Әлем лидерлері: Ресей Азия мен Африкадағы 400 млн адамды аш қалдырмақ!

Ресей жалғыз Украинамен емес, бүкіл әлеммен соғысып жатыр десек артық айтпаймыз. Ол соғыс – экономикалық соғыс. Себебі – әлемнің кедей елдерін астықпен қамтып отырған Украинаның азық-түлігін Ресей жағы түрлі сылтаумен өткізбей келеді. Сол себепті Еуропа елдері бірауыздан Ресей кедей елдердегі аштықты өз саясатының қолшоқарына айналдырып отыр деп айыптады.

1689668310193407.jpg

Бәріміз білеміз, Қара теңіз астық бастамасы немесе «астық келісімі» Украина, БҰҰ, Түркия және Ресей қатысуымен іске асып, бір жылдай Украинаның ауылшаруашылық өнімдерін осы елдің қаратеңіздік порттарынан экспортқа шығарылуын қамтамасыз етіп келді. Енді оның мерезімі 17 шілдеде бітіп отыр. Ресей өз ауылшаруашылық өнімдеріне салынған санкцияларды алып тастамаса, біз бұл келісімді созбаймыз деп дөң айбат жасауда.

Осы дүйсенбіде өткен БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде болған отырыста осы мәселені Еуропа елдері мен өзге мемлекет өкілдері күн тәртібіне қойып, «Ресей «астық келісімін» созуға құлық танытпай, кедей елдердегі аштықты саяси қаруға айналды» деп өз айыптауларын жасады.

БҰҰ Еуроодақтың делегациясының басшысы Улоф Скоог, Алмания сыртқы істер министрі Анналена Бербок, Польша сыртқы істер министрі Збигнев Рау және т.б.  Ресей тарабының бұл бассыздығына қатысты ЕО ұстанымын алға тартты.

Осы отырыста Анналена Бербок: «Ресей жаһандық азық-түлік дағдырысындағы отқа май құйып, нәтижесінде барлық құрлықтағы шықпа жаным шықпамен отырған отбасындағы балалар түнде ұйқыға ашқұрсақ жатады. Енді міне, бас-көзге қарамай Қара теңіз астық бастамасынан шығамын деп мәлімдеп, ересектер мен балалар арасында орын алатын аштықпен қорқытып отыр. Сондықтан мен басқалар сияқты Ресейді аштықты қару етіп пайдалану райынан қайтуға шақырамын. Балаларды ұрлауды доғарыңдар! Адамзаттың атынан айтарым, Украинадағы қылмысты соғысты тоқтатыңдар!», - десе, Польша сыртқы істер министрі Збигнев Рау: «Ресейдің ғана біржақты келісімнен сытылып шығуның мақсаты тек: Украинаға қарсы империалистік соғысының отын алаулату үшін кембағал елдерге қарсы экономикалық агрессиясын жандандыруын білдіреді», - деп Ресейдің осы қылмысты қадамын ашық айыптады.

Президент Зеленский болса, осы мәселеге қатысты Түрік президенті Ердоғанға, БҰҰ хатшысы Гутерришуға Қара теңіз астық бастамасын Ресейсіз тек Украина, БҰҰ, Түркия қатысуымен одан әрі жалғастыру керектігін ұсынған ресми хатын жолдады. Хатта үшжақты форматта жаңаша бастама қажеттігі де көрсетілген.

Зеленский кешкісін өз тележолдауында Азия мен Африка елдеріндегі 400 миллион адамның тағдыры Ресей ессіздігінен қорғап, Украина азық-түлігінің жеткізілуіне қарап тұр деп мәлімдеді.

Бұған дейін осы мәселеге байланысты Украина СІМ-і Дмитрий Кулеба Нью-Йорктегі БҰҰ штаб пәтерінде Ресейдің астық келісімен шыққанынан кейін не істеп, не қойылуы жөнінде шұғыл консультация өткізген болатын.

Бұрын әлемді ядролық қарумен қорқытатын Ресей, енді аштықпен қорқытуға ашық көшіп, үйрей тудырудың жаңа тәсілін тапты.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар