Латвия: Қош бол, орыс тілі! Отарсыздану – жаулаушы елдің тілінен арылудан басталады!

Отарсыздану процесінің басты талабының бірі – бұрынғы жаулап алушы елдің тілін мектепте оқытудан бас тартып, іс-қағаздарын жүргізуден аластату. Міне, сонда, бұрынғы отар ел толық тәуелсіздікке ие болады.

1704442589994209.jpg

«Delfi» басылымы: «Латвияның Білім және ғылым министрлігі 2026/2027 оқу жылынан бастап барлық оқу орындарында білім беру саласындағы үкіметаралық шарттарды реттейтін Еуропалық одақ тілдерінің біреуі ғана екінші шет тілі бола алатын тәртіп енгізуді жоспарлап отыр», - деп хабарлайды.

Бұл орыс тілін мектептерде екінші шетел тілі ретінде оқытуға болмайды дегенді білдіреді! Өйткені бұл тіл ЕО-ның ресми тілі болып табылмайды және тиісті халықаралық шарттарда қолданылмайды.

Білім министрлігі: «Мұндай өзгерістер жастардың Еуропаның білім беру кеңістігіне толыққанды қосылуына ықпал етеді, ЕО-ның ресми тілдерін үйренуге жәрдемдеседі. Бұл ЕО-да және ЕО-дан тыс жерлерде жұмыспен қамтудың анағұрлым кең мүмкіндіктерін береді», - деп есептейді.

Білім және ғылым министрі Анита Муйжниеце («Консервативті» партия өкілі) екінші шет тілі туралы мәселе ел президенті Эгил Левицпен де талқыланғанын, осы талқы барысында барлық мектептерде ЕО-ның қандай да бір ресми тілдерін оқытуды қамтамасыз ету қажеттігі сөз болды дей келе: «Бұл жастар мен қоғамға жалпы еуропалық мәдени кеңістікті дамытуға неғұрлым толыққанды қатысуға мүмкіндік береді. Бұл біздің Латвияның негізгі құндылығын - ұлттық тіл мен Еуропалық Одақтың ортақ отбасында қуатты Латвияны нығайтуымыз қажет», - деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Консервативтер» партиясы 14-ші Сейм сайлауындағы 5%-дық кедергіні еңсере алмады және Муйжниеце білім министрі лауазымын сақтап қала алмайды. Сондықтан орынын басатын келесі министрге орыс тілінен арылудың алғашқы кірпішін қалап кетті.

Қазір мектептерде бірінші шетел тілі 1-сыныптан бастап оқытыла бастады. Бұл ЕО-ның ресми тілдерінің бірі болуы тиіс және көбінесе ағылшын тілі. Латыш тілінде білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында екінші шет тілі 4-сыныптан бастап меңгеріле бастайды.

2021 жылғы сауалнама көрсеткендей, латвиялық мектептердің жартысына жуығы таңдау ұсынбайды. 300-ден астам мектепте екінші шет тілі - орыс тілі.

Білім министрлігінің пайымдауынша, қазір ЕО тілдеріне сұраныстың едәуір өсуі, сондай-ақ орыс тілінің маңыздылығы мен қолданылуының төмендеуін ескере отырып, ата-аналардан ЕО тілдерінің бірін мектептерде екінші шетел тілі ретінде оқытуды қамтамасыз етуге шақыратын өтініштер келіп түсуде.

ЕО-ның ресми тiлдерiн зерделеуге жәрдемдесу мақсатында Бiлiм және ғылым министрлiгi барлық мектептер ЕО тiлдерiнiң бiрiн немесе екiншi шет тiлi ретiнде бiлiм беру саласында жасалған үкiметаралық келiсiмдермен реттелетiн шет тiлiн қамтамасыз етуге тиiс екендiгiн айқындайтын базалық бiлiм беру стандартына түзетулер әзiрлейдi.

Жаңа педагогтарды тарту есебінен де, жұмыс істеп тұрған педагогтарға қайта даярлаудан өтуге және басқа пәнді оқыту құқығын алуға мүмкіндік беру есебінен де мектептер екінші шет тілі мұғалімдерінің болуын қамтамасыз етуі үшін өтпелі кезең үш жылға жоспарланған. Сонымен қатар министрлік Латвия университетімен шет тілдері мұғалімдерін даярлау және мұғалімдерді қайта даярлау мәселелерін талқылау үшін келіссөздер бастады.

Бұл жоспарды іске асыруға ең үлкен кедергі білікті мұғалімдердің жетіспеушілігі болып табылады және білім беру жүйесінде жұмыс істейтіндер оларды алдағы бірнеше жылда табуға болатындығына күмәнданады.

Петерис Страутиньш, экономист: «Ағылшын тілінен басқа екінші шет тілін үйрену керек екені түсінікті. Латвияда бұл дәстүрлі – неміс тілі. Қазіргі заманда экономикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді француз немесе испан тілі болуы мүмкін», - дейді.

Неге дәл осы екі тіл? Страутиньш түсіндіріп өткендей, неміс тілінен айырмашылығы оларда сөйлейтіндер саны артып келеді. Ал орыс тілін ана тілі ретінде санайтындардың үлесі азайып бара жатқаны ескерліп отыр.

Өткен оқу жылында шет тілі мұғалімдерінің арасында ең көп 2659 ағылшын тілі мұғалімі, ал саны бойынша екінші топ 1183 орыс тілі мұғалімі болған. Мектептерде неміс тілінен - 562, француз тілінен - 88, испан тілінен - 26 және итальян тілінен - 6 мұғалім білім береді.

Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының күндізгі және сырттай бағдарламаларында шет тілдері бойынша 180 студент білім алуда, олардың көпшілігі - Латвия университетінде (128). Білім беру жүйесіне жаңа қызметкерлерді тарту үшін 2023 жылдың күзгі семестрінен бастап мұғалімдерді даярлаудың басым бағыттары анықталды: STEM, шет тілдері, латыш тілі және арнайы білім беру.

Білім министрлігі 2031 жылға қарай қосымша біліктілік алу және шақырылған оқытушыларды тарту есебінен шамамен 350-400 екінші шет тілі мұғалімін (негізінен неміс және француз тілі) даярлауға үміттенеді.

Иә, Латвия: «Қош бол, Орыс тілі», - деп өз таңдауын жасады. Орталық Азия елдері де «Ресейге тілінің керегі жоқ» деп қашан азу тісін ақситады екен деген ойға қалады екенсің осындайда.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар