Қазаққа кен емес, көр қаздырған Миттал кетті. АМТ-ның жаңа қожайыны кім?

Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ҚР Үкіметі мен «ArcelorMittal» корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы келісім жасасқанын мәлім етті.

1702024201433710.jpg

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да орын алған апаттар байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз айында: «Компания өзінің инвестициялық және өзге де міндеттемелерін елеулі түрде бұзды», - деп айтқан болатын.

Осы талаптан кейін Қазақстан Үкіметі «АрселорМиттал Теміртауға» ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Әділет министрлігі өкілдерінен топ жасақтап, 11 кезеңдік дамылсыз келіссөздерді бастап кетті.

Осы құралған топ пен «ArcelorMittal» корпорациясы арасындағы нәтижесінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі мен «ArcelorMittal» арасында «Standstill Agreement» келісіміне қол қойылып, ендігі жерде қазақстандық тарапқа кәсіпорынды бағалау мен аудит жүргізуге мүмкіндік алды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев: «Бұл келіссөздер процесінің ұзаққа созылуының негізгі себептерінің бірі болды. Біздің мақсатымыз қымбат және ұзаққа созылған халықаралық сот процестеріне жол бермей, комбинатты әділ бағамен сатып алу болды. Келіссөздердің жеделдігі мен шұғылдығы кәсіпорынның тоқтап қалуына жол бермеу қажеттілігінен туындады», - деді.

Осы 11 кезеңдік келіссөздер барысында «ArcelorMittal» компаниясы халықаралық консультанттардың есептеулеріне сәйкес келмейтін 3,5 миллиард доллар сұрады. Бірақ Мемлекет активтердің құнын $3,5 млрд -тан $286 млн-ға дейін төмендете алды.

«286 миллион доллар – бұл толық жұмыс істейтін екі кәсіпорынның құны екенін ерекше атап өткім келеді. Сонымен қатар, ArcelorMittal Қазақстан Үкіметіне ешқандай талап қоймайды. Келісімге халықаралық заңнамаға толық сәйкес құқықтық өріс шеңберінде қол жеткізілді», - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Жаңа инвестор «Qazaqstan Steel Group» АҚ ArcelorMittal бас компаниясы алдында 4 жыл ішінде $250 млн қысқа мерзімді қарызды және $450 млн ұзақ мерзімді қарызды өтеу бойынша міндеттемелерді өз мойына алғанды.

1702024089487315.jpg

Қазақ жағы сонымен қатар, «ArcelorMittal» компаниясын «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорын қолдау үшін 16 млрд теңгеге жарна жасауға көндірді. Ол Қарағанды облысы тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға жұмсалады және оның 50%-ы Теміртау қаласының қажеттілігіне ұсталады.

«ArcelorMittal Temirtau JSC» және «ArcelorMittal Tubular Products Aktau JSC» металлургиялық кәсіпорындарының барлық акцияларын бизнесмен Андрей Лаврентьев басқаратын «Qazaqstan Steel Group» АҚ  сатып алды.

Келісім бойынша, «QSG» акционерлерінің ресми өкілі болып Талғат Темірханов тағайындалды. Ал АМТ атауы енді «QARMET» болып өзгертіледі. Сондай-ақ, инвестор «QARMET-ке» 3 млрд доллар инвестиция құяды. Оның 1,3 млрд доллары келер жылы салынады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар