Қазақстандықтарға төнген қауіп: Министр Мусин тағы да кінәсіз...

Ресейлік «Яндекс» компаниясы «kz» доменін пайдаланатын порталын ҚР заңнамасына сай, Қазақстан аумағындағы аппараттық-бағдарламалық кешенге көшіруге уәде берді. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

1691745701163354.jpg

«Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде «Яндекс» компаниясы өздерінің доменін ел аумағына көшіру мерзімін ұзартуды сұрады. Сондай-ақ, «Яндекс» компаниясы ҚР заңнамасының барлық талаптарын орындауға дайын екендігін білдірді. Уақытша шектеу министрліктің 25 шілдедегі сұрауына жауап алынбағанына байланысты енгізілді», - делінген хабарламада.

Жақында «Яндекс.кз» іздеу жүйесіне Қазақстанда уақытша шектеу қойылғаны хабарланды. Оған қыркүйектен бастап Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің «Яндекс такси» қызметін пайдаланатын Қазақстан азаматтарының дерегіне қол жеткізетіні себеп болған.

Айта кетсек, «Яндекс такси» қосымшасын Қазақстаннан өзге 20 пайдаланады. Ресейдің басқа ел азаматтарының бүкіл дерегіне қол жеткізетіні мамандарды да, қалың көпшілікті де алаңдатып қойды. Бұл мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретін жағдай.

Азаматтардың дерегі Ресейдің қолында кетеді деген хабар әлеуметтік желілерге жарияланып, халықтың қызу талқысына түскен соң ғана біздің Бағдат Мусин бастаған министірлік қозғала бастады. Оның үстіне, деректердің қолды болуы туралы мәселе Қазақстанда бірінші рет көтеріліп тұрған жоқ.

2021 жылы Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейлік Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Греф Қазақстан Республикасын цифрлық трансформациялау, цифрландырудың платформалық моделіне және Data Driven Government тұжырымдамасына көшу жөніндегі жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойған. Осылайша ««eGov-тың» базасы Ресейлік компания жасап шығарған платформаға көшіріледі» деген ақпарат шықты.

1691745529811197.jpg

«Дерекқорды неліктен Ресейлік компания әзірлеген цифрлық платформаға көшірмек?» деген сұраққа сол кездегі премьер-министр Асқар Мамин тұшымды жауап бере алмаған. Ал министр Бағдат Мусин ««eGov-ты» Ресейге беріп қояйын деп отырған жоқпыз», - деген болатын. Министр қазақстандықтардың деректері ешкімнің қолында кетпейтінін айтты, сол кезде.

Осының айналасындағы шу басылғандай болғанымен, мінекей, бүгін тағы алдымыздан шығып отыр.

«Яндекстің» бүкіл деректі Ресей Федерациясының құзырлы органдарына беретіні туралы ақпарат шыға сала, Финляндияның деректерді қорғау омбудсменінің кеңсесі (DPA) Финляндия мен Норвегияда жұмыс істейтін «yango» такси қызметі клиенттерінің кез келген дербес деректерін Ресейге беруді тоқтату туралы шұғыл бұйрық шығарды.

«Медуза» басылымының жазуынша, «Яндекс Go» такси қызметінің барлық деректері, сондай-ақ оның шетелдік қызметі «Yango» қазір Мәскеу, Рязань және Владимир облыстарындағы Ресейлік деректер орталықтарында сақтаулы тұр. 

Украинада соғыс басталғанға дейін «Yango» деректерінің бір бөлігі Финляндияның Мянтсяля қаласындағы компанияның деректер орталығында сақталған. Алайда, қызметтің үздіксіз жұмыс істеуі үшін деректер «Яндекстің» барлық деректер орталықтарына таралған, деп хабарлады арна.

Олай болса, Қазақстан азаматтарының деректері ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп бара жатқанда, жауапты министрлік үнсіз отыра бермек пе немесе осындай қауіпке жол берген министр Мусиннен ешқандай жауап алынбай ма?

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар