Z парад: ТМД - Путинді қолдаушылар клубы ма?

Мәскеудегі Жеңіс парадында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен бірге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысты. 


179523-1_large.jpg


Әлем жұртшылығы Путин Кремльдегі парадта қу тізесін құшақтап отырады деп күткен еді. Бірақ РФ үкіметіндегі халықаралық қатынастарды қадағалайтын вице-премьер Алексей Оверчук Жапаровты аттай қалап шақырғаны және оның бұл шақыртуды қабыл алғаны бұған дейін айтылды. 


5 мамырда Ресей президентінің Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті де парадқа шақыртылғаны хабарланған.  Бірақ Эмомали Рахмон ресми жауап  қатпай отырып алды. 


Өткен айдың соңында Қырғыз президентінің баратынын жарыса жазған ресейлік БАҚ Қазақстанның шақыртудан бас тартқанын айтып, ұлардай шулаған. Бұлай болатын жөні бар, өйткені Ресей билігі Украина жерін соғыс алаңына айналдырғалы бері «Жеңіс парадына» басқа елдің басшылары барған емес. Кремль 2022 жылы мұның себебін: «Бұл дата – мерейтой емес. Дәл осы себепті 2021 жылы да Мәскеуде қонақ болған жоқ», – деп түсіндірген.


Биыл ше, «мерейтой» ма? Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 78 жыл толды. Демек, орыс билігі абыройсыз қалғанын ақтап алу үшін былтыр өтірік айтқан. 


Фашизмді жеңуге бұрын кеңес одағының құрамында болған бүкіл елдің үлесі бар. Дегенмен Путин «Жеңіс парадын» шовинизм шоғын үрлеу құралына айналдырғалы қашан! Бұл жолы да мінберден қылмысын ақтап, әскерін мақтап сөйлейтіні анық. Бұл ғана емес, мысықтай әскерін арыстандай етіп көрсету үшін барын салады. Ал шетел басшыларының осынау бөспе-сөзді тыңдауы – онымен келіскенінен және қолдайтынынан хабар береді. Тіпті, аталмыш парадының тағы бір мақсаты қонақтарға қыр көрсету болуы да мүмкін.



Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар