Кремльдің «КСРО-2» жоспары: Ресей Арменияға соғыс ашуы мүмкін

Ешкімнің қолдауына ие емес, ТМД кеңістігіндегі екі республика Армения мен Гүржістан. Кавказдағы осы қос мемлекеттің алғашқысының сенгені Франция мен АҚШ елдеріндегі саяси салмағы бар диаспорасы.

1696417479969691.jpg

Осы жолғы Таулы Қарабақтағы Әзербайжанның әбжіл қимылынан кейін Армения өз қолындағы соңғы көзірінен айырылып, Ресейдің алыстан құрған торының шырмауына қалай оралғанын білмей қалды. Тіпті өзінің саяси-экономикалық қауқарына қарамай, Путинді «қылмыскер» деп таныған Рим сатутын ратификациялап, айды аспанға шығарды.

Франция мен АҚШ елдеріндегі саяси салмағы бар диаспорасының ақшасын Арменияны қорғауға шашу үшін осы қадамға биліктегі фракцияны мәжбүр етті деген сөз де айтылып қалды. Ресей ең әлсіз Арменияны жұтуды ертеден жоспарлады және оның жүзеге мүлтіксіз асуына өз еліндегі армян бизнесін қолбалықпен пайдаланады.

1696416915550783.jpg

ПУТИН АРМЕНИЯҒА ҚАРСЫ ӘСКЕРИ ОПЕРАЦИЯ ДАЙЫНДАУДА!

Рим сатутын ратификациялап, айды аспанға шығарып, екі езуі екі құлағына жеткен елге қатысты бұрыннан жоспарланып, әліптің артын күткен Кремльдің жаңа саясаты «Армения операциясын» жоспарлау туралы Ресей Бас штабына бұйрық берілді. Өз қанжығаласы Пригожинді қанға бөкітірген Путинге Түрік пен Әзербайжанға өткен ғасырда «Армян қырғынын» жасады деп, әлемге қарабет етудің «соқыр шегі» болып отырған Арменияны қылғытпай жұту түкке тұрмайды.

Ресей-Беларусь одағына біріктіру жоспарына оған сұрауы жоқ ел Арменияны кірігізуге жақсы сылтау жоқ жерден табылды. Арменияның Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутын ратификациялауы Путиннің жынын келтіргені сондай, Ресей көктемде Арменияны толық басып алып, оның билігін ауыстырып, оның болашақ жөн-жосығын сызуға кірісті. Оның алғашқы қадамы Бас штаб басшысы Валерий Герасимовке әскери операция дайындау, ал, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Николай Патрушевке армян оппозициясының қарсылығын күшейтіп, Еревандағы қоғамдық пікірді ресей қолайына орай реттеу іс-әрекеті тапсырылды.

1696417122741529.jpg

РЕСЕЙДІҢ АРМЕНИЯНЫ ЖҰТУЫ: ЕКІ СЦЕНАРИЙ

Сарапшылар аталған жоспар екі сценарийден тұрады дейді. Біріншісі, қарусыз саяси операция, яғни, оппозиция серкесі Ишхан Сагателянның қолтығына су бүркіп, «Ресеймен бірге болмасақ, Әзербайжан Зангезур коридорын жасау үшін Сюник облысын тартып алады» деген айқай-шуды ушықтырып, бір оқ шығармай бейбіт жағдайда Арменияны Ресей-Беларусь одақтық мемлекетінің құрамына қосып алу.  Бұлай дейтініміз тамырын тереңге жайған Ресей ФСБ-сы армян парламентіндегі оппозициялық фракциялармен тығыз қарым-қатынас орнатып қана қоймай оларды жасырын қаржыландырып отыр. Ал, биліктегі фракцияны Франция мен АҚШ елдеріндегі саяси салмағы бар диаспора қаржыландырып келеді. Әпербақандыққа салынып, бітімгерін енгізген Ресейдің Қарабақтың Әзербайжанға қайтуына қарсылық білдірмеуінің ар жағында Батыстағы диаспораға арқа сүйеген Армения премьері өздері еуросаясаткер деп танитын Пашинянды биліктен кетіруге бағытталып отыр.

АҚШ пен Ресей арасындағы осы текетірестің бір ерекшелігі өз елдеріндегі диаспорларды пайдаланып, армяндар санасына өз саясаттарын түрлі қисында сіңіріп жатқандығы. Бір – Батысшыл, бірі – Ресейшіл қос ұлттық топ бір-бірін түтіп жеуге кірісіп кетті. Батыстағы армян диаспорасының тамыры тереңде емес. Олар КСРО құрамында болған елдің бітім-болмысын жете білмейді. Ал, Одақтың шекпенінен шыққан армяндардың бүйрегі алыстағы қандасына емес, ресейдегі бауырларына бұратыны да жасырын емес. Ресей міне осы талма тұстан ұстап, ойына келген ниетін жүзеге асыра алады.

Тіпті Украинада Ресей жағында соғысып жүрген армян қосындары өз елінде орыс билігі орнауы үшін қаруларын кезей алады.

1696417232910266.jpg

ЕУРОИНТЕГРАЦИЯ ЖӘНЕ ДӘУРЕНІ АЯҚТАЛҒАН ОДКБ

Бұл орайда, Пашинянды жақтаушылар билікті қолдан бермей жеңілмей, Армения еуроинтеграцияны үдете түссе, Ресей қарап қалмай бұл елді ОДКБ-дан шығуға мәжбүр етеді. Пашиняндық ресми Ереван ОДКБ-дан шыға салысымен, Ресей саяси ойбайға басып, аяқ астынан табыла салатын кәнігі сылтауы «өзін НАТО-дан қорғауды» алға тартып, Арменияға 30 батальонды тактикалық топтан құралған әскер енгізіліп, артынан Росгвардия жіберу жоспары кеңінен ойластырылған. Ресей Арменияның әскери потенциалын, территориалдық қорғаныс құру мүмкіндігін тамыршыдай тап басып, әлді де, әлсіз тұсын жақсы біліп отыр.

Ресей Арменияны қарсылық көрсетеді деп санамайды да, сол себепті Украинадағы соғыспен бір мезетте қос бағытта майдан ашып, Арменияны тізе бүктіре алатына бек сенімді. Ресей Бас штабты аталған операция мерзімі бір аптадан аспайды деп жоспарлап отырған жайы бар. Ресейдің қылар бір қауіпі армян лоббиі мықты болғандықтан Францияның соғысқа араласу мүмкіндігі. Бірақ Францияның шетел легиондарын көмекке жіберілуі партизандық соғысқа ұласады да, ресей әскері бітімгерге айналып, соғыс оты лаулаған елде әскерін заңды түрде ұстай алады. Бұны екінші Тәжікстан нұсқасы деп атауға да болады.

НАТО-ға Ресейдің Украинамен қатар бір мезгілде Кавказдық Армениядағы соғыс балшығына батып қалуы тамаша шешім ғана емес, Құдайдың өзі көктен сыйлаған саяси сыйлық та болмақ. АҚШ үшін Ресейдің соғыстан тез шығып кетуіне мүмкіндік бермей, екі майданда алақтаған Путиндік режім орыс империясының бөлшектенуіне тап осы Кавказдағы соғыстан кейін мүмкіндік береді деген алыстан ойластырған өз ішкі жоспары бар.

1696417301808706.jpeg

РЕСЕЙДІҢ 15 ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ: УКРАИНА, АРМЕНИЯ, МОЛДОВА, ҚАЗАҚСТАН...

Ресей Армениядан кейін Гагаузия мен Днепр бойын шапқа түртіп Молдованы бауырына басқан соң, Орталық Азияға бет түзіп, қазақтан кейін қалғандарына ауыз салмақшы болған 15 жылдық стратегиялық жоспарының екінші жылы Украин майданынан көрініс тауып отыр. Қазақстанға ауыз салуы үшін тіпті осы елдің тәуелсіздігіне кепілдік беріп отырған ҚХР Сахалин мен Благовещенскіні тарту етуі де ықтимал.

Бірақ Ресей жоспарындағы басты қорқыныш Әзербайжан, Түркияның әскери қолдауына ие болатын Қазақстан-Өзбекстан блогымен болатын соғыстың орасан қиын болатындығы. Сондай-ақ, Өзбекстан мен Қазақстанның демографиясы, халқы жас екені, мобилизациялық потенциалы Ресейден кем түспейтіні ескерілген.

Біз құдай қазақты бұл күнге жеткізбей, Украин майданында тұмсығы тасқа соғылып жеңіліп, атың өшкір отаршы ел іштей бөлшектеніп тарап тынсын деп тілейік!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар