Орталық Азия елдері Мәскеусіз шешім қабылдайды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 28 ақпанда Қазақстанға сапарламақ. Блинкен Орталық Азия елдерінің өкілдерімен С5+1 министрлер деңгейіндегі кездесуге қатысады. Одан кейін Өзбекстанға барып, «Екіжақты аймақтық мәселелер бойынша әріптестікті одан әрі дамыту» туралы келіссөздер жүргізеді.


blinken.jpg


АҚШ Мемлекеттік департаменті қазірдің өзінде «С5+1» кездесуі экономикалық, энергетикалық және экологиялық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ АҚШ, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға арналады» деп мәлімдеді.


АҚШ Орталық Азия елдерінің Ресейге қатысты ұстанымына күмән келтіретінін жасырмады.


«Біз бірінші кезекте аймақ мемлекеттерінің Ресейге қарсы санкцияларды сақтауына тоқталамыз. Олардың барлығы елдерінің санкцияларды айналып өтетін аумаққа айналмайтынын бірнеше рет мәлімдеді. Бірақ Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Орталық Азияның республикалары Мәскеумен сауда-саттықты күрт өсірді»,-деп жазды мәлімдемесінде.


Бұл «экономикалық кереметтің» бір ғана түсіндірмесі болуы мүмкін: ол – параллельді импорт, яғни Ресей тарапына сатуға тыйым салынған тауарларды Орталық Азия мемлекеттері арқылы Ресейге жеткізу.


Мұнда «Беларусь кереметі» қайталанып жатыр. 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін, оған санкциялар салынды. Сол кезде Белорусте кенеттен цитрус жемістері мен ананастар, «жергілікті» лосось, форель, асшаяндар экспортқа көптеп шығарылды.


Дегенмен қазір өзінің империялық амбициясының кесірінен Мәскеудің Орталық Азия елдерінен алшақтап бара жатқанын ескерсек, аймақ мемлекеттері АҚШ сыртқы ойыншылардың ұсыныстарын бұрынғыдан да жақсы қабылдайды.


Мәскеу таяуда уысынан шығып бара жатқан Орталық Азия елдерін «өзімісініп» АҚШ-тан «абай болуды» ескерткен. Бірақ аймақ елдері бүгінде Мәскеуден кеңес күтпей-ақ, кіммен диалог жүргізу керектігін өзі шешуге әбден қабілетті.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар