Орыс оппозициясы: Біз басқа Ресейді құрамыз! Путинсіз Ресейді!

12 маусымда Брюссельдегі Еуропарламент ғимаратында Украинаға басып кіру басталғалы бері қуғында жүрген ресейлік оппозицияның ең үлкен жиналысы өтті, – деп жазды ВВС. Олардың таратқан мәліметіне сүйенсек, конференцияда да Ресей мен ЕО-ның саясаткерлері, белсенділері, құқық қорғаушылары мен сарапшылары Путиннен кейінгі Ресейді қалай құруға болатынын талқылады. Конференция қарсаңында кейбіреулер бұл шара «оппозицияны біріктіретін съезге» айналады деп болжаған. Бірақ Алексей Навальныйдың жақтастары форумға барудан бас тарыпты.


1686726636548691.jpg


Ал қатысқандардың тізімі келесідей: Екатерина Шульман, Дмитрий Гудков, Геннадий Гудков, Евгений Киселев, Марк Фейгин, Гарри Каспаров, Михаил Ходорковский, Федор Крашенинников, Владимир Милов, Леонид Гозман, Лев Пономарев, Александра Гармажапова, Леонид Фейков, сондай-ақ «Соғысқа қарсы феминистердің қарсылық», «Еркін Бурятия» және Ресей «Шетелдік агент» деп атайтын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қор (бұл қор да экстремистік ұйым деп танылған); Ресей Әділет министрлігі «ұнамсыз» ұйымдар деп таныған «Медуза» басылымы және «Еркін Ресей» қоры; Ресей Федерациясының билігі террористік ұйым деп таныған «Ресей еркіндігі» легионы.


«Ресейді ресейліктер ғана өзгертере алады»


Маусымның 5-і күні таңертең саяси қайраткерлер мен тәуелсіз журналистер «Келер күн» немесе «Брюссель диалогы» деп аталатын екі күндік конференцияға қатысу үшін Брюссельдегі Еуропарламенттің ғимаратына ағыла бастады.


Ресейдің Украинаға басып кіргелі бері Еуропаның әр қаласында көптеген іс-шара өтті. Оларды бір сөзбен «Ресей оппозициясының форумы» терминімен айтуға болады. Мұндай шаралар соғысқа дейін де өткізілген. Бірақ 24 ақпаннан кейінгі Ресейдегі саяси қуғын-сүргіннің кесірінен мұндай кездесулерге қатысушылардың көбі шетел ауды.


Брюссельде өткен конференция оппозиция үшін Еуропарламенттің әртүрлі фракцияларының төрт өкілі: Литваның бұрынғы Премьер-Министрі Андриус Кубилиус, Сергей Лагодинский (Германия), Бернар Гетта (Франция) және Польшаның бұрынғы премьер-министрі Влодзимьер Цимошевич ұйымдастырғанымен ерекшеленді. Олардың әрқайсысының Ресейге байланысты баяндама жасауға арнайы «мәртебесі» бар.


Лагодинский ВВС-ге берген сұхбатында ұйымдастырушылар ресейліктерді Брюссельге жинаған кезде алдына екі міндет қойғанын айтты. Біріншіден, «азаматтық қоғамның күшін біріктіру». «[Біз] көрінген жерде жылт ететін бес-алты кісіні емес, еуропалық құрылымдардың әртүрлілігін көрсеткіміз келді», - деді депутат мысқылдап. Бұған «Екіншіден, осы азаматтық қоғам үнінің Еуропада естілгенін қаладық», – дегенді де қосты. Мұны еуропалықтар назарын Украинаға көмектесу ісіне аударып, ресейлік оппозицияға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмейтінімен түсіндірді.


Ал Андриус Кубилиус мұндай кездесулердің ресейліктер үшін ғана емес, украиндарға да пайда әкелетінін атап өтті. Сондай-ақ ол Еуропа елдерінің біразы әлі күнге дейін Украина жеңсе, Путинмен жылап көрісеміз бе деп қорқатынын ашық мәлімдеді. Литваның бұрынғы Премьер-Министрі: «Ресейдің меократиялық жолды таңдайтынына сенбесесең, келісімге келгеннен тиімді жол жоқ – бәрібір ештеңе өзгермейді. Сондықтан кейбір Еуропа елдері күзде Украинаға қысым көрсетіп, бейбіт келісім жасауға мәжбүрлеуі де мүмкін», – дейді.


Конференциядағы жалғыз украин спикері Алексей Арестович. Ол сөзін «Еркіндіктің бөтені болмайды» деп бастады. Арестович сондай-ақ Ресейді демократияландыру Украина үшін тиімді болатынын, бірақ соғыс салған жараның орны сыздап тұрғанын, сол себепті Украинада мұндай көзқарастағы адамдардың аз екенін жеткізді. 


Ал форумдағы әңгіме Ресейді қалай өзгерту керекті жайында болды.


Конференцияда ЕО-ның бірнеше жоғары лауазымды шенеунігі сөз сөйледі. Мәселен, Еуропарламент төрағасының орынбасары, Германияның бұрынғы әділет министрі Катарина Барли: «Ресейді ресейліктер ғана өзгертере алады», – дей келіп, сөзін: «Жарқын болашақ үшін тәуекел етіп, бас тігетін батыл азаматтар бар», – деп қорытындылады.


Еурокомиссияның вице-президенті Вера Юрова да (бұл ЕО-ның атқарушы органы) ресейлік оппозиционерлер мен белсенділерді батылдығы үшін жоғары бағалады. Ал Еуропалық сыртқы әрекет қызметінде (басқаша айтқанда, ЕО дипломатиялық қызметінде) Ресейге жауапты Майкл Зиберт Ресейдің көрші мемлекетке агрессия көрсетуі елдегі «ішкі қуғын-сүргінмен» байланысты екенін ашық айтты. Ол конференцияға қатысушыларға, Ресей билігі қандай мәлімдеме жасаса да, еуропалықтар Ресейдің күйрегенін қаламайтынын жеткізді. «Біздің Ресеймен байланыс орнатып, қарым-қатынас жасағымыз келеді. Бірақ басқа Ресеймен...», – деді ол.


Форумды ұйымдастырушы Бернард Гетта журналистерге «Брюссель диалогының» маңызын былай түсіндірді: «Біздің саяси күштер Ресей оппозициясын саяси күш ретінде алғаш рет мойындап отыр. Біз, жалпы Еуропарламенттегі кез келген адам, мүмкін бүкіл ЕО-да, постпутинизм мүмкіндігі туралы тұңғыш рет сөз қозғап отырмыз».


«Жаман адамдар жақсы ұйымдасады»


Тақырыптық тұрғыдан форум үш бөлікке бөлінді: The Year Before («Былтыр»), The Day After  («Ертең») және The Year After («Келер жыл»). Ұйымдастырушылардың ойынша, бір жыл бұрын немесе бір күннен соң болуы тиіс форумда талқыланып жатқан оқиғалардың шарықтау шегі Путин билігінің соңы болар еді.


Ұйымдастырушылардың пікірінше, форумда талқыланған оқиғалар орын алуы керек бір жыл бұрын немесе бір күн өткен соң Ресей президенті Владимир Путиннің билігі аяқталады. Бір жарым сағатқа созылған сессиялар барынша үзіліссіз және қатысушылар санының көптігіне байланысты ашық пікірталас емес, сараптамалық баяндамалар түрінде өтті.


Бір қызығы, конференцияда режимді өзгертуге қалай қол жеткізуге болатыны туралы іс жүзінде ешқандай пікірталас болған жоқ. Пікірталас негізінен Ресейде демократияның болуының теориялық мүмкіндігі және егер демократия орнаса елдің құрылымы қандай болу керек екені қарастырылды. Путин салтанат құрған дәуірді сағынудан аулақ болу да сөз болды. 


Сондай-ақ форумда қысқаша талқыланған тақырып – Украина жағында соғысқа қатысып жатқан ресейліктерден тұратын қарулы топтардың – ең алдымен, «Ресей еркіндігі легионы» мен Ресейдің еріктілер корпусының болуы.


Сонымен қатар, жалпы алғанда, конференцияға қатысқан ресейлік қатысушылар да, сөз алған Еуропаның ресми өкілдері мен сарапшылары да Украина әскері қазіргі таңда Ресей билігіне қарсы нақты күрес үшін барынша күш салып жатыр деген пікірде екенін мәлім етті. Спикерлердің тең жартысы Украина жеңбей Ресейде өзгеріс болмайтынын айтты.


Владимир Путин қандай да бір жолмен Кремльден кетсе Ресейді либерализациялау мүмкін екеніне форумға қатысушылардың ешқайсысы күмәнданбаған сияқты. «Жақсы адамдар көп, бірақ жамандар жақсырақ ұйымдасады», – деді Дмитрий Гудков жиналғандарға.


Владимир Милов: «Ресей билігі Ресейдегі тәуелсіз саясаткерлер мен БАҚ-пен күресу үшін бекерден-бекер соншалықты күш жұмсап отырған жоқ», – деді. «Кремль олардың пікірі көп қолдау табатынына сенеді», – дейді Милов.


 «Еркін Ресей» қорының жетекшісі Наталья Арно сөзін «Жақсы орыстар бар», – деп бастады. ген сөздермен бастады (БАҚ «қуғындағы оппозиционерлер көктемде соғысты қолдамай, Ресейді тастап кеткен ресейліктер үшін «жақсы орыстың төлқұжатын» әзірлегісі келеді» деген. «Жақсы орыс» тіркесі алғаш рет сол кезде қолданылды).


Спикерлер «Демократияландыруды тек ресейліктердің өзі қамтамасыз ете алады, бірақ Еуропаның қолдауы мен көмегінсіз бұл қиынға соғады» деген пікірмен келісті.


«Мен мұнда ЕО-ны сынау үшін келген жоқпын, бірақ егер Путин Украинада білгенін істесе, сіздер бізбен емес, Путиннің қуыршақ үкіметімен кездесер едіңіз», - деді Гарри Каспаров видеобайланыс арқылы сөйлеген сөзінде. «Біз бәріміз Зеленский бастаған украиндықтарға қарыздармыз. Алайда Еуропа Ресей істеріне белсенді араласса ғана Ресей дұрыс соқпаққа түсуіне мүмкіндік ашылатынын мойындайтын уақыт келді», – деді ол тағы да.


Зерттеуші журналист Михаил Маглов еуропалық билік Ресейге қарсы санкциялар салғанымен, санкция талаптарын үнемі сақтай бермейтінін атап өтті. «Кішкентай нюанс: ЕО 2015 жылы Қырымды аннексиялағаннан кейін қабылдаған санкцияларды орындауды үйрене алды ма? Довлатовша айтсақ, біз жолдас Путинді қарғаймыз, бірақ Путинге жалпы миллиардтан асатын қостарапты тауарды  кім жеткізді?», – деді ол ашуын тежей алмай. 


Арно тіпті бастырмалата сөйледі. «Батыс көшбасшылары 20 жыл бойы Путинмен қол алысып, арзан газ сатып алды, ал Путин БАҚ пен азаматтық қоғамды құртумен әлек болды», - деді. Арно отанын тастай қашқан ресейліктерді «Путин режимінің» алғашқы құрбандары деп атап, оларға төлқұжат емес, адами қарым-қатынас керек екенін айтты және Еуропаны осыған шақырды.


Екатерина Шульман сессиялардың бірінде Еуропарламентке Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін қуғында болған ресейліктердің құқықтары үшін «омбудсмен» түрін тағайындауды ұсынды.


«Шрек» және Путин


Кейбір спикерлер Ресейдің демократиялану перспективаларына біршама оптимистік көзқарас танытты. Мысалы, Михаил Ходорковский «Бірақ, мен қоғамның демократиялық және соғысқа қарсы бөлігі елдің болашағын анықтайды деп сенемін», – деді.


Мәскеуден бейнетаспа арқылы көрермендермен сөйлескен Нобель сыйлығының лауреаты Дмитрий Мұратов Ресей билігінің риторикасын «Шрек» мультфильмінің кейіпкері лорд Фаркуадтың мінез-құлқымен салыстырып, тіпті оның сөзін де келтірді: «Көбің өлесіңдер, бірақ мен бұл құрбандықты қабылдауға дайынмын».


Жазушы Борис Акунина Ресей тарихынан дәріс оқығанда елдің үш сценарий бойынша дамуы мүмкін екенін айтты. Бұл елдің нағыз федерализация немесе демократия арқылы «демосквизизациялануы» (мұны Акунин ең жақсы деп санайды); аймақтық элиталардың қатысуымен «салдарын болжауға келмейтін» азаматтық соғыстың ықтималдығы; Ресей Қытайдың серіктесіне айналатын «Ұлы Азия империясының» қолына қарап қалу ықтималдығы. Акунин соңғы нұсқанын болу ықтималдығы жоғары екенін және қорқуға тұрарлық жағдай екенін. Бірақ «орыстардың санасы мен жүрегі үшін» шайқастың арқасында тарихты қайталамауға болатын жеткізді.


Саясаттанушы Кирилл Рогов қазіргі Ресейде сайлау әділ өтсе, «Либералдық коалицияны»  дауыс берушілердің 20-25%-ы қолдауы мүмкін екенін жеткізді. «Бұл тұрақты демократия үшін жеткіліксіз болуы мүмкін, бірақ осы режимнің күйреуі үшін жеткілікті тепе-теңдік», – деді ол.


Рогов Ресейдің оңай жеңілуінен күдіктенетінін де жасырмады. Оның сөзінше, ішінара жаңіліс режимді әлсіретіп, наразылық тудырғанымен, жеңістің дәмін татқан украиндықтар мен оның жақтастарын бейқам қыла түседі және бұл Ресейге ойлағанын жүзеге асыру үшін қолайлы сценарий болмақ.


Саясаткер Леонид Гозман да Ресейдегі азаматтармен диалог орнатудың маңыздылығына назар аударды. «Біз отандастарымызбен сирек әңгімелесеміз. Біз бір-бірімізге және Батыс жетекшілеріне үндеу тастағанымызбен, Ресей билігінің «соғысты НАТО бастады» дегеніне сенетін, Путинге дауыс берген адамдардың қасында тұрамыз. Олар қайда барады? Олар Ресейде қалады». Гозман мұндай адамдарға «парасат биігінен» қарамай, барынша қарапайым сөйлесуге үндеді.


«Адамдарды жалғыз қалдыруға хақымыз жоқ»


Ресей азаматтарымен қарым-қатынас тақырыбы конференцияның негізгі тақырыптарының бірі болды. Ресей билігі соғыс басталғалы бері бірнеше әлеуметтік желі мен көптеген тәуелсіз БАҚ-ты бұғаттаған. Енді олар ел аумағында қосулы тұрған Ресей тұрғындарымен байланысуға болатын екі желі – YouTube пен Telegram-ның жұмысын тоқтатуға әрекеттеніп жатыр. Форумға қатысқан саясаткерлер мен белсенділер бұған қатты алаңдаулы екенін жасырмады. 


Мұратов өз сөзінде «сөз бостандығын жақтайтын» және Ресей билігіне тәуелсіз ақпарат көздеріне (соның ішінде Википедияға) тосқауыл қоюға жол бермейтін «инженерлер» коалициясын құруды ұсынды. Бұл туралы журналист Сергей Пархоменко да айтты - және ол ресейлік оппозицияны емес, Еуропалық Одақты ірі технологиялық компаниялармен жұмыс істеуге шақырды «Google, Apple, YouTube-пен байланыса алмай жатырмыз. Олар жағдайды түсінгісі келмейді. Қолында үлкен мүмкіндіктер болса да, олар бизнеспен айналысады. Аудиторияны ақпарат көздерінен айыруға ұмтылған қараниеттілерге қарсы тұруға олардың әлеуеті жетеді, – деді ол.


Еуропалық комиссияның вице-президенті Вера Юрова: «Еуропалық Одақ мұндай жұмыстарды батыстық компаниялармен жүргізуге тырысып жатыр», – деп жауап берді Сергей Пархоменкоға.


Құқық қорғаушы Лев Пономарев болса ресейліктердің ойын-сауық контентіне (Ресейде бұғатталған Netflix сериалдары сияқты) қол жеткізуіне мүмкіндік беретін «ақпараттық машина» жасауға шақырды. Ал бағдарламалар арасында тұрғындарға «демократияның не екенін» айтып беруді ұсынды.


Бұл идея «Meduza-ның» бас директоры Галина Тимченкоға ұнады.  «Біз саясаткерлерді аудиториямен, сайлаушылармен, байланыстыратын көпірміз. Өйткені біз – миллиондаған адамдармен сөйлесе алатын жандармыз», - деді ол.


Украинаға басып кіргеннен кейін пайда болған БАҚ өкілдері де, мәселен, «Верстка» газетінің авторы Лола Тагаева, «Faridaily» басылымын әзірлеуші журналист Фарида Рустамова сахнада сөз сөйледі. «Адамдарды жалғыз қалдыруға құқығымыз жоқ», – деді Тагаева. Рустамова да журналистерден өз аудиториясын жаппауды өтінді: «Қазір құндылықтарды насихаттау үшін адамдарды хабардар ету жеткіліксіз», – деді Рустамова.


«Пиджак» фонында «болашақ Ресей»


«Брюссель диалогының» басқа ұқсас конференциялардан ерекшелігі – саясатпен емес, белсенділікпен айналысатын қатысушылардың көптігі, яғни олар Ресейдің өзінде де, шетелде де ресейліктерге тікелей көмектеседі. Кейбір қатысушылар еуропалық элитамен танысуды форумның басты міндеті деп атады.


«Мен үшін бұл өте маңызды болды, өйткені азаматтық қоғам барлығына белгілі бес адам ғана емес. Бұл жергілікті жерлерде жұмыс істейтін шағын және үлкен бастама. Оларды қолдау керек, көрсету керек», – деп түсіндірді Сергей Лагодинский ВВС-ге. – Өйткені олар болашақ Россия, менімен жасты немесе менен үлкен адамдар емес. Біз болашақ Ресейге жеткенше зейнеткерлікке шығамыз».


Бұған Владимир Милов та назар аударды – оның айтуынша, ұйымдастырушылар сахнада «ескі ағайлардың Саяси бюросы» емес, «жастар, жаңа қозғалыстар, белсенділер» отырғанына көз жеткізуге тырысты. Турасын айтсақ, сол белсенділер көбіне не болып жатқанын сахнадан емес, залдан бақылап отыратын. Форумның бірінші күні Михаил Ходорковский жабық отырыс ұйымдастырды, онда оппозиция мен белсенділердің жаңа тұлғалары Еуропалық комиссияға, Еуропарламентке және ЕО дипломатиялық қызметіне өз жобаларын ұсынды.


«Бұл жігіттер қазір қарым-қатынас орнатуға тырысуда, мен оларға көмектесуге тырысамын», – деді Ходорковский ВВС-ге. Олардың бүгін не істеп жатқаны маңызды емес. Олардың саяси белсенді адам болуы маңызды, ал біз ертеңгі күні әлеуетті саяси көшбасшыға қарапайым белсенділерден кімнің оқ ататынын білмейміз. Бірақ біреу міндетті түрде атады».


Белсенділердің өзі тәжірибелі оппозиционерлердің қолдауын сезіне бастағанын айтады. «Олар осы бағытта жұмыс істеп жатыр», – деді «Еркін Бурятия» қорының негізін қалаушы Александр Гармажапова ВВС-ге. Оның ұсынысы бойынша Еуропарламент залында орыстардың ұсақ халықтарға деген тәкаппар көзқарасы, қазіргі Ресей билігінің «ксенофобиялық саясаты», нағыз федерализация және ұлттық тілдерді қолдау қажеттілігі туралы сөздер естілді. «Біз Ресейдегі нәсілшілдік мәселесін мойындауымыз керек. Бұл Украинаны «деназияландыру» туралы шешім қабылдаған Кремльдің риторикасына жауап болады. Мұны естігенде мен ойланым қалдым – Ресей Федерациясы ше ?! – деді Гармажапова. – Біз Ресейді дешовинизациялаумен айналысуымыз керек. Императорлық әңгіме Путин кезінде ғана пайда бола қалған жоқ».


«Брюссель диалогына» қатысушылардың барлығы дерлік форумда нақты федерализация мен Ресейде тұратын бар халықтың құқықтарын құрметтеуді жақтады. Сонымен қоса, Ходорковский мен саясаттанушы Крашенинников елдің күйреуі Еуропа үшін де, Ресей үшін де өлімге әкелетінін атап өтті. Ресейдің сол шекарада қалып, демократияны құра алатындығына жазушы Борис Акунин елде болып жатқан процестерді «соңғы отаршыл империяның күйреуі» деп атағанын ашық айтты.


Мобилизацияланғандар мен әлі де шақырылуы мүмкін адамдарға құқықтық қолдау көрсететін «Орман арқылы өт» жобасының негізін қалаушы Григорий Свердлин соғысқа қатысқысы келмейтін ресейліктерге көмектесу туралы айтты. Свердлин еуропалық шенеуніктерден Ресей армиясынан кеткендерге ЕО-дан баспана беруді сұрады.


Конференцияда, сондай-ақ, әйелдердің құқықтары мен оларды қолдау туралы баяндама жасалды. Борис Немцов атындағы қордың жетекшісі Жанна Немцова ұйымдастырған сессияда гендерлік зерттеуші және соғысқа қарсы феминистік қарсыласу қозғалысының белсендісі Александра Талавер қатысты. Ол қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық мемлекеттік зорлық-зомбылыққа әкелетінін және халықтың осал топтарына құрметпен қарау ғана елді жақсы жаққа өзгертуге көмектесетінін айтты.


Оның сөйлеген сөзінен әйелдер құқығы тақырыбы аяғына жетпеді. Форумның екінші күні белгілі заңгер Каринна Москаленко сессиялардың бірінен кейін ресейлік құқық қорғаушылар, белсенділер мен саясаткерлер «гендерлік тепе-теңдікті дұрыс сақтамайтынына» назар аударды. «Алдыңғы сессия толығымен «пиджактан» тұрды, бүгін олардың саны үшеу болды. Менің сұрағым келгені – «пиджактарыңыз» ыңғайлы ма? ... Әйелдің теңдігі мәселесі шамамен итбалық пен киттерді қорғау шараларының арасында жүр», – деп айқайлады Москаленко. Осы кезде оның артына он шақты форум қатысушысы жиналды.


Сөзінің соңында Москаленко болашақта мұндай шараларда әйелдер сахнаға шықпаса, залдан шығып кетуді ұсынды. Бұл ұсынысты жиынға қатысушылардың барлығы дерлік – ерлер де, әйелдер де қызу қошеметпен қабыл алды. Ұйымдастырушылар айтылған сынды ескеруге уәде берді.


«Бұл жігіттердің кеткені өкінішті»


Конференцияның өтетін жеріне байланысты емес, ол басталмай жатып-ақ, кейбір сарапшылар бұл кездесуді ресейлік оппозицияның өзіндік «біріктіру съезі» деп бағалады. Соңғы жылдары ресейлік демократтар өз күштерін біріктіруге бір емес, бірнеше рет әрекеттенді, бірақ нәтиже болмады. Украинаға кең ауқымды басып кіру басталып, Ресейде қуғын-сүргін күшейіп, соның салдарынан көптеген оппозиционерлер шетелге кеткеннен кейін коалиция тақырыбы қайтадан талқылана бастады.


Конференцияның еуропалық ұйымдастырушылары ВВС-ге оппозицияны топтастыру міндетін қойған жоқ, қуғында жүрген азаматтық қоғамға тек ортақ стратегияны құру және қарым-қатынас жасау платформасын берді деп сендірді. Лагодинский де, Кубилиус та ВВС-мен сұхбатында оппозицияның бірігуге ұмтылуы керектігін баса айтты. Бұл ретте Литваның бұрынғы премьер-министрі сәуір айының соңында бірнеше ондаған тәуелсіз бірлестіктер мен саясаткерлердің Берлин декларациясына қол қойғанын, онда Украинаны қолдайтынын мәлімдегенін және Ресей билігін заңсыз деп атағанын еске салды.


Қатысушылар мен ұйымдастырушылардың Брюссель тәуелсіз коалиция құру алаңына айналады деген жасырын үміті болса, онда ол жүзеге аспады. Ресейдің ел ішіндегі, шетелдегі атақты оппозиционері Алексей Навальныйдың командасының мүшелері конференцияға барудан бас тартты (олар да Берлин декларациясына қол қоймады).


Форумда сөз сөйлегендер ФБК-ның жоқтығын байқамаған сияқты. Қалай дегенде де, бұл тақырып бірде-бір сессияда талқыланбады, ал Навальныйдың есімі жақында өткен туған күні мен оны қолдау әрекеттері аясында ғана аталды. Тек Арестович пен Гозман оппозициядағы нақты есімдерді атамай, дауды тоқтатуды сұрады.


Бірақ форумның шетінде және Константин Эггерттің сөзімен айтқанда, «еуропалық салық төлеушілер» төлеген бутербродтардың артында Навальныйдың серіктестері туралы көбірек айтылды. Конференцияның еуропалық ұйымдастырушылары ФБК-ның жоқтығын дипломатиялық тұрғыдан түсіндірді. «Мен азаматтық қоғамның ландшафты қуғын көріп жүргендерсіз толық емес деп есептеймін. Бірақ қай конференцияға қатысу, қайсысына қатыспау олардың құқығы. Менің ойымша, біз ешкімге қысым жасамауымыз керек », – деді Сергей Лагодинский BBC-ге.


Андриус Кубилиус шақырудан бас тартқаны жайлы сәл қаталырақ айтты. Оның айтуынша, қаңтарда Навальныйдың серіктестері форумға баратын сияқты болған, бірақ кейін олар өз шешімдерін өзгерткен. Ол туралы депутатқа «олар кетіп қалғандарға емес, Ресейдің ішіндегі сайлаушыларға назар аударады» деп түсіндірді (Кубилюстің өзі бұл дәлелді сенімді деп санамайды).


«Бұл жігіттердің кеткені өкінішті », – деді Михаил Ходорковский ВВС-ге. «ФБК-ның қатысудан бас тарту туралы саналы шешім қабылдағаны мені қынжылтады». ФБК-ның конференцияға қатысудан бас тарту себептерін талқылай отырып, ол Навальныйдың жақтастары оппозиция басшылығын бөліскісі келмейтінін айтты.


ВВС Ходорковский оппозициядағы қайшылықтар туралы өз көзқарасын баяндады: оның пікірінше, Навальныйдың жақтастары большевиктердің үлгісімен «революциялық партия» құруға тырысады, ал басқа оппозицияшылар (оның ішінде өзі де) кең халықтық коалиция құруға тырысуда.


«Төңкеріс тұрғысынан олардың ұстанымы дұрыс емес деп айта алмаймын. Революциялық партия билікті өз қолына ала алады. Тағы бір нәрсе, біз революциялық партия билікті алып, нәтижесінде демократия болатын жағдайды білмейміз», – деп түсіндірді Ходорковский,  Владимир Ленин мен оның жақтастарының саясатын анық меңзеп.


Навальныйдың серігі Леонид Волков ВВС-ге берген сұхбатында Ходорковскийдің Навальный командасының ұстанымы туралы идеяларын «нонсенс» деп атады.


Сонымен бірге, конференцияда ФБК жанашырлары мүлде болмады деп айту мүмкін емес – мәселен, онда сөз алған саясаткер Владимир Милов Навальный командасымен ұзақ жылдар бойы бірлесіп жұмыс істеп келеді. Ол BBC-ге өз жақтастарының жоқтығын «проблема» деп санайтынын ашық айтты.


«Бірақ мен олардың скептицизмін түсінемін: Навальный қозғалысы бір күндік комитеттердің серпілісіне балама ретінде дүниеге келді. Навальныйдың командасы термен, қанмен көп саяси капитал жинады және нәтижесіз талқылаулардың салдарынан оның жойылып кету немесе құнсыздану қаупі бар», – деп түсіндірді Милов ФБК логикасына. Сонымен қатар, ол олардың Брюссельге келуден бас тартуынан «өлімге әкелетін» ештеңе көрмеді: «Форум сындарлы болды, бұл олардың келесі жолы әйтеуір бір келетінін білдіреді».


Леонид Волков BBC тілшісіне конференцияға бармауының себебін айта отырып, ФБК ұстанымы жайлы егжей-тегжейлі айтылған өзінің ағынымен танысуды ұсынды. Оның айтуынша, бастапқыда қор қызметкерлері Путиннен кейінгі Ресейдің құрылымын талқылауға шынымен қатыспақ болған. Бірақ содан кейін олар саясаткер Гарри Каспаров пен Михаил Ходорковскийдің одақтасы Леонид Невзлин мен Навальный командасының арасында келіспеушіліктері болғанын, конференцияда «жақсы ресейліктердің паспорттарымен және басқа да кәкүр-шүкірмен айналысатын органды сайлауға тырысады және диаспора өкілдерінің барлығы орыстар болады» деп қорыққандығын айтты.


ФБК-ның үрейі де Волков «Русофобиялық дауылпаз» деп атаған Каспаровтың көзқарастарына байланысты туындады. «Комитет құрайық, сосын Гарри Каспаров қашады, ал оның атынан барлық орыстарды өлтіру керек деп айтқанын айтамыз... Путинге қарсы ондаған миллион ресейліктер бас тартады. Егер біз оған жақын болсақ, оның күйесі бізге де жұғады », – деп түсіндірді Волков. Навальныйдың қаруластары соңғы жылдары Украинада тұрып жатқан және Ресей билігіне қарулы қарсылық көрсетуді жақтайтын Думаның бұрынғы депутаты Илья Пономаревпен бір мінберде сөйлескісі келмеді.


Егер Леонид Волковтың үрейі ақталған болса, онда ол ақыр соңында орындалмады. Леонид Невзлин конференцияға қатыспады. Гарри Каспаров тек бейнебайланыс арқылы сөйледі (және ресейліктерді өлтіруге үндемеді, ресейлік оппозицияны емес, Украинаны қолдауға назар аударуды сұрады).


Илья Пономарев шынымен Брюссельге барған және қауесет бойынша, тіпті Еуропарламент ғимаратында жүрген, бірақ форумға қатыспаған (ұйымдастырушылар BBC-ге оны шақырмағандарын айтты). Конференцияда «жақсы орыстардың төлқұжаттарын» жасау мәселесі де талқыланған жоқ.


Форумға қатысушылардың бірі, экономист Сергей Алексашенко ФБК-ның назарын осыған аударғанда, Волков Навальный сценарийі (яғни, біріктіруші комитет құру әрекеті) серіктестер Брюссельге келмегендіктен ғана жүзеге аспады деп жауап берді.


«Біз дұрыс шешім қабылдадық. Конференция қатысушылар мен ұйымдастырушыларға ұнағанына қуаныштымыз. Болашақта біз кез келген ұсыныстарды қарастырып, жеке шешім қабылдайтын боламыз», – деді Волков ВВС-ге.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар