Украина президенті Владимир Зеленский әлгінде ғана Нидерландыға барды. Әйдік болған F-16 дейтін сойқанды Украина әскеріне алып беру мәселесін талқы етті. Оның ізін ала президент Зеленский Данияға ұшып барды. Онда да Украинаға әскери көмек беру мәселесі сөз болды.
Нәтижеде Нидерланды мен Дания Украинаға F-16 жойғыш ұшақтарын беретін болып келісті. Әрине, Әрине, Украина ұшқыштары F-16 басқаруды толық үйреніп біткен соң.
Ал біз бүгін Дания парламентінің алқауында тұрып сөз сөйлеген президент Зеленскийдің айтқандарына аз-кем тоқталғанды жөн санадық.
Ресейдің барлық көршілеріне қауіп төніп тұр!
Дания пароаментінің мінберінде тұрып: «Егер Украина Ресейге төтеп бере алмайтын болса, Ресейдің барлық көршілері қауіптің астында қалғалы тұр. Қазір Ресей зұлымдығы Украинаның қала, ауыл, аудандарының тұрғындарына қайғы мен қасіреттің, өлімнің уын себуде. Ресей Украинамен шектелмейтіні анық. Украинадан кейін Еуропаның елдері, әрі қарай түгел әлем... Менің бұл сөздерімді Мәскеудегілер естіп отырғанын білемін. Украина Ресей басқыншылығына төтеп бермейтін болса, Ресейдің барлық көршілеріне кезек келеді деген сөз», - деді президент Зеленский.
Ресей 18 мемлекетпен шекараласатынын айтады. Оның 8-і бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттер. Сонымен, Ресейдің көршілері кімдер?
Қараңыз: Норвегия, Финляндия, Эстония, Латвия, Литва, Польша, Беларусь, Украина, Гүржістан, Әзербайжан, Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Солтүстік Корей, Жапония және АҚШ.
Бұл тізімге оккупацияланған Абхазия мен Оңтүстік Осетия қосылмайды. Тағы, оккупацияланған Қырым, Донецк, Луганскі, Херсон мен Запорож облыстарының аумағы де Ресейдікі деп есептелмейді.
Осылардың ішінде шекарасы ең ұзын мемлекет – Қазақстан. Ұзын саны – 7,5 мың шақырымнан асады.
«Путиннің сыйға тартылған жері»
Соңғы жылдары Ресейдің түрлі лауазымдағы шенді-шекпенділдері тарапынан Қазақстанға ақпараттық шабуыл күшейді. Олардың бірсыпырасын Mezgil.kz ақпараттық порталында жазып келеміз. Қазақстанның территориялық тұтастығына көз алартқан, арандатушылық сипаттағы сөздердің басын Ресей президенті Владимир Путин бастап айтқан. Бір емес, бірнеше мәрте. Путиннің сөзбұйдаларының ішіндегі ең даулысы: «Сыйға тартылған жер», - дегені.
2020 жылы айтты, бұл сөзді. «Біздің егемендігімізге қатысты өзге де мәселелер бар ғой. Совет одағы құрылған кезде, келісімшартта оның құрыманын шығу құқы да жазылған. Ал оның (одақтан шығудың) тәртібі жазылмағандықтан, сұрақ туындайды. Егер қандай да бір республика Кеңес одағы құрамына қосылып, өз иеліктеріне (в свой багаж-ред.) ірі көлемде Ресей жерін, дәстүрлі Ресей территориясын алып, кейін одақ құрамынан шығуға шешім қабылдаса, онда ең құрығанда, орыс халқының «сыйлығын» бірге ала кетпей, немен кірдің, сонымен шығуың керек қой. Осының ешқайсысы жазылған жоқ. Сондықтан, қазіргі Конституцияға өзгеріс енгізуді әбден дұрыс деп есептеймін», - деген.
2021 жылы тағы қайталады. «Большевиктер орыс халқына таусылмайтын тәжірибе жасаушы материал ретінде қарады. Олар әлемдік революция жасап, ұлттық мемлекетті жоямыз деп ойлады. Олар шартты түрде шекараларды сыза салып, аймақтарды сыйлық ретінде таратып берді. Қорытындылай келгенде большевиктердің қандай шешім қабылдағаны, енді маңызға ие емес. Ол шешімдер бойынша ұзақ дауласуға болады. Бір дүние белгілі: Ресей шартты түрде тоналды.
КСРО құрамындағы мемлекеттерінің арасындағы шекаралары әрине мемлекеттік деп есептелмеді, ол шартты түрдегі дүние еді, ал билік бірорталықтан басқарылып отырды. Бірақ 1991 жылы бұл барлық территориялар, ал ең бастысы адамдар басқа шекараның артында қалды. Және шындығында тарихи отанынан бөлінді.
Бұл сәтте не айтуға болады? Барлығы да өзгеріп жатыр. Қоғам, мемлекет. Әрине халықтың бір бөлігі уақыт өткеннен кейін, тарихи және әлеуметтік жағдайға байланысты өзін жеке ұлт сезінуі мүмкін. Бұған қалай қарауға болады? Бір ғана жауап болуы мүмкін: құрметпен қарауға тиіспіз!
Өз мемлекеттеріңді құрғыларың келе ме? Мархаббат. Бірақ қандай жағдай бойынша құрасыңдар? Осы сәтте Ресейдің көрнекті саяси қайраткері, Санкт-Петербург қаласының мэрі болған А.Собчактың мынандай бағасы бар. Ол жоғары білімді заңгер ретінде барлық шешімнің заңды болуын қалады, сондықтан да 1992 жылы мынандай ой айтты: КСРО құрамында болған мемлекеттер келісімді өздері 1992 жылы жойғаннан кейін, одаққа қай аумақпен кірді, сол аумақпен шығуы тиіс. Қалған аумақтар талқылау нысаны.
Басқа сөзбен айтқанда немен келдіңдер, сомен кетіңдер. Мұндай логикамен таласу қиын», - деді.
Міне, солай... Президент Зеленский: «Ресейдің барлық көршілеріне қауіп төніп тұр», - деп сөйлеуі тегін емес.
Mezgil.kz