Ресейдің Украинаға жасап жатқан басқыншылық соғысы әлемдік геосаяси картада айтарлықтай өзгерістер жасауда. Оған Финляндияның НАТО-ға қосылуы мен Швецияның НАТО-ға қосылу процессін жалғастырып жатқанын мысал етсек те жетіп жатыр.
Ресей-Украина соғысы әлем мемлекеттері мен Халықаралық ұйымдарды үш негізгі топқа жіктеді. Олар: Украинаны қолдайтын, оған әскери, материалдық және гуманитарлық көмек қолын созушы мемлекеттер мен Халықаралық ұйымдар. Ресей агрессиясын ашық қолдаған және Ресейге жан-жақты көмек қолын ұсынған мемлекеттер. Және бейтарап позицияны ұстанушылар.
Жапония Ресей агрессиясын қатаң айыптаушы және Украинаға көмек қолын ұсынған мемлекеттер қатарында. Орыс пен Жапонның өзара жер дауы бар. Міне, сол Жапон билігі Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясынан соң, жедел әрекетке көшіп, НАТО-ның Азиядағы алғашқы кеңсесін ашуды ұсынып жатыр екен.
Жапония Сыртқы істер министрі Йосимаса Хаяси: «Шығыс Еуропадағы ахуал Тынық мұхиты аумағына да әсер етпей қоймайды. Сондықтан НАТО-мен әріптестікті жаңа дейгейге жеткізуіміз керек», - деп CNN-ге сұхбат берді.
«Біз қазір Азия аумағындағы НАТО-ның алғашқы кеңсесін ашу жайлы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Келісімге келдік дей алмаймын. Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясынан кейін әлімнен тыныштық кетті. Соның ішінде біздің аумақта та ахуал қиындап барады», - дейді жпон СІМ-і.
Жоғарыда Жпон мен орыстың өзара жер дауы бар дедік. 2021 жылы Жапон үкіметін тізгіндеген премьер-министр Фумио Кисида: «Мен Ресеймен бейбіт келісімге келіп, солтүстік аймақтарымызды, яғни Куриль мәселесін шешу жолында жүйелі жұмыс атқармақпын», - деді Кисида. Ол аумақтық тұтастық мәселесін түбегейлі шешпей, ешқандай бейбіт келісім жайлы айтуға болмайтынын да айтқан еді.
«Біз Ресеймен келіссөзерді жүргізу барысында Жапонияға тиесілі төрт арал бойынша қатаң позицияны ұстанатын боламыз. Бұл мәселе бойынша біздің бағытымыз ешқашан өзгермек емес», - деген Кисида.
Жапония ұзақ жылдар бойы Кунашир, Шикотан, Итуруп және Хабомаи аралдарын қайтару бойынша ұмыстар жүргізіп келеді. Бұл аралдар 1855 жылғы екі ел арасындағы «Сауда трактатына» байланысты Жапонияға тиесілі, Токио сол келісімдерді алға тартуда. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО мен Жапония арасында бейбіт келісім жасалуы тиіс болатын, алайда аралдардың мәселесі оны түбегейлі іске асыруға кедергі болды.
1956 жылы КСРО мен Жапония өзара декларацияға қол қойып, онда Мәскеу төрт аралдың екеуін Жапонияға қайтару мәселесін қарастыратынын айтты. КСРО сол арқылы мәселені толық шешемін деп санады, ал Жапония екі аралдың қайтарылу мәселесін бейбіт келісімге бастайтын бір жол деп қана атап өтті. Мәскеу әлі күнге дейін аралдар Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі және оны талқылау мүмкін емес деп санайды.
2020 жылы Ресей Конституциясын өзгертті. Өзгерген конституцияға сәйкес, Мәскеу өз аумағын өзгеге беру бойынша келісім жүргізе алмайды. Бұл Токио мен Мәскеу арасындағы келіссөздерді жүргізуді қиындатып жіберді. Куриль аралдары бойынша бұрынғы премьер Абэ мен Есихидэ қатаң позиция ұстанған болатын, ал премьер-министр Кисида тіпті қатаң курс ұстанатынын нақты айтты.
Ал кей сарапшылар жақын арада Жапония Тынық мұхит аймағындағы шиеленістерге байланысты НАТО-ның толыққанды мүшесі болуы мүмкін дегенді айтуда.
Mezgil.kz