Ресейде президент сайлауы 2024 жылдың 17 наурызында өтетін болды.
АҚШ – Вашингтонды қалай пір тұтса, «Ресей ипериясы мен КСРО мұрагерімін» деп ашық жариялаған Путиндік Ресей Бірінші Петр мен Сталинді сондайлық пір тұтандығын саяси технологиялар шайқасында болып жатқан ақпарат майданынан аңғарамыз.
Саяси технология биліктегі топтың немесе саяси партияның сойылын соғып, түрлі тақырыптарға қатысты сауалнамалар жүргізіп, өздерінің рейтингісін бірде өсіріп, бірде өшіріп жариялап тұрады. Сондай рейтінгінің бірі – Путиннің рейтингісі дер едік.
Батыс Ресейде президент сайлауы 2024 жылдың 17 наурызында өтетіне қатысты «әділ сайлау болмайды» деп бірден кесіп айтса, Ресей жағы Путиннің рейтингісін басты орынға шығарып, «Тізерлеген Ресейдің бойын түзеуші» образында сайлауға үкілеп қосудың алғашқы қадамдарын жасауға кірісті. Ол қадам рейтингіден, яғни, Путинге деген ел ықыласынан бастау алады.
Ресейдің БАҚ және арнайы зерттеу орталықтары жариялаған рейтингі бойынша 2023 жылдың 1 желтоқсаны бойынша Путинді қолдаушылардың көрсеткіші 78,5% болды. Сайлауға дейін бұл көрсеткіш не 5 пайызға өшеді, не 2 пайызға өседі деген сөз. Президенттік сайлауда Путиннің қанша дауыс жинайтындығының өлшемін танытады.
Сөсзіз, сайлауға Путин басты үміткер. Ал электоралды науқанда Путиннің билігі кезінде Ресей оккупациялап алған территориялар да басты көзір ретінде Ресей халқының талқысына ұсынылады.
РЕСЕЙ ЖАУЛАП АЛҒАН АУМАҚТАР МЕН ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ НАСИХАТ
- 1994-1996 және 1999-2000 жылдардағы шешен соғысы Ресейдің жеңісімен аяқталып, билікке қуыршақ Қадыров билігі келді.
- 2008 жылы Гүржістанның Оңтүстік Осетия мен Абхазиясын тартып алып, ресейшіл аумақты өмірге әкелді.
- Молдовоның Приднестровьесіне кіргізілген әскер тағы бар. Ғағауыздарға өз үстемдігін орнатты.
- 2014 жылы Қырымды Украинадан тартып алды. Ал 2022 жылдың ақпанында ашық соғыс бастағанда, Украинадан Луганскі, Донецкі, Запорож бен Херсонның едәуір бөлігін Ресей құрамына қосты.
- «Қазақстанның Солтүстігі орыс жері» деген тезисті саяси қолданысқа енгізіп, «Украинадан кейін кезек не Молдово, не Қазақстан» деген саяси әңгімені зомбиланған Ресей халқының санасына мықтап сіңірді. Украинасыз Ресей империясының мәні жоқтығын еліне ұқтырып, өз ісінің оң екендігін дәлелдеп те отыр. Әрі «Орыс әлемі» концепциясын өмірге әкеліп, барша өзге ұлт тілінде білім беретін мектептерді жапқызыды.
Путиннің басты жетістігі – бір кездері КСРО-ның Шығыс Еуропа мемлекеттерін әскери-экономикалық одақпен ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстауын қайта жандандырып, ОА һәм пост-кеңестік кейбір мемлекеттер үшін ҰҚШҰ мен Еуразиялық Одақты өмірге әкеле білгендігі болды.
Міне Ресейдің империялық мүддесі үшін зор еңбек еткен жанды қанша қараласақ та, оның Ресейдің «Тізерлеген бойын түзеуші» образы халық санасында қуаныш тудыратын ескеруге тиіспіз. Сол есеппен, келер жылғы сайлау Путин үшін пәлендей қиындықтар тудырмайтынын болжауға болар. Сіз не дейсіз?
Mezgil.kz