20% жер кетті. Орыстың Грузинді жұлмалағанына 15 жыл...

Бейжің олимпидасы кезіндегі әлемді дүр сілкіндірген оқиға Ресей мен Гүржістан арасындағы тамыз соғысы болды. Ел алдындағы беделіне селкеулік түсе бастаған Путин осы соғыстағы жеңісінің арқасында Гүржістанның жікшіл абхаздық, осетиндік аймақтарын өзіне қосып алып, тұтас мемлекеттің 20 пайыз аумағын өз баурына басты. Реваншистік Ресейдің КСРО-2 идеясы ТМД әлемін кезіп, Путин «орыс жерін жинаушы» деген атақты иеленді.

1691483933307945.jpg

Араға арағайын болып ЕО түсіп, екі жақты бітістіргенімен Украина мен Қазақстанның тағдыры бұлыңғырлана түсті. Ақыры осы бір бетімен кетушілік ақыры 2022 жылдың 24 ақпандағы Ресейдің Украинаға баса көктеп енуіне ұласты.

Жікішіл өңірлерді Гүржістаннан бөліп тұратын екі буферлік аймақ пайда болды. Оның бірі –  Оңтүстік Осетияның құрамындағы тұрғындарын этникалық гүржілер құрайтын Эргнети ауылы болса, екіншісі – Абхазиядан Гүржістанды бөліп тұрған Жоғарғы Кодор шатқалы.

Бұрын Тбилисиге мүлдем бағынбай, саяси-экономикалық бас асаулық танытып келген өңірлерді тәуелсіз деп таныған Путиндік Ресей бұрын таза этникалық гүржілер тұратын Ахалгор ауданын Абхазияның құрамына қосып берді де, екі елмен келісімге келіп, ол жердегі өз әскери арласуын үдете түсті.

Human Rights Watch мәліметтері бойынша, Эргнети тонау мен қорлауға ұшырап отырған көптеген ауылдардың бірі. Танымалған шекара тұсында орналасқан бұндай ауылдарды гүржілік БАҚ «үрей аймағы» деп атайды. Мал өтіп кетсе, қайыра қайтпайды. Ал, туыстарының зиратына тәу еткісі келген адам кесіп өтетін болса, орыс және ахбаз әскерилерінің  құдайы беріп, қорлық-сұмдықтың небір түрлерін көрсетеді.

2012 жылы биліктегі «Гүржі арманы» Ресеймен сауда және экономикалық байланысты дамытуға қам қылғанымен жікшіл аймақтарға қатысты мәмілеге келе алған жоқ. Абхазия мен Цхиваль өңіріндегі (Оңтүстік Осетия) Ресей оккупациясы Гүржістанның қауіпсіздігіне зор қатер төндіруде. Ресей бұл аймақтарда әскери оқу-жаттығуларын өткізіп, Гүржістан азаматтарын заңсыз ұстап ойына келген әрекеттерге баруда.

Гүржі конфликтологы Медея Турашвили ресми Тбилиси елдің тұтастығын қалпына келтіру жолында күшке салмаймыз десе де, ел-жұртты соғыспен қорқытуды жақсы кәдеге жаратып отыр деген ойды алға тартады. Тек гүржілер ғана емес, абхаздар мен осетиндер де соғыстан қорқады. Бұл үрей Украинадағы соғыстан кейін тіпті күшейе түсті десе болады. Өйткені Украинаның биліктегі кейбір партиялары Гүржістанда «екінші майдан» ашуға құлықты. Бұл Гүржістандағы үш тарапты да мүлдем үрейлендіре бастады.

Иә, жұрттың үрейленетін жөні бар. Себебі соғыс басталғаннан бері, осы соғысқа қатысу үшін үш тараптың бірі – Украина жағында, енді қалған екеуі Ресей жағында соғысу үшін аттаныстар жасап жатыр.

Гүржістан Украинамен ара қатынасын суытып алды. Биліктегі топтың серкесі Ираклий Кобахидзе өзінің әлеуметтік желі парақшасында Евгений Пригожиннің «Вагнерінің» жорығын құптап, біз сені қолдап, «біз тек танкімен Абхазия мен Цхинвалиге еніп қоймаймыз, Сочидіде аламыз» деп жазды. Өз кезегінде Сухуми мен Цхинвали Гүржістан билігіне оппозиция қанша жерден қолқа салып, қылбұрауын қатайта түскенімен Ресей бізді ешқашан қиын жағдайда қалдырмайды деп мәлімдеді. Осы пікірді Мәскеу де қоштады.

Ресей сыртқы Барлауы Қызметінің директоры Сергей Нарышкин биылғы сәуір айында ТАСС арқылы Батыс Тбилисиді сәті келгенде Сухуми мен Цхинвалидің тізгінін қолға алу үшін «екінші майдан» ашуға итермелеуде деп мәлімдеді.

Қоғамы да, партиялары да қаққа жарылған елдің 80% тұрғыны жүргізілген сауалнамаға жауап беру барысында ЕО интеграция жасауды қолдаса, 31%-ы Украинадағы соғысты Батыс тұтандырды дегенге, ал, 29%-ы Гүржістанды Батыс Украинадағы соғысқа тартпақ дегенге сенеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар