БҰҰ жаһанды қалай құтқармақ? Әлем басшылары не дейді?

Дубайда Климат жөніндегі дүниежүзілік саммит (СОР28) өтті. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып қайтты. СОР28 жиынына 140-тан астам мемлекеттің басшылары қатысты.

1701677773382908.jpg

Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы саммитіне қатысушылар не туралы айтты, пікірлерді назарларыңызға ұсынамыз:

1701676428830477.jpg

(Сурет Ақорда сайтынан алынды)

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан президенті:

«Орталық Азиядағы климатты қорғау жөніндегі іс-қимылдарға тың серпін беру мақсатында біз БҰҰ аясында 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өткізуге шешім қабылдадық.

Климат жөніндегі төтенше жағдай – жаһандық дағдарыс. Оған бүкіл әлем болып төтеп беру қажет. Бәріміз Жер шарын сақтауға және баршаға ортақ орнықты даму мақсаттарын қамтамасыз етуге жауаптымыз. Қазақстан ұжымдық іс-әрекет пен ынтымақтастықтың арқасында ғана климаттық дағдарыс проблемасын шеше алатынымызға кәміл сенеді», - деді.

1701676521579044.jpg

Антонио Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

«Мен үкіметтерді өнеркәсіпке дұрыс таңдау жасауға көмектесуге шақырамын – реттеуге, заңдар қабылдауға, көміртегі шығынына әділ баға белгілеуге, қазба отынына субсидияларды тоқтатуға және «артық (windfall tax)» табыстан салық ұстауды тоқтатуға шақырамын», - деді.

1701676619789526.jpg

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

«Климаттық дағдарысты талқылай отырып, біз жанымыздағы Палестина аумағында болып жатқан гуманитарлық дағдарысты елемей қоя алмаймыз.

Издраильдің 16 мыңнан астам жазықсыз палестиналықтарды, оның ішінде балалар мен әйелдерді қырып тастағаны ешқандай жағдайда ақтауға келмейді», - деді.  

1701676647209498.jpg

Франциск, Рим Папасы:

«Осы тарихи сәтте біз келешек ұрпағымыз үшін жауапкершілікті мойнымызға алуымыз керек. Қазір әрекет етпейтін болсақ, климаттың өзгеруі миллиондаған адамдардың өміріне қауіп төндіретін болады», - деді.

1701676676299315.jpg

Камала Харрис, АҚШ Вице-президенті:

«Бұл шешуші сәт. Біздің ұжымдық әрекетіміз немесе одан да жаманы, біздің әрекетсіздігіміз ондаған жылдар бойы миллиардтаған адамдардың өміріне әсер етеді. Біз көп нәрсеге қол жеткіздік, әлі де атқарар жұмыс көп. Күрессіз әрі қарай жылжу мүмкін емес.

Әлемде біздің прогресті тоқтатуға тырысатындар бар. Олар: климат туралы ғылымды жоққа шығаратын, климаттың өзгеруіне қарсы жұмыстарды кейінге ысырып, жалған ақпарат тарататын көшбасшылар, қазба отынына миллиардтаған доллар субсидия бөлетін климат туралы «жалған ақпарат таратушы» корпорациялар. Соған қарамастан біз әрекетімізді тоқтатпауымыз керек», - деді.

1701676708738986.jpg

Нарендра Моди, Үндістан Премьер-министрі:

«Достар, бізде өткен ғасырдағы қателіктерді айтып отыруға уақыт жоқ. Өткен ғасырда адамзаттың азғантай бөлігі табиғатты бей-берекет пайдаланды. Сол үшін бүкіл адамзат, әсіресе жаһандық оңтүстікте тұратын адамдар жауап беруде.

Сондықтан әр ел өзінің алдына қойған климаттық мақсаттары мен міндеттемелерін орындауы керек», - деді.

1701676744921773.jpg

Чарльз III, Ұлыбритания корольі:

«Егер бізге тірек болып тұрған, үйлесімділік пен тепе-теңдікке негізделген табиғат экономикасын тез қалпына келтірмесек, біздің экономикамыз бен өмірімізге қауіп төнеді», - деді.  

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар