Дабыл: Қазақстанда кедейлер көбейіп барады!

Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.


e9fa4a1b5cb00b9b57a7417541a0b7df.jpg


Оның айтуынша, Қазақстанның кейбір өңірлерінде халықтың табысы  40 567 теңге, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды.


Мәулен Әшімбаев ұлттық табысты әділ бөлу екенін айтты.


«Қазақстандықтардың шамамен 5% табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды. Өкінішке орай, 12 өңірде осы санатқа кіретін азаматтардың саны өскен. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және басқа да облыстар»,-деді Әшімбаев.


Сенат спикері Қазақстанда бес миллионға жуық адам өнімділігі төмен жұмыспен қамтылғанын атап өтті. 


«Халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретін шешімдердің бірі – ұсақ және шағын кәсіпкерлікті дамыту. Бүгінде шағын бизнестер ірі қалаларда шоғырланған. Ауылдық жердегі тұрғындардың бизнес жасауға мүмкіндігі аз. Осыған байланысты жағдайды өзгертудің тиімді құралдары мен әдістері қажет»,-деді ол.


2022 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстанда кедейлік деңгейі 5,3% -ды құрады. 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2001 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстанда кедейлік деңгейі 46,7% - дан 5,2% - ға дейін төмендеген.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар