Қазақстанда АЭС салуға талас: Франция мен Ресей не дейді?

Ресейлік – «Росатом», қытайлық – CNNC, оңтүстік кореялық – KHNP және француздық – EDF компанияларының бірін қатыстырып, Қазақстанда АЭС салу мәселесі мемлекет тарапынан көтерілген шақта қазақ қоғамы қаққа жарылғандығы жасырын емес. Үлкенді АЭС салуға таңдап алудың арты үлкен шуға ұласқанында жақсы білеміз.

1701771245771586.jpg

Тіпті, 1 қыркүйектегі халыққа жолдауында президент Тоқаев: «АЭС салу референдум арқылы шешіледі», - деп осы мәселені арнайы сөз еткені де тегін емес.

Ел экономикасы АЭС пен Жасыл энергетиканың біріне таңдау жасау керектігін экономист һәм энергетик Әсет Наурызбаев жиі көтеріп, соңғысының халық қалтасына тиімді екендігін өз есептеулері арқылы жұртшылыққа ұсынуда. Сонымен Мемлекет басшысы – референдумды қаласа, ұлттық энергетика министрлігі – қалаған жерден сала беруді, ал, оған баламалы жол ұсынған экологтар – АЭС Жасыл энергетикамен біржола алмастыруды алға тартады.

Төртінші арағайын топ екеуін қатар дамытуды ұсынады. Ондағы себеп француздық EDF компаниясының қатысумен Ресейсіз АЭС салып, бірақ Жасыл энергетикаға басымдық беруді қалайды.

Сонымен қазақ жеріне АЭС салына қалса, оны не француздық – EDF компаниясы, не ресейлік – «Росатом» салсын деген мәселе бірінші орынға шықты десек артық айтпаймыз.

Франция мен Ресей президенттері де елімізге келіп, қазақ билігінің АЭС салуға қатысты тамырын басып көрді.

Сонымен орыс пен француздың атомдық текесірінің қазақ жерінде қалай өрістерін әл әзір ешкім біліп болмайды. Тек бұл жолы бірінші қадамды Ресейдің мемлекеттік корпорациясы «Росатомның» еншілес кәсіпорны «Росатом Орталық Азия» ЖШС бас директоры Сергей Громов жасап: «Мемкорпорация республиканың электр энергиясына деген 20% мұқтаждығының өтейтін һәм әлемдегі ең қауіпсіз болып саналатын АЭС екі блогын Астанада салуды ұсынады», – деді.

Ал, оған француздардың қалай жауап берерін уақыттың өзі көрсетеді.

Бәрі де халықтың емес, экологтар мен ҚР Энергетика министрлігінің ортақ тіл табысуына тіреліп отыр. Қоғамдағы осы төрт топқа жатушылардың басым бөлігін тек энергетика министрлігі ресейлік «Росатом» АЭС сала қалатын болса, әлемге жеккөріншті болған қазіргі орыс билігі оны «Атом шоқпарына» айналдырып, қазаққа қарсы пайдаланбай ма деген ойдың құшағында жүр.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар