Гайана мен Венесуэла Эссекибо өзенінің батысындағы көлемі 160 мың шаршы шақырым даулы жерге көптен бері таласып келеді. Венесуэлада жексенбі күні өткен референдумда ел халқының 90%-ы Гайананың 3/4 бөлігін өздеріне қосып алуды жақтап дауыс берді.
XIX басында Испан генерал-губернаторлығына қараған Венесуэла мен Британ Гвианасына қараған Гайана арасында дау өрістеді. Эссекибо өзенінің батысы испанға, ал Ориноко өзенінен басталатын, батысы ит тұмсығы батпайтын джунгли жағы, яғни, бүгінгі Гайананың 5/8 территориясы ағылшындарға қарады.
1899 жылы халықаралық арбитраж даулы жерді қарастырып, Гайананың пайдасына шешіп берді. 1962 жылы Венесуэла 63 жылғы сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеді. 1966 жылы ақпанда Гайана Ұлыбританиядан өз тәуелсіздігін алған шақта, екі тарап, атап айтсақ, Ұлыбритания жағы екі тараптың өкілдерінің қатысуымен шекара сызығын талқыға салғанымен, еш келісімге келе алмады.
1967 жылы Венесуэла Гайананың АМҰ (Америка мемлекеттері ұйымы) құрамына енуіне вето қойды. Гайана-Эссекибо үндістері көтерліс жасап, даулы аймақ мәселесі шешілмей қалды. Екі жылдан кейін көтеріліс басылып, Гайана БҰҰ-ға шағым түсіріп, даулы жерге 12 жылға дейін мораторий жарияланды.
1981 жылы Венесуэла еш құлық танытпағандықтан келісім ұзартылды. Ақыры Гайана АМҰ құрамына Венесуэла ветосынан арылып, 1990 жылы ғана мүше бола алды. Джорджтаун (Гайана астанасы) мен Каракас (Венесуэла астанасы) арасындағы дау жаңа ғасырда 2013 жылы ушығып, Венесуэла ӘТК (Әскери теңіз күштері) даулы аумақта таяу жерде барлау жұмысын жүргізіп жүрген кемені басып алды. 2015 жылы даулы жерден мұнай, газ, алмас, алтын, тағы басқа пайдалы қазбалар табылып, Венесуэланың дебіргін мүлдем кетірді.
2023 жылы ондағы мұнай қоры Кувейтпен тең деп танылып, Джорджтаун ресурстарды игеруді Франция, АҚШ, Сауд Арабиясы, Катар, Қытай, Малайзияның ондаған компаниясына табыстап, келісімдер жасады.
Венесуэла 2023 жылдың 3 желтоқсанында Гайана-Эссекибо штатын құру үшін референдум өткізіп, оған елдің 21 млн тұрғының 10 млны қатысып, 95% жұрт даулы территорияның өздеріне қосылуын жақтап дауыс берді.
Іле-шала Гайана президенті Ирфаан Али: «Мен Мадуро президенттің қасарыспа қадамы және қауіпті жағдаяттар жайында БҰҰ Бас хатшысымен және басқа да бірнеше көшбасшылармен сөйлестім», - деп, елдің 800 мың тұрғыны алдында мәлімдеме жасады.
Мадуроның бассыздығына күйінген АҚШ жерлікті әскерилерді жаттықтыру үшін 800 америкалық офицерді атандырды.
Осы жылы қарашада Ресей мұнай өндіру бойынша Венесуэламен әріптесу туралы келісім шартқа отырған болатын. Әрі осы даудың арғы жағында Путиннің көлеңкесі тұрғаны да айдан анық. Тура Қырымда референдум арқылы орын алған оқиға Гайана басына түсейін деп тұр. Гайана президенті Ирфаан Али Зелинский бола ала ма, бұл жерде де 1 млн халық 21 млн елмен соғыспақшы.
Mezgil.kz