Еуропаға ұмтылған 10 жыл: Еуромайдан һәм Ресей агрессиясы қалай басталды?

Кеше Украинадаға Еуромайданның – «Намыс Төңкерісінің» басталғанына 10 жыл толды. Бұл – маңызды оқиға. Өйткені Украинаға жасалған басқыншылық, дұрысы, бүгінгі соғыстың бастауы сол кезеңде жатыр.

1700637339473226.jpg

ЕУРОМАЙДАН ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ, ҚАЛАЙ АЯҚТАЛДЫ?

Бәрі былай болған: Украинаның Министрлер кабинеті Еуро Одақпен Қауымдастық туралы келісімге қол қоюға дайындық процесін тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл азаматтық қоғамның наразылығын туғызып, 21 қарашада елдегі ірі қалаларда алғашқы наразылық акциялары өтті.

1700636992307500.jpg

Қарашаның 30-ы күні таңертең Тәуелсіздік алаңындағы бейбіт митингке қатысушыларды тәртіп сақшылары күшпен таратуға әрекеттеніп, еш себепсіз зорлық көрсетті.

Ал келесі күні, 1 желтоқсанда «миллиондар шеруі» атақты бульдозермен Банковаға шабуылмен және белсенділердің тағы бір соққысымен аяқталды.

Майдан аумағы күн санап кеңейе берді. Халықтың пікірі де әркелкілене түсті: біреулер Еуропа мен демократияға ұмтылса, біреулер автократиялық Ресеймен барлық байланысын мүлдем үзгісі келді, ендігі бір топ бір президентті екіншісімен алмастырғысы келді.

1700637192234594.jpg

Үш айға созылған текетірес 2014 жылдың 18-20 ақпанында қанды қырғынмен аяқталды: Киевтің орталығында «Бүркіт» полиция бөлімшесінің арнайы жасақтары, басқа тәртіп сақшылары мен «титушкалар» елуге жуық наразылық білдірушіні өлтірді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қосқанда құрбан болғандардың саны 100-ге жуық адамды құрады.

Осының бәріне қарамастан революция жеңіске жетті. Президент Виктор Янукович Ресейге қашты, ол әлі күнге дейін сонда. Парламент мүшелері оның президенттіктен кеткенін мойындады. Украина билігі еуропалық билікке ауысып, Майданды басып-жаншуға қатысқан тәртіп сақшыларының үстінен қылмыстық іс қозғады.

РЕСЕЙ ҚЫРЫМДЫ АННЕКЦИЯЛАП, ДОНБАССТЫ ДҮРБЕЛЕНГЕ ҰРЫНДЫРДЫ

Ресей осы саяси дағдарысты пайдаланып, Қырымды аннекциялап, Донбассты дүрбеленге ұрындырды.

1700637128462817.jpg

Әрине, Украина қоғамы Еуромайданды бірауыздан қолдамайтыны анық. Бір жыл бұрын «Ильк Кучерив» демократиялық бастамалар қоры Разумков орталығының әлеуметтану қызметімен бірлесіп жүргізген сауалнамаға сәйкес, украиндықтардың 67%-ға жуығы бұл оқиғаларды «халықтың авторитарлық билікке қарсы әділ көтерілісі» деп санайды.

Алайда сауалнамаға қатысқан адамдардың 12,3 пайызы мұны төңкеріс деп есептейді. Дәл осы тезисті Ресей президенті Владимир Путин кейінгі 10 жылда айтудан танған емес. Ол Қырымды оккупациялауын және басқыншылығын ақтау үшін «Батысты 2014 жылы Украинаның алдап, жергілікті билікті күштеп ауыстырды» деп айыптайды.

Мұның ақыры неге апарып соққаны белгілі, Ресей 2022 жылдың ақпанында Украинаға баса көктеп кірді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар