Сыртқы қауіп: Қазақ, түрік пен өзбек әскерді қамдап жатыр...

Ақтауда Қазақстан мен Өзбекстанның қорғаныс министрлері Руслан Жақсылықов пен Баходир Құрбановтар арасында маңызды кездесу болды. Осы кездесу барысында екі елдің қорғаныс саласындағы әріптестікке қатысты өзекті мәселелері көтерілді.

1692092472232589.jpg

Қос министр Ақтау гарнизоны аумағында өтетін «Қанжар-2023» әскери жаттығуына баса көңіл бөлді. Бұл жаттығу барысында бауырлас қос ел шартты дұшпанмен бірлесе күресудің тактикасын жүзеге асырып, өзара тәжірибе алмасады.

Бұл әскери жаттығудан бөлек әскери білім беру мен маман дайындауда іс-тәжірибе бөлісу кеңінен сөз болды. Аталған екі ел арасындағы әскери кездесу қазақ пен өзбек жағының ОА-да қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі екендігін танытты.

Осы ретте айта кетер сөз: Каспий теңізінің басым бөлігіне ие Қазақстан осы су жолын экономикалық жақтан тиімді пайдалануды басты экономикалық ұстаным етіп келе жатқаны жасырын емес. Теңіз жолын орынды пайдалануға қашанда Ресейлік тарапынан кедергілер келтіргенін көзі ашық жұрт жақсы біледі.

Анкараның «Yeni Şafak» газеті түрік ағайындар Қазақ жерінде верфь салуға қалталарынан ақша шығарғанын жазды. Екі бірдей түрік компаниясы қазақ жағы ұсынған «Каспий» жобасына қатысып, порттың қызмет көрсету аясын кеңейту үшін әрі әскери, әрі коммерциялық маңызы бар верфь құрылысын салуға кіріседі.

Осы қолға алынған құрылыс жобасы биылғы жылдың соңында басталып, сәтін салса, 2024 жылдың басында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Тақырыпқа тұздық:

Түркия Қазақстан флотына соғыс кемелерін жасайды

Түріктің «Anka» дроны Қазақ армиясын күшейте ме?

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар