Юрий Ильин Абай облысында алапат орман өрттері болып жатқан тұста Төтенше жағдайлар министрі министрі қызметінен босатылды. Алайда Ақорда Жарлығында ендігі экс-министрдің нақты Абай облысындағы өртке байланысты қызметтені алынғаны жазылмаған.
Қазір өртті сөндіру жұмыстары үш учаскеде жалғасып жатыр. Өрт кезінде үш орманшы қаза тапты.
55 жастағы Ильин бұл лауазымға 2020 жылы қыркүйек айында келген. Оған дейін 2016 жылы Ішкі істер вице – министрі болды, ал одан ертерек-2015 жылы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген.
Биыл 4 сәуірде Қазақстан ТЖ министрі болып қайта тағайындалған болатын.
Юрий Ильиннің тұсында Қазақстанда ірі орман өрттері толастаған жоқ. Биылдың өзінде елде 122 орман өрті тіркелген.
«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, биылғы жылы жалпы ауданы 19,8 мың гектардан асатын 122 орман өрті тіркелді, оның ішінде 1,3 мың гектары орманды дала (6,6%). Өрттер негізінен қамыспен көмкерілген сулы - батпақты жерлерде болды», - дейді экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова.
Сәуір айында Төтенше жағдайлар министрлігі 2023 жылы Қазақстанда өрт қаупінің жоғары екенін хабарлаған.
«Табиғи өрттердің шығуының негізгі себептерінің бірі – жауын-шашынның тапшылығы және 2022 жылмен салыстырғанда орташа тәуліктік температураның жоғарылауы. Ағымдағы жылы өрт қаупі жоғары. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша алдағы уақытта температура орта есеппен +25 градусқа көтеріледі, ал республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөлігінде температураның +30 дейін жоғарылауымен қоса, құрғақшылық, жауын-шашын тапшылығы болмақ. Мұның орман өрті қаупін едәуір арттырады», - деген болатын.
Ал былтыр қыркүйек айының басынан бастап Қазақстанның бірнеше облысында ірі өрт болды. Қарағанды даласында бір демде 17 өрт шығып, өшірілді. Түркістан облысын ірі дала өрті болды, Алматының тау бөктеріндегі қураған шөптер өртенді. Осылардың ішінде ең ірі өрт – Қостанай облысының Арманқарағай орман алқабының өртенуі. Былтыр 2-7 қыркүйек аралығында 43 мың гектар орман өртеніп кеткен. Ауқымды өрттің салдарынан облыстың бес ауылынан 1800-ден астам адам эвакуацияланды, аймақта төтенше жағдай режимі жарияланды.
Сол кезде Қостанай облысына Президент Тоқаев барып, апаттан зардап шеккен адамдармен кездесті. Оларға жаңа баспана беруге және Арманқарағай орманының өртену себебін анықтауға уәде берді.
ТЖМ орман мен дала өрттері көп жағдайда құрғақшылық пен ыстық ауа райынан туындайтынын алға тартады, дегенмен адами фактордың барын да жасырмайды.
Кейінгі жылдары тілсіз жаудың көбейіп кеткені жасырын емес. Бір уақытта Қазақстанның бірнеге өңірінде ірі өрт тұтанып жатады. Бұл халық арасында әртүрлі нұсқалардың таралуына, жалған ақпараттың таралуына әсер етіп отыр.
Көптеген сарапшылардың пікірінше, өрттің көбеюіне бір себеп: ТЖМ қызметкерлерінің жалақыларын өсіру, материалдық-техникалық ережелерді күшейту жұмыстары сылбыр жүргізілген. Екіншіден, соңғы кездері төтенше жағдайлар кезінде министр жағдайды өз қолына алып, оқиға орнына бару үшін президенттің шешіміне қарап отырады. Сондықтан төтенше жағдайлар министрінің отставкасына оның белсенді жұмыс істемеуі себеп болып отыр. Алайда бұл айтылғандар болжам ғана...
Mezgil.kz