Ресейдің «Үштік газ одағы»: Түркілер тістесіп қалды

Ресей газының Өзбекстанға жеткізілуі біздің еліміз арқылы өтеді. Еуропадағы нарығынан айырылған Ресей Үндістан мен Қытайды айналып өтіп, Пәкістанға газ еткізу үшін Қазақстан мен Өзбекстанды «Үштік газ одағына» өткен жылдың қарашасына бастап тартпақ болғанын бәріміз жақсы білеміз. Және оның бір тармағы Қытайға бағытталатынын да ескеруге тиіспіз.

1692090416165180.jpg

Бірақ бұл Ресейлік ұсыныс қос ағайынды мемлекет еш ықылас танытпағаннан кейін аяқсыз қалған болатын. Осыдан бірнеше күн бұрын Ресей СІМ-і Экономикалық әріптестік департаментінің директоры Дмитрий Биричевский РИА Новостиге берген сұхбатында Қазақстан, Ресей және Өзбекстан «газдық одағы» өзге елдердің есебінен кеңейеді деп мәлімдеді.

Осы мәлімдемеден қазақ жағынан кеше, яғни, 14 тамызда ҚР энергетика минстрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов: «Не Өзбекстан, не Ресей жағынан ешқандай ресми ұсыныс болған жоқ» деп, Дмитрий Биричевскийдің сөзін терістеді.

Қазақстан жағы Өзбекстанға берілетін Ресей газын тасымалдайтын дәліз ғана. «Орталық Азия – Орта» магистральдық газ құбырының салынып бітуі биылғы жылдың 1 қазанына жоспарланып отыр.

Осы магистарль арқылы қазақпен, өзбекпен одақ құрам деу Ресейдің есек дәмесі сияқты. Қытайға газ жеткізіп отырған Түркіменстан мүддесі де қағыс қалып, аталған елдің орынды наразылығын тудыра бастады.

Тақырыпқа тұздық: Биыл сәуір айының 14-і күні Самарқанда өткен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Өзбекстан, Ресей және Қазақстан арасындағы газ одағы барлық қатысушыға тиімді», - деп сөйлеген еді Лавров.

Ал  2022 жылдың қараша айының соңына таман ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге ресми сапары кезінде Путин «Үштік газ одағын» құру идеясын айтқан болатын. Ол Ресей газын Орталық Азия арқылы Қытай нарығына шығармақ ниетін ашық жеткізген. Ал Қазақстан Мемлекет басшысы елге оралғаннан кейін екі күн өткен соң бұл идеяны қабылдамайтынын мәлімдеген еді. Содан соң сол кездегі ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов та газ одағын құру мәселесін талқыламағанын жеткізді. Өзбекстан да Кремльдің жобасынан бас тартқанын хабарлады.

Ресей СІМ басшысының орынбасары Михаил Галузин 26 желтоқсанда ТАСС-қа берген сұхбатында: «Үштік газ одағын» құру идеясы Ресеймен қатар, біздің әріптестеріміз – Қазақстан мен Өзбекстанның да қызығушылығын тудырады. Осы саладағы өзара іс-қимыл энергетикалық қажеттілікті, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қажет», - деген еді.

Ал биыл қаңтардың 11-і күні Үкімет отырысынан кейін премьер-министр Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерінің сұрағына: «Қазіргі уақытта үш жақты газ одағын құру бойынша ресми ұсыныс алған жоқпыз. Алған кезде оны қарастыра жатармыз», - деп жауап берген еді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар