Республика күні: Кімдер марапатталды? Президент не деді?

13 жылдан бері мерекелер қатарынан алынып, тойланбай келген Республика күні былтырдан бастап қайта жаңғырды.

1698135103149931.jpg

Мемлекет басшысының жарлығымен 25 қазан - Республика күні ұлттық мереке қатарына кірді.

1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол кезден бастап Қазақстан егеменді елге айналуының алғышартын бастап кетті.

Қазақ КСР-нің егемендігін жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері қаланды. Онда тұңғыш рет қазақ мемлекетінің тұтастығы оның аумақтарының бөлінбейтіндігі және мызғымастығы туралы, Қазақстан халықтарының тілін, мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты қағидаттары бекітілді. Сондай-ақ құжатта саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді дербес шешу принципі жарияланды. Қазақ КСР-і өзінің ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын құру құқығын алды. Ал президент әкімшілік-атқарушы жоғарғы биліктің басшысы болып танылды.

Осы декларацияның арқасында Қазақстан кеңестік заңдарды тоқтатып, өз заңдарын жасауға кірісті.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан басшылары бұрынғы КСРО құрамындағы бұрынғы одақтас республикалар арасында жаңа одақтық келісімге қол қою туралы бастама көтерді. Кеңестік жүйеден азат ету басталды, республикалар өздерінің «кеңестік» және «социалистік» атауларынан бас тарта бастады.

1991 жылы 10 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында «Қазақ КСР» атауы «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілді. 1991 жылы 16 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.

1992 жылдан бастап тойланып, 2001 жылы мемлекеттік мерекелер қатарына енгізілген Республика күні, 2009 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталған болатын.

2022 жылдың шілде айында өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндердің тізіміне бірқатар өзгерістер енгізудің уақыты келгенін мәлімдеді. Ел Президенті мемлекеттік мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды.

Сөйтіп, Республика күні мемлекеттік емес, ұлттық мерекеге айналды!

1698134783911643.jpeg

РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ БАСТЫ МЕЙРАМЫ!

Мемлекет басшысы бүгін елге еңбегі сіңген бірқатар азаматқа мемлекеттік марапаттар үлестірді. «Қазақстанның халық жазушысы», «Қазақстанның халық әртісі» деген атақтар биылдан бастап қайта берілетін болды.

Аталған салтанатты жиында сөз сөйлеген президент Тоқаев: «Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн.

Халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты.

Шын мәнінде, егемендік декларациясын қабылдау оңайға соққан жоқ. Еліміздің ұлттық құрамы біркелкі емес еді. Сол кездегі Парламентте, яғни Жоғарғы Кеңесте және бүкіл қоғамымызда ұзақ пікірталас, қызу талқылау болды. Құжаттың әр сөзін, әр бабын қорғауға тура келді.

Әлихан Бөкейхан «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» деген. Ел ағалары халқымыздың ардақты ұлының бұл өсиетіне адал болды. Олар жауапты сәтте ұйымшылдықпен ұлт мүддесін қорғай білді. Ақжолтай құжат жұртымыздың талап-тілегіне сай жазылды, отаншыл азаматтардың ақыл-парасатының арқасында қабылданды. Олардың сын сағаттағы батылдығын нағыз ерлік деп бағалауға болады!», - деді.

Сонымен кімдер қандай марапаттарға ие болды? Қараңыз:

1698134931126576.jpg


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІН КІМДЕР АЛДЫ?

Бақтықожа Ізмұхамбетов, Қоғам және мемлекет қайраткері – Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін,

Алма Шүкежанова, Семей қаласы, «№7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицей» КММ мұғалімі – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін,

Имамзада Шағыртаев, Қызылорда облысы, «Таң ЛТД» ЖШС директоры – Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін.

1698134953423953.jpg

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫН КІМДЕР АЛДЫ?

«Қазақстанның халық жазушысы» атағына белгілі қаламгерлер – Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашкова ие болды.

1698134972173235.jpg

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІН КІМДЕР АЛДЫ?

Биылдан бастап қайта беріле бастаған «Қазақстанның халық әртісі» атағы биыл еліміздің көрнекті мәдениет қайраткерлері, театр және кино актерлері Д.Ахимовқа, М.Токарев пен Д.Ақмолдаға, опера әншілері Ш.Әбілов пен Т.Күзенбаевқа, атақты әншілер Р.Стамғазиевке, Д.Құдайбергенге және күйші А.Үлкенбаеваға берілді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар