Бұған дейін әлемдік БАҚ Қырымды Украинадан құрлық арқылы бөліп алып, теңіз арқылы украин астығын Африкаға жеткізуге мұрсат бермей отырған Ресей тірлігін сынаудан жалыққан емес.
Бірақ бұл мәселені шешудің түрлі жолдары саясаткерлер мен саясаттанушылар арасында сан-саққа жүгіртіле сөз етіліп, соның ішінде НАТО Украинаға алыстан ататын қару бере ме, берсе, ол Ресей жеріне шабылдауға пайдаланыла ма деген мәселе дүркін-дүркін көтеріліп, соның ішінде Путин салған Қырымдағы көпір төңірегіндегі даңғазаға жұрттың құлағы үйреніп кетті.
Жалпы Ресей империясы Керіш түбегінде ұзындығы 4 шақырым болатын көпірді 1944 жылы салмаққа ниет етіп, құрылысы қате жобаланғандықтан, басталған іс аяқсыз қалған еді. Ресей Қырымды өзіне заңсыз қосып алғаннан кейін КСРО бастаған жобаны жүзеге асырып, Украинаны айналып өтудің жолын тапты. Қырау ақша жұмсады.
Бүгін, яғни, 17 шілдеге қараған түні Ресейдің Краснодар өлкесімен орыстар аннексиялаған жартыаралды жалғастыратын көпірде екі бірдей жарылыс орын алды. Ресей билігі «Төтенше жағдай» орын алып, Қырым көпірінің Кубан жақтағы 145 тірнегі зақымданғанын мәлімдеп, себебіне қатысты жақ ашпады.
Куәгер болғандар бейнетүсірілім жариялап, телеграмм арналарда пайда болған фотоларда бір жарылыс емес, екі бірдей жарылыс орын алғаны мәлім болып отыр. Shot телеграмм арнасы Таман жақта да көпір тас-талқан болды деп жазады.
Осы жарылыстың нәтижесінде Белгородтық ерлі-зайыптылардың қаза болғандығы, олардың 14 жасар қызы жараланып, ауруханаға түскендігі мәлім болды. Ресей көпірге бастайтын барша жолды жапты.
Осы жарылыс үшін жауапкершілікті Украина жағы өз мойнына алмаса да, Украина Барлауының бас басқармасының (УБББ) өкілі Андрей Юсов осы елдің «Суспільне» басылымына берген түсініктемесінде: «Жартыаралды Ресейліктер логистикалық хаб ретінде өз әскері мен техникасын Украина аумағына тереңдете орналастыру үшін кәдеге жаратып келді. Енді бұл логистикалық проблема басқыншылардың үлкен бас ауруына айналады», - деп мәлімдеді.
Юсов осы мәлімдемесі кезінде былтырғы болған жарылысқа берген УБББ басшысы Кирилл Будановтың «Басы артық құрылыс» деген сөзін тілге тиек етті.
Британдық BBC: «Су бетілік самғауыт (дрон) арқылы Украина ӘК өз дегеніне ақыры жете алды», - деп өз дерек көздерін жария етті.
Айта кетейік, бүгін Ресей мен Украина арасындағы астық келісімінің мерзімі аяқталды. Украина һәм әлемнің өркениетті елдері Ресей тарабының астық келісімін ұзартуына мүдделі. Арағайындық жасаушы Түркия да Ресей басшылығын астық келісімін ұзартуға үгіттеп келеді.
Дәл осындай маңызда кезеңде Украинаның Қырым көпірін жарып жіберуі – логикаға қайшы екені түсінікті.
Сарапшылар: «Ресей билігі астық келісімін ұзартпау үшін Қырым көпірін өздері жарып жіберуі мүмкін», - дейді.
Mezgil.kz