Байден Тоқаевты шақырды: Орталық Азияда не өзгермек?

АҚШ-тың The Diplomat журналы қыркүйек айында өтуге тиіс АҚШ пен Орталық Азия елдерінің арасындағы кездесуге қатысты сараптамалық материал жариялады. Саммит 19-20 қыркүйекте жоспарланған. Басылымның пікірінше саммитте АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан басшылары бас қоспақ.


Джо Байден на казахском языке написал Касым-Жомарту Токаеву

 

2022 жыл Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы жаңа қатынасты бастауға негіз болды. «Ресейдің Украинаға агрессиясы ОА елдерін қиын жағдайда қалдырды. Олар Ресейді жақтаған да, даттаған да жоқ. Бейтарап позиция ұстануға тырысып, барлық мәлімдемені БҰҰ жарғысына сай жасауға тырысуда. Бұл түсінікті де. Себебі ОА елдерінде ғасырлар бойы Ресейдің саяси-әскери ықпалы жүрді, ол әлі де бар» дейді басылым.

 

ОА елдеріне АҚШ өкілдері 2022 жылдан бастап көбірек келе бастады. Оңтүстік және Орталық Азия бойынша АҚШ МемХатшысының көмекшісі Дональд Лу, оның әріптесі Элизабет Розенберг, сауда министрінің көмекшісі Мэттью Аксельрод аймаққа келіп, аймақ елдерінің басшы-қосшыларымен кездесті. Өткен аптада Қырғызстан мен Қазақстанға Мичиган сенаторы, Үкіметтегі Ұлттық қауіпсіздік бойынша комитет төрағасы Гэри Питерс сапарлап келген болатын. Ол ашық және жабық форматта кездесулер өткізді.

 

«Питерстің сапары барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Байденнің саммитке арнайы шақырғанына алғыс айтты» , —дейді басылым. 2023 жылға дейін C5+1 платформасы тек қана министрлер деңгейінде талқыланып келген еді. АҚШ МемХатшысы мен ОА елдерінің сыртқы істер министрлері қатысып, аймақ мәселесін ортаға салатын.  

 

«Орталық Азия үшін талас-тартыс, бәсекелестік үнемі болған. АҚШ-тың бәсекелестері саналатын Қытай мен Ресей аймақтағы өз ықпалын арттыру үшін министрлер деңгейіндегі емес, президенттер деңгейіндегі түрлі ұйым, басқосу, платформаларды жасап үлгерді. 2020 жылы Қытай «Орталық Азия және Қытай» форматында алғашқы министрлер кездесуін өткізсе (онлайн), 2022 жылы президенттер деңгейінде өткізді (тағы да онлайн). Алайда 2023 жылы Орталық Азияның бес президенті Қытайдың Сиань қаласына барып, үлкен жиын өтті. Дәл сол сияқты 2022 жылдың қазанында «Орталық Азия-Ресей» саммитін өткізу жайлы Мәскеу жария еткен еді. Міне, осының барлығын ескере отырып, АҚШ бұл аймақ үшін бәсекелестікте артта қалмауы маңызды», - дейді аналитик Кэтрин Путц.  

 

Басылым Вашингтонның Украинаны қолдауды жалғастырып жатқанын және ол үшін барлық әлемдік күштердің бірлігі маңыздылығын жазды. «Орталық Азия елдері географиялық және саяси тұрғыдан Ресей ықпалында болғандықтан қиын жағдайда деуге болады. Орталық Азия елдері Ресей-Украина арасындағы соғыста бейтараптықты ұстауға тырысса да, уақыт өте бұл өте қиынға соғуда. Орталық Азия елдерінің қоғамы екі лагерьге бөлінді», - дейді басылым. Батыс елдері ОА елдерінің жағдайын түсінеді және санкция салмауға тырысуда. Алайда санкцияны айналып өтуге мүмкіндік берген аймақтағы компанияларға санкциялық қысым жасауды дұрыс дейді. Осы уақытқа дейін Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан компанияларына санкция салынды.

 

«Ресей аймақтағы ықпалын жоғалтуда. Әсіресе экономикада. Алайда қуатты Қытай бұл сәтті мүмкіндікке санап, экономикада өз ықпалын арттыруда. Бүгінде Ресей аймақ елдері үшін екінші экономикалық серіктеске айналып, Бейжің бірінші орынға шығуда. АҚШ пен Қытайдың бәсекелестігін ескере отырып, Вашингтон бұл қауіпті де ескеру үстінде», - дейді басылым. Басылым қыркүйек айында Вашингтон аймақ елдеріне арналған жаңа ұсыныстарын айтып, түрлі салаға көбірек инвестиция салуды ұсынады деген ойда. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар