АҚШ: Украинаға қаруды Путиннің қаржысына сатып алайық

Ресейдің Батыста бұғатталған қаржысын Украинаға беру мәселесі қайта талқылана бастады. Бұл идея бұрын да айтылған болатын. Алаңда Байден билігі Ресей активтерін бұғаттаса да, оны қолданудан қашқақтады. Себебі бұл халықаралық қаржылық саясатты реттеп отырған АҚШ-тың ұстанымдарына кереғар келетін әрекеттің бірі дейді сарапшылар. Ресей қаржысын Киевке беру ұсынысын демократтар да, республикандықтар да айтып келеді.


Коронавирус для Путина: будет ли Россия "собирать земли" во время пандемии  | Комментарии Украина

 

2023 жылдың қарашасында АҚШ-тың Сыртқы істер бойынша комитеті Ресей активтерін Украина экономикасын қалпына келтіру мақсатында қолдануға қатысты заңды алғаш рет талқылып, дауыс берді. Заңды 40 адам қолдап, 2 адам қарсы болды. Ал желтоқсан айында Палаталар спикері Майк Джонсон бұл шара Украинаға қажетті 60 млрд доллар көмекті беруде өз септігін тигізетінін айтты.

 

Джонсон Ресей билігіне ұнамайтын нұсқаны айтты. «Ресей Украинаны талқандап, экономикасын құртуда. Ендеше Ресей қаржысын Украина экономикасын қалпына келтіруге қолданайық. Бұл идея Мәскеудің шекесін тырыстыруда, алайда олардың пікірі маған қызық емес», - деген еді.  

 

Конгрессмен Том Малиновски де бұл идеяны қолдайтынын жеткізді. «Көптеген республикандықтар Украинаны қолдайды және көмектескісі келеді. Алайда олар өздерінің сайлаушыларының дауысынан айырыламыз деп санайды. Ал республикандықтар Ресейдің өз қаржысын Украинаны қалпына келтіруге жұмсаймыз десе, онда сайлаушылар да сөзсіз бұл идеяны қолдайды деп ойлаймын», - деген болатын.

 

АҚШ-та өз салығының Украинаға әскери көмек болып жөнелтілгенін қаламайтындар жетерлік. Олар АҚШ билігінің қазынадан қаржыны бөлуін қолдамайды. Алайда қаржы тікелей салық төлеушінің емес, агрессор Ресейдің өз активтері болса, онда бұл идеяға қарсылық білдірмейді. Сарапшылар осылай деп топшылауда.

 

The Washington Post басылымы да бұған қатысты бірнеше мақала жариялап, АҚШ аудиториясын ақпараттандыруда. Сарапшы Джош Рогин «республикандықтар қаржы бөлуді қолдауы үшін, Путиннің де қаржысына қол салып, Украинаға қаруды Ресейдің өз ақшасымен төлейік» деп ашық айтты.

 

Тіпті АҚШ билігі бұғатталған қаржыны Украинаға көмекке бөлуді түбегейлі шешсе де, оны іске асыру қиынға соқпақ. Себебі қаржының басым бөлігі Бельгия мен Швейцарияда. Ал еуропалықтар қай елдің қаржысы болса да, оны қолдануды және конфискациялауды қолдауы қиын. Қаза тапқан Ливия басшысы Каддафидің қаржысы әлі күнге дейін Еуропа елдерінде бұғатталып жатыр және оны ЕО саясаткерлері Ливиядағы жағдай тұрақталғанда заңды билікке қайтарып беру идеясын қолдап, оны конфискафиялауды жоққа шығарды.


Сол себепті Байден әкімшілігі Ресейлік қаржыны Украинаға беру идеясын талқыға шығара отырып, тез арада ел бюджетінен Украинаға 60 млрд доллар көмек беруді қарастыруда. Ол үшін республикандықтармен қызу талқы қаңтардың ортасында басталмақ. Сарапшылар Ресейдің бұғатталған қаржысы енді Ресейге ешқашан қайтарылмайтынын айтуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар