Оңтүстік Корей: Басқыншылық ешқашан жеңіспен аяқталмайды!

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль Киевке келді. Бұл туралы Корея көшбасшысының баспасөз мәселелері жөніндегі аға хатшысы Ким Ин Хэ хабарлады, деп жазады Yonhap.

c26cc776-73fc-4f3a-a9d7-334b8be084a4.jpg

«Егер Оңтүстік Корея Украинаға қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрілерді тікелей жеткізуге келісетін болса, бұл Украина донорларының жағдайын айтарлықтай жеңілдетеді», - деп жазады BBC.

Осы уақытқа дейін Оңтүстік Корея Украинаға қару-жарақты тікелей жеткізуден бас тартып, тек гуманитарлық көмек көрсеткен.

Бірақ Корея жанама түрде Киевке әскери көмегін беріп отырды. Мысалы, Сеул Корей өндірісінің компоненттерін қолданатын, өздігінен жүретін «Krab» гаубицаларын Украинаға беруді мақұлдады. «Krab» Кореяда жасалған шассиді пайдаланады.

Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарына жарты миллион 155 миллиметрлік оқ-дәрілерді жалға берді. Сеул Киевке әскери көмек көрсету процесіне мүмкіндігінше аз қатысу үшін қару-жарақты жеткізудің осындай экзотикалық әдісін қолданған.

Украиналықтарға оқ-дәрілерді белсенді түрде жеткізіп, өз қорын сарқып жатқан Вашингтонға  корей снарядтары келіп, орнын толтырып тұрды.

2022 жылдың соңында АҚШ Кореядан 100 мың 155 миллиметрлік оқ сатып алды. Корейлер Польшаға К-2 танктері мен өздігінен жүретін К-9 машиналарын жеткізеді. 

Мұны да Кореяның Украинаға әскери көмегі деп атауға болмас, дегемен осының арқасында поляктар өздерінің Т-72 және Krab-ын Украина Қарулы Күштері берді.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль Ресейдің Украинаға басқыншылығы тоқтауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек екенін айтып, Сеулдің Киевке әскери көмек көрсетуін де жоққа шығармады.

«Мұндай басып кіру әрекеттері ешқашан жеңіспен аяқталмайтынын көрсетуіміз керек. Болашақта қайталанбауы үшін», - деді ол Гарвард университетінде сөйлеген сөзінде, бірақ қару-жарақ жеткізу туралы сұраққа «халықаралық нормалар мен халықаралық құқықты сақтау үшін тиісті шаралар қабылдауға» уәде беріп, нақты жауап бермеді.

Мамыр айында Оңтүстік Кореяның Yonhap ақпарат агенттігі Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Чан Хо Чжин Ресейге барады деп хабарлады. Ол Оңтүстік Кореяның Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымы өзгергенін Мәскеуге білдіреді деп күтілуде.

Корея ұстанымы шынымен өзгере ме, жоқ па, әлі белгісіз, бірақ егер Сеул қару-жарақ туралы шешім қабылдаса, бұл көп түйінді шешкелі тұр.

Poongsan корпорациясы – әлемдегі, танк пен гаубицаны қоса алғанда, әртүрлі оқ-дәріні өндіретін жетекші бірі кәсіпорын.

Сонымен қатар, Корея аумағында қару-жарақ, оқ-дәріні өндірудің барлық технологиялық циклі орналасқан. Бастапқыда Poongsan металлургиялық компания ретінде құрылды.

Сонымен қатар, Оңтүстік Корея ауыр броньды машиналар шығарады, оның басты жауынгерлік танктері - К-2 әлемде жоғары бағаланады және экспортқа шығарылады. Кореяда электронды өнеркәсіп жетілген, авиациялық өнеркәсіп белсенді дамып келеді.

Ол аз десеңіз, 1990-шы жылдардан бастап Оңтүстік Кореяның арсеналдарында Ресейдің КСРО қарызын төлеуге берген 40-тан астам Т-80У танктері және бірнеше ондаған БМП-3 бар.

Шекарасын Солтүстік Кореямен бөлісіп отырған Оңтүстік Корея басқа Азия елдерінен гөрі соғысқа дайын. Бұл оны ауқымды қақтығысқа дайын емес Еуропа елдерінен ерекшелейді.

Сондықтан Оңтүстік Кореяның Украинаға әскери жабдық беруі Батыс үшін тиімді болғалы тұр.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар