Орталық Азия үшін күрес: Ағылшындар атқа қонды

Соңғы екі жылда ұжымдық Батыс Орталық Азиядағы ықпалын арттыруды күшейтті. Ресейдің әлемдік саяси-экономикалық саладағы ықпалы әлсіреген сәтте, Орталық Азияға Қытай, Түркия, АҚШ және Еуропалық Одақ елдері қызығушылық танытуда. Ендігі таңда ОА-ға ЕО-дан шығып, дербес экономикалық саясатын күшейтуге бет алған Ұлыбритания өз жобаларын ұсынуда.


Центральная Азия должна стать неотъемлемой частью стратегии Великобритании"

 

Ұлыбритания парламентінің сыртқы байланыстар бойынша комитетінің 14 қараша күні жариялаған баяндамасында алдағы үш жылда Орталық Азия елдерімен байланысты арттырып, Ресейдің ықпалын азайту шараларын күшейту керектігі көрсетілген.

 

«Жолайрықтағы елдер: Орталық Азиядағы Ұлыбритания» атты баяндамада Ұлыбритания үкіметінің Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан биліктерімен байланыстың аздығы сынға алынып, қазіргі ағылшын үкіметінің тиімсіз жұмысы жайлы айтылған. Комитет баяндамада Ұлыбритания премьер-министрі мен түрлі деңгейдегі мемлекеттік хатшылар аталған бес елмен алдағы үш жылда барынша тығыз жұмыс істеу керектігі мәлімделді.

 

Баяндамада Ұлыбритания елі Орталық Азия елдерінен заңсыз шығарылған қаражатты жасыру ордасына айналғаны да айтылып, қаржылық қылмысты қудалаудың төмендігі де сөз болған. Баяндамада Қылмыспен күресудің ұлттық агенттігі Орталық Азия елдерімен байланысты күшейтіп, аймақтан заңсыз шығарылған мемлекеттік активтерді қайтару жағын талқылау ұсынылған.

 

Баяндама авторлары Орталық Азия элиталары аймақ арқылы өтетін есірткі тасымалын бақылап, одан түскен заңсыз қаражатты Лондон арқылы заңдастырғаны да айтылыпты. Комитет баяндамада Ұлыбритания бұл қылмыстық схеманы біле тұра, көз жұма қарауы, қылмыстың бір мүшесіне айналғанын білдіреді дейді.

 

Баяндамада Ресей Орталық Азия елдері арқылы санкцияны айналып өту әрекеттерін іске асырып жатқаны, ол үшін аймақ елдерін түрлі қысымға алғандығы айтылған. Осы ретте комитет Ұлыбритания үкіметі мен билігіне Орталық Азия елдеріндегі Ресей ықпалын азайту үшін, экономикалық бағыттағы әріптестікті арттыру қажеттігін ұсынған. Себебі Орталық Азия елдері экономикалық-саяси тұрғыдан Ресей қысымы алдында тым әлсіз дейді олар. Комитет Ресейдің ақпараттық кеңістігі Орталық Азия елдеріне жалған ақпарат тарату арқылы идеологиялық соғыс жүргізіп отырғанын, оның аймақтағы елдердің тәуелсіздігіне кері әсері барын айтқан.

 

Комитеттің баяндамасында Қытайдың рөлі де жазылыпты. Алайда ол нақты ашып көрсетілмеген. Қытай Ресейдің ықпалы азайған сәтте, Астана, Ташкент және Бішкекпен байланысын арттырған дейді. Комитет баяндамасының қорытындысында Орталық Азия елдерімен Ұлыбритания арасында байланысты күшейтіп, Ресей мен Қытайды аймақтан ығыстыру шараларын жасау қажеттілігін атап өтіп, оны экономикалық жобалар мен өзара әріптестік арқылы іске асыру керектігін ұсыныпты.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар