түркия мен Сирия жерінде болған жойқын зілзала әлем назарын аударды. Айтып келмейтін апаттан көз жұмғандар саны күннен-күнге көбейіп жатыр. Қирандылар астынан тірі де, өлі де табылып жатқандар толассыз. Бұл Түркияның экономикасына орасан зор зиянын тигізгені айтпаса да түсінікті. Ендеше бірталай жері сейсмикалық аймаққа кіретін Қазақстанның да оқиғадан сабақ алып, ойланатын жайы бар.

tUy1KIce.jpg

Осы уақытқа дейін Алматы қаласында 3 дүркін өте қауіпті жер сілкінісі болған. Алғашқысы 1987 жылғы 7 балдық жер сілкінісі. Сол кезде 3000 мыңға жуық үй жермен-жексен болған, 300-дей адам қаза тауып, 800 адам жарақат алған. Екі жылдан кейін тағы да қайталанған зілзаланың күші 8 балға жеткен. Бұл тарихта «Шелек қасіреті» деп аталып кетті. Ал 1911 жылы 4 қаңтарда Кемеровода алапат жер сілкінісі болды. Орталық Азиядағы ең ірі зілзаланың күші 8 балға жетіп, 700 қала ғимаратының тас-талқаны шығып, 50 адам қайтыс болды, 100-ге жуығы жарақаттанды. Ғалымдардың айтуынша жойқын жер сілкіністері 100-140 жылда қайталанып отырады екен. Дәл қазір Алматы сол кезеңге тап келіп отыр.

1200xauto_uYO7YSeLqYPJh28XLeBkNCx0GydJxBP5xVtMtx5P.jpg


Сейсмологтардың пікірінше, Алматыда 8 балдық жер сілкінісі болған жағдайда қала халқының 0,5 пайызы, магнитудасы 9 балға жеткен зілзалада 5 пайызы қайтыс болуы мүмкін екен. Бұл дегеніміз 100 мың адамды құрайды. Ал 400 мың адам зардап шегуі мүмкін. Сарапшылар қаланың экономикалық шығыны 200 миллиардты құрайды, тіпті одан көп болуы да мүмкін дегенді айтады.


2025 жылға дейінгі Алматыны дамытудың бағдарламасы дайындалған. Оған 1 трлн-нан астам бюджет қаржысын жұмсайды. Қаражат қаланың әлеуметтік әл-ауқатын дамытуға арналған десе де, мұнда жер сілкінісіне дайындыққа көңіл бөілнбеген. Мектептер, ауруханалар, үйлерге сейсмикалық аудит жүргізетін уақыт жетті. Адамға ең бірінші керекті азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген қоймалар салынуы тиіс. Өзге елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жер сілкінісінен кейінгі алғашқы аптада адамдар ешкімнің көмегінсіз өзі өмір сүруіне тура келеді. Сондықтан қалада зілзаладан кейін тірі қалуға мүмкіндік беретін инфроструктура жасалуы керек. Үйінді астында қалғандар өздігінен шығу үшін құрал-саймандар сақталған қоймалар болуы керек. Бұл қаншама адамның өмірін сақтап қалар еді. Бірақ біздің шенеуніктердің осы уақытқа дейін атқарған ісі – Қырғызстанмен байланыста жұмыс істейтін 28 сейсмостанцияны салу болды. Жер сілкінісі болардың алдында Қырғызстаннан тезірек хабар келеді деген уәжбен орындалған. Бірақ зілзаланың тура уақытын анықтап бере алатын құрал әлемде жоқ.


Түркияның мысалы түркі болды ма екен, бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев биылғы жылдың екінші жартысынан бастап Алматыда сейсмикалық аудит жүргізілетінін айтты.


«Жалпы Алматы тектоникалық жарықтардың үстінде орналасқан. Қазақстандық сейсмологтар қалада 5 ірі тектоникалық жарық бар дейді. Сондықтан кейбір аудандарда 9 қабаттан артық үй салуға болмайды. Бірақ бұл ереже қаншалықты сақталып келеді? Шаһарда мемлекеттік бағдарламалармен берілетін арзан көпқабатты үйлердің көптігіне қарап, ереженің сақталып жатқанына күмін туады. Былтыр ғана төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда 7-8 балдық күші бар жер сілкінісі болса, 30 пайыз ғимараттың қирап қалатынын айтқан болатын. Бұл тіпті оптимистік болжам болып саналады. Ал шындығында бұдан да көп болуы мүмкін», - дейді саясаткер Досым Сәтпаев.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар