АЭС құрылысы: Қазақстанға АЭС-ті Ресей сала ма, басқа ма?

Қазақстанда АЭС салуға Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Францияның компаниялары зерделенді. Бірақ әлі нақты қай елдің станция құрылысын жүргізетіні белгісіз. Тіпті, аталған әр мемлекеттен технологияларды бөлшектеп алып, салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

1695801651852754.jpg

«Қазір бірқатар қаржыландыру тетіктерін пысықтап жатырмыз. Алдын ала есептеулер бойынша екі реактордың құрылысына 10-12 млрд доллар жұмсалады. Бұдан бөлек, қазір өзінің технологиясымен келе алатын 4 мемлекетті қарастырып жатырмыз. Олардың арасында Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Франция компаниялары зерттелді. Бұл елдерде заманауи реакторлар құрастырылып жатыр, технологиялары айтарлықтай жетілдірілген. Бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.

Дәл қазір нақты бір елдің компаниясы тиімді деп айту қиын, олардың барлығын егжей-тегжейлі зерттеп шығу маңызды. Мұнымен қоса, әр елдің технологиясын біріктіріп іске асыру теория жүзінде әбден мүмкін. Мәселен, бір елдің компаниясынан ядролық жабдықты, екінші мемлекеттен турбинаны, үшінші жақтан автоматиканы алып, АЭС салуға болады.

Біздің мекеме осы механизмді де пысықтап жатыр. Атап айтқанда, нақты бір жалғыз компанияны таңдаудың немесе консорциум арқылы іске асырудың тиімділігін жан-жақты зерттеу маңызды», - дейді «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Атом энергетикасы бөлімінің жетекші инженері Асуан Сиябеков ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

Айта кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы халыққа Жолдауында АЭС салу үшін рефрендум өткізу керегін айтқан.

«Орталық сайлау комиссиясы бұл жұмыстарға дайын. Яғни, сайлаушылар тізімін құру, аумақтық сайлау комиссияларына қатысты жұмыстар ескерілген. Егер биыл ұйымдастыру туралы шешім жасалса, Орталық сайлау комиссиясы дайын болады», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шафхат Өтемісов.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар