Пашинянды кім өлтірмек болды? Путинді кім тұтқындайды?

Біздің сайт бұған дейін «Пашинян ОДКБ-ның түбіне жете ме?» деп жазған еді. Тек ТМД ғана емес, бүкіл әлемдік БАҚ Арменияға көз тігіп отыр.

1695720285228371.jpg

Біреулері дұрыс жазса, енді біреулері бұрып жазады. Ең бастысы АҚШ «Арменияны қолдаймыз» деп кесіп айтып, Қарабақта халықаралық миссия құруды ұсынды. Бұның арғы жағында Ресейді Қапқаздан біржола кетірудің саяси ойыны бұғып жатыр дейді бірқатар саясаткерлер.

Әлемдік саясатта салмағы басым Түркияның Қарабақтың «Екінші Косова» болуынан сақтанып, бұған қарсылық білдіруі де мүкіндігі сөз етілтуде. Және НАТО Югаславияның тарауынан сабақ алып, Ресей ыдырай қалса, ондағы ұлттық республикаларда шашырап қоныстанған орыстарды қорғап қалудың алғашқы қадамының қандай болатынын Қарабақ армяндары арқылы тамыр басып көрмек деген сыбыстарда шыға бастады. Әрі кешікпей ЕО-да армян диаспорасының салмақ салуымен Франция Қарабаққа БҰҰ әскерін кіргізуді талап етуі ықтимал деген болжамдар айтылып қалуда.

АҚШ ПЕН АРМЕНИЯ ДОСТЫҒЫ...

Осы орайда: «Таулы Қарабақтың тұрғындарының ашықтығын, кепілдігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін және халықаралық қауымдастық тарапынан Әзербайжан ашық жариялаған мәлімдемеге орай құқықтары мен қауіпсіздігін сақтайтын халықаралық миссия құрылуға тиіс. Біз осындай миссияның құрылуына көптен бері үндеп келеміз. Әрі осы бағытта біз одақтастарымыз және әріптестерімізбен бірге оның жүзеге асуын қамтамасыз етеміз», - деп мәлімдеді АҚШ Мемдеп-інің өкілі Миллер.

ЕРЕВАНДАҒЫ ЕРЕУІЛ

Парасатты пікірдегі әлем жұртшылығы осындай деп жатқан шақта армян БАҚ-тары Армения оппозициясының серкесі Андраник Теванян Армения премьері Никол Пашинянға «5-ші қазанға дейін доғарысқа кетесің» деп қатаң талап қойғанын жазуда. Және ол барша Пашинянға қарсылас топты күш біріктіріп, осы мәлімдемені бірлесе жүзеге асыруға шақырып отыр.

Бәленің бәрін көйіткен Теванян: «Оның тағы қандай Арменияның жүрегіне қанжар салатын құжаттарға қол ққоя салуы ықтималдығын ешкім біліп бомайды. Біз бұдан ары бұған жол бермеуіміз керек», - деп мәлімдеме жасады.

ПАШИНЯНҒА ҚАСТАНДЫҚ

Андраник Теванян осылай деп эфирді жаңғыртып жатқан шақта Арменияда Никол Пашинянға қастандық жасамақ болды (өлтіруге әрекет етті) деп оппозициялық саясаткер, Ереванның бұрынғы шаһарбасы Альберт Базеян тұтқындалғаны мәлім болды.

Қарабаққа қатысты басы дауға қалған Пашинян 24 қыркүйек біздің Ресейден азаттық алған күніміз деп мәлімдеме жасап, Мәскеуді бір тулатып алғанымен, Қарабақ пен Әзербайжанның біраз жерін бауырға басқан шақты аңсағандар шабынан түртіп маза бермеуге көшті.

ПУТИНДІ ТҰТҚЫНДАУ...

Енді «көк ит жеңе ме көп ит жеңеме» дегендей, Пашинянның бұдан арғы саяси тағдыр-талайы орыстың емес, АҚШ қолында болып тұр.

Айтпақшы, Армения Парламенті Халықаралық қылмыстық соттың Рим статусын 28-ші қыркүйекте ратификацияламақ. Егер солай болса, Армения Қапқаздағы Путинді тұтқындауға міндетті екінші мемлекет атанбақ.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар