Сарапшылар: Украина-Ресей соғысы ондаған жылға созылуы мүмкін...

Биылғы маусым айының басында Украинаның кең көлемді қарсы шабуыл бастағаны белгілі. Оның нақты қашан басталатынын Батыс та, Ресей де сан-саққа жүгіртті. Ақыры басталған шабуыл Путиндік режим билеген елде истерикалық көңіл-күй тудырды. Украина тарабы: «Біздің қарсы шабуылдың соңы Ресей қорғанысының толық жойылуымен және 1991 жылғы Украина шекарасының қалпына келуімен аяқталады», - деп мәлімдеді.  

1699351706179646.jpg

Тек бір ғана Украинада ғана емес, Батыста да, сөзі салмақты әскери сарапшылар Қырымды оккупациялау мәселесін – «Қырымды бірден алуға тұрарлық па, әлде сәл күтіп, тыңғылықты дайындалған дұрыс па?» деген сауалды ашық қоя бастады. Скептиктердің дауыстары сирек естіліп, елін жанын сала қорғаған бұқараның шексіз оптимизмі түптеп келгенде Украина 2024 жылы Ресейлік агрессорды тас-талқан етіп, жеңіс күнін жақындата түседі деген сенімділікті бойға сіңіре бастады.

Украина майданыны әрі қалай қалай жалғасуы мүмкін? Біз Батыс басылымдарында жарияланған болжамдарға аз-кем шолу жасағанды жөн көрдік.

1699351303509656.jpg

УКРИАНА ҚАРСЫ ШАБУЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНДЕРІ...

Қалай десек те, Украина қарулы күштері шабуылының алғашқы күндерінен-ақ, аталған жеңістің оңайлыққа түспейтінін ұқтырды. Украина Қарулы Күштерінің алға жылжып келе жатқан бөлімшелері жаудың үш тіспен бетондалған, мықтап қоршалған және миналанған қорғаныс шебіне тап болды. Бұл іріклісті түсіну үшін әскери сарапшы болу міндетті емес: Егер қарсы шабуыл өзінің бастапқы кезінен-ақ серпіліске ие болмаса, онда өз басымдығын мүлдем жоғалтып алып, көздеген түпкі нәтижелеріне еш қол жеткізе алмайды. Өмір мұндай таптауырынды түсініктерді кейде мүлдем жоққа шығара да салады. Алысқа бармай, тастай берік жау қорғанысы бір түнде қаусап қалғандығын Херсонның азат етілуінен бағжайлай аламыз.

Қалай десек те маусым айындағы алғашқы екі-үш аптада тығырыққа тірелген Украина Қарулы Күштері қорғаныстағы жаудың әлсіз жерлерін іздестіруге шұғыл кірісіп, шаубылдау тактикасын өзгертті. Көптеген әскери сарапшылар Ресей қорғанысының бетон қабырғасын соққымен бұзып өту мүмкін еместігіне көз жеткізген Украина Қарулы Күштері Ресей қорғаныс шебінің әлсіз тұстарын табу үшін кең майдандық шабуылдан бас тартып, шағын мобильді топтарды жұмылдырып, ондағы әлсіз жерлерге қалай соққы жасауды зерттей бастайды деген пікірді ауызға ала бастады.

Үстіміздегі жылдың маусым-шілде айларындағы әскери сарапшылар жорамалы айна-қатесіз келіп, Украина Қарулы Күштерінің қарсы шабуылы айтарлықтай нәтиже бермеді, соңғы азды-көпті жетістігі Работино қаласымен шектелсе, Ресей өз кезегінде Харьков облысы мен Авдеевка маңында өздерінің қарсы шабуылын өрістетті.

1699351366541581.jpg

БАХМУТ ШАЙҚАСЫ

Бахмут шайқасы нәтижесін шабуылдың классикалық үлгісі десе де болады.  Ресейлік генералдар мен әскери сарапшылар «Краматорскіге жол ашты», Ресейге «операциялық кеңістікке кіруді», «қолбасшылық биіктерді иелендірді» деп қанша көкке көтертсе де, түптеп келгенде Бахмут ешнәрсеге жол ашпаған, ақыр аяғы ешкімге де керегі жоқ, ешкімге де пайда әкелмейтін, жер бетінен жойылған қаланың қирандысын орыс әскері күзетіп отырған пайдасыз аумақ.

Ресейдің қару-жарағы тым ескі, әрі қазіргі заманғы соғысқа жарамыз болса да, жойылған бетте жаңасын шығаратындай әскери өндіріс бар. Ал, мұздай қаруланған Украинада өзіндік әскери өндіріс Ресеймен слаыстырғанда, айтарлықтай ауқымда емес. Сондықтан көбіне көп  НАТО-лық әріптестерінің көмегіне қарап отырғаны және рас.  Осы екі проблема соғысушы екі жақтың бел шеше айқасуына қол байлау болуда. Ресейде халық Путиннің басқыншылық соғысын қолдап отыр және жұрт қарасы қарсыласынан үш есе көп. Украиндықтардың соғысқа ынтасы тым жоғары болғанымен, адам ресурстары аз. Ресей санкциялардан әлсіреген «шикізаттық» экономикаға иелік етсе, Украинаның артында ЕО мен АҚШ-тың қуатты экономикалық әлеуеті тұр.

Соғысушы екі жақтың да экономикалық әлсіздігі өз жауын стратегиялық жеңіліске ұшырата алмауда. Ал егер Украинаның қарсы шабуылы сәтсіз болып шықса, Батыс Киевті ымыраға келуге мәжбүрлей бастауы мүмкін.

1699351452331262.jpg

СОҒЫСТЫ УАҚЫТША ТОҚТАТУЫ МҮМКІН...

Таяуда Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандарды (негізінен ATACMS) бере бастады. Сондай-ақ осы қыста Украина Әскери-әуе күштері қатарына қосылатын 4-ші буын F-16 ұшақтарын беру арқылы Батыс Киевке стратегиялық артықшылыққа қол жеткізу үшін қосымша бірнеше ай мұрсат береді.  

Ресеймен соғыста америкалық және еуропалық одақтастар егер Украина Қарулы Күштерінің 2024 жылдың көктемінде басталатын келесі қарсы шабуылы айтарлықтай табыс әкелмесе, онда қақтығысты уақытша тоқтату процесін бастайды дейді. Бұл бейбітшілік туралы келісім емес, кез келген саяси жағдайда соғыс өз жалғасатын табатын болады.

«Бейбітшілік те жоқ, соғыс та жоқ» формуласын Батыс ту етуі мүмкін. Мұндай жағдайда Ресей Украинамен ресми түрде жалғасып жатқан соғыс жағдайында тағы жиырма жыл, тіпті одан да көп өмір сүреді.

Аймақта тұрақсыз болса да бейбітшілік орнайды, «біз Украинаны 1991 жылғы шекараға қайтару үшін әлі де күресеміз» деп мәлімдеуге мүмкіндік беретін келісімдер, ымыралар немесе жеңілдіктер болмайтынына қарамастан Киев те осыған қанағаттанады - украин халқының физикалық жойылуы және елді жою тоқтатылады.

Бұдан кейін Ресей мен Украина арасындағы соғыс 2017-2018 жылдардағыдай қысқа мерзімді қақтығыстар немесе аз уақыттық шиеленістер түрінде жалғасады. Ал мұндай жағдайда соғыс ешкімді алаңдатпай, ондаған жылдар бойы жалғасуы мүмкін. Батыс басты жауы Ресейді санкциялық құрыққа түсіріп, одан Орталық Азияны тартып алудың арыдан ойластырған жоспарын жүзеге асыруға көшеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар