Минскі ҰҚШҰ басшыларын күтіп отыр. Пашинян бармайтынын білдірді...

Ақорда Президент Тоқаевтың 23 қараша күні Минск қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысатынын хабарлады.

1700558648670474.jpg

«Қазақта тағдыры қыл үстінде» дейтін аталы сөз бар. Сол сөз бір кездері Путин өзіне оң қабақпен қараған ТМД елдеріне таңған  Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне (ҰҚШҰ) қаратыла айтылғандай.

Басына әлемдік саясаттың әсерінен туындаған қара бұлт үйірілген ҰҚШҰ басшысы Иманғали Тасмағанбетов кеше Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен кездесті. Кездесуде Белбасы бүйдеді:

1700558419561653.jpg

ЛУКАШЕНКО НЕ ДЕЙДІ?

«Біздің жауапкершілігіміз артып отырған уақыт. Біздің әскери-саяси ұйымның сессиясын лайықты деңгейде өткізуіміз керек.

Ұйымның жұмысына келсек, біз қазір қиын да күрделі кезеңді өткеріп жатырмыз. Әсіресе, бұрынғы Кеңес елдерІ кеңістігінде жағдай күрделі. Қазірдің өзінде осы пост-кеңестік кеңістікте өзара қақтығыстар мен жанжалдар күшейіп тұр. Соның ішінде ҰҚШҰ жауапкершілігі қамтитын аумақтардың ішінде де қақтығыстар орын алуда. Біздің әскери-саяси ұйымның бір жетістігі – Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы жанжалды дер кезінде тоқтатып, тараптарды татуластырудың тетігін таба білдік.

Армения мен Әзербайжанның да арасындағы соғыс аяқталды. Енді осы екі мемлекеттің әрі қарай бейбіт өмір кешуіне қандай жағдай жасауға болатынын ойластыру керек.

Армения да, Қырғызстан да ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер. Бұл екі соғыста да мәселелер бір күнде пайда бола қойған жоқ. Жылдар бойы қордаланған мәселелердің аяғы әскери қақтығысқа ұласты.

Десе де, қазір пост-кеңестік кеңістіктегі қақтығысушы, дауласушы мемлекеттер өзара тыныштыққа қарай бет бұруда. Бұл жақсы тенденция. Біз бұл қордаланған мәселелерді шешуге әркез дайынбыз.

Сол себепті де Минскіде өтетін ҰҚШҰ сессиясы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс күштерін нығайтуға арналады деп ойлаймын», - деді.

1700558387928913.jpg

ПАШИНЯН МИНСККЕ БАРМАЙДЫ...

Батыстың, Ресейдің БАҚ-тарының басты тақырыбы – 23 қарашада Минск қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына Пашинянның баратын-бармайтынын сан саққа жүгірте айтып жатыр.

Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мұқтаж емес екені және оның керегі  жоқ екені бұған дейін талай мәрте айтылып, жазылып келеді. Қала берді, бірнеше рет ҰҚШҰ-ға қарсы петиция жарияланған.

Кейінгі айларда ҰҚШҰ-ның түбі тарап тынатыны болжаулы. Оған ұйым ұйыса қалған жерде Армения премьер-министрі Никол Пашинянның бой көрсетпеуі себеп болып отыр. Пашинян қараша айының 23-і күні Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ-ның кезекті саммитіне бармауға тағы бекініп отыр. Ұйым басындағылар мұны жылы жапқысы келгенімен, мұны олардың соңғы тұяқ серпулерінің бірі деп қарастыруға негіз де жоқ емес.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар