Орталық Азия: «Бауырлар» су үшін соғыса ма?

Орталық Азия елдері бойынша басты мәселенің бірі су қатынастарын тиімді реттеу болып отыр. Аймақтағы су ресурсы табиғи ерекшелік пен географиялық орналасуға байланысты тиімді бөлінбеген. Бес елдің екеуінде су жетерлік, олар Қырғызстан мен Тәжікстан. Аталмыш елдер суды саяси саудаға да, экономикалық бопсаға да салуда. Қазақстан, Өзбекстан мен Түркіменстан екі елмен суға қатысты түрлі келісімдер жасауға тырысуда.

еное.jpg

Су көздерін тиімді қолдану үшін ОА елдері арасында түрлі комиссиялар да қалыптасып үлгерді. Алайда аймақ халқының саны артуда, экономика өсуде, сәйкесінше су тұтыну көрсеткіші де өсті. Сол себепті келісімдерді жыл сайын қарастыруға мәжбүр. Жаһандық жылыну үрдісі де мұздықтардың көлемін азайтып, су көздерін сарқылтуда.


Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында ел президенті Тоқаев су мәселесін көтеріп, судың 60 пайызы құмға сіңіп жатқанын айтты. Ауыл шаруашылығында суды тиімді қолдану тетіктерін ұсынды.


Алайда ОА елдері өзара келісімге келуге тырысса да, геосаяси жағдай өзгеруде. Ауғанстан билігін күшпен басып алған тәлібтер ендігі таңда ойын ережесін өзгертуге тырысуда. Ауғанстанның провинцияларын сумен қамтамасыз ету үшін Талибан Әмударияның суының үштен бір бөлігі Ауғанстан жерінде қалатындай етіп канал салмақ. Ұзындығы 285 шақырымға, ал ені 100 метрді құрайтын канал құрылысы алдағы 5 жылда аяқталуы тиіс. Егер жоба сәтті аяқталса, Өзбекстан мен Түркіменстанға келетін су 30 пайызға азаймақ.


Өзбекстан пен Түркіменстан суды пайдалануда дәстүрлі әдіспен ысырапшылдыққа ұрынуда. Бұл ОА бойынша су қатынастарын реттеудің жедел арада жаңа саясатын жасақтауға итермелейді.


Мамандар ОА елдері су сақтау қоймаларын (қар суын жинау технологиясы) арттырып, ауыл шаруашылығында суды аз тұтынатын жаңашылдықтарды көбейтпесе, мемлекеттер арасында су үшін қақтығыс болуы ықтимал деп болжайды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар