Халық: «Қазақмысты» Қазаққа қайтарыңдар!»

Осыдан бір жыл бұрын 2022 жылдың 28 тамызы күні «Қазақмыс» корпорациясында жұмыс уақытында мертіккен және кәсіптік ауруға шалдыққан 200-ге жуық адам тау-кен өндіру және металлургия компаниясын мемлекеттік меншікке қайтаруға шақырған үндеуге қол қойған болатын.

1692010907856772.jpg

Аталған қол қоюшылар Қасым-Жомарт Тоқаевтан «ерік-жігер мен батылдық танытуды» сұрап, 1990-шы жылдары Қазақстандағы стратегиялық объектілерді жекешелендіру заңсыз жүргендіктен, бұрын ел экономикасына жұмыс істеген мыс кәсіпорны қазір адамдардың шағын тобын ғана байытып отырғандығын ашына айтқан өтініш электрондық үкімет порталы арқылы жіберілген еді.

Кеншілер өз өтініштерінде жауап ретінде алынған хабарламада хат қарау сатысында екендігін ғана біле алып, көтерілген мәселе жылы жабылған болатын.

Енді міне, кеншілер тағыда атқа қоныпты. «Ұлытауда «Қазақмыстың» жүздеген шахтеры забастовкаға шықты!» деген хабар қазақ даласын кезіп кетті. Енді осы ереушілерге басқалар да қосылып жатыр деген ақпарат желдей есуде.

Осы еруілге бел шеше кіріскен белсенділер алдымен 13 тамызда түнгі ауысымға шыққан Сәтбаев қаласындағы №65 шахтаның жұмысшылары жұмысты тоқтатқанын айтады. Қазір кеншілердің айтуынша, наразылық акциясына корпорацияның басқа кәсіпорындарының қызметкерлері де қосылып жатыр деген хабарлан анықтала түсті.

«Қазақмыс» ЖШС Ұлытау облысындағы кеншілер наразалығына қатысты түсініктеме беріпті.

«2023 жылғы 14 тамызда түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмысты тоқтатқанын хабарлады. Мән-жайды білу анықтау мақсатында «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері және жергілікті атқарушы билік өкілдері оқиға орнына барды. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» ЖШС басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Ал Наразылыққа шыққандардың басты талаптары:

*жұмыс уақыты автобусқа отырғаннан басталуы керек

*еңбек демалысына шыққан кезде еңбек демалысы үшін берілетін төлемнен бөлек бір айлық берілуі тиіс

*еңбек қабілеттілігін жоғалту пайызы 29-дан 50% көтеру керек

*үстемақының бәрі айлыққа қоса берілуі керек

*еңбек келісімшартына учаске бастығының орынбасарлары мен учаскелердің механиктерін қосу керек, еңбек жағдайының зиянды және ауыр жағдайлары қосылуы керек

*«карипандардың» жүргізушілері мен «таркет» жұмысшылары кенжар топқа қосылсын

*технологиялық ауысымдардың разрядтары теңестірілуі керек

*ерікті «Архимедус» медициналық сақтандыру шарттары қайта қаралып, стоматологиялық қызметтер үшін берілетін төлем мен медикаменттер үшін берілетін төлемді 50 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін арттыру керек

*жұмысшыларды қабылдау басталсын

*Кеншілер күні әр кеншіге 100 мың теңгеден берілсін (Кеншілер күнін атап өту тоқтатылсын)

*корпорация жұмысшыларының (кеншілердің және т.б) еңбек өтілінің бір жылын бір жарым жылға арттыру

*КМС-та жұмысшылардың жетіспеуіне байланысты КМС-қа не себепті жұмысшылар қабылданбай жатқаны түсіндірілсін

*ескі тау-кен құрылғылары жаңасына, кондиционерлер қосалқысымен бірге ауыстырылсын

*өндірісте қаза болған Е.Ербосыновтың ұлы жұмысқа қабылдансын

*РМСУ жұмысшыларының еңбек демалысы 48 күннен 54 күнге ұзартылсын

Көтерілген кеншілердің Үкіметке қояр талабы «Қазақмысты» Қазаққа қайтарыңдар!» болып отыр. Енді билік бұған қандай жауап қатады, ол жағы әлі белгісіз. Дегенмен кеншілер ереулі әлеуметтік-экономикалық қайшылықтардың оңымен шешулі үшін басты фактор болып табылатындығы даусыз!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар