Cаясаттанушы: Ресеймен сөзсіз қанқұйлы соғыс болады

АҚШ-тың әскери сарапшысы, саясаттанушы Юрий Фельштинский haqqin.az басылымына сұхбат беріп, халықаралық саясатқа қатысты пікірін айтты. Соның ішінде Украина соғысына қатысты ойларын назарларыңызға ұсынып отырмыз.


 

- 2024 жыл АҚШ үшін, Батыс үшін қалай болмақ? Жалпы Украина соғысында неге Батыс соңғы уақытта нақты шешімдер шығармауда?

 

- Қазіргі уақытта Батыстың алдағы саясаты АҚШ-тағы президенттік сайлауға тікелей байланысты. Егер 2025 жылы 20-қаңтарда АҚШ-та президенттік таққа Трамп отырса, онда ол өзінің айтқан саяси мәлімдемелерін іске асыруды бастайды. Соның бірі АҚШ-ың әскерін Еуропадан әкету, НАТО-дан шығып кетуі де мүмкін және Путинге Украинаны, артынша ЕО-ны талауға мүмкіндік беруі бек ықтимал.  

 

Трамп келсе Украинадағы соғыс АҚШ-тың қатысуынсыз өтеді. Бұл өте қиын жағдай болмақ. Өйткені Еуропа елдері АҚШ-тың ядролық қалқан болып тұрған қорғанысынсыз қалуы мүмкін. Өйткені Еуропада ядролық қару тек Ұлыбритания мен Францияда ғана бар, ал олардың ядролық қару саны Ресейдің ядролық қаруынан ондаған есе аз. Бір сөзбен айтсам АҚШ НАТО-дан шығып, Еуропадан әскерін әкетсе, онда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан күш балансы түбегейлі бұзылады. Міне, осыған сай Еуропа елдері АҚШ-тағы сайлауға қарап, Украина соғысында нақты шешімдерден қашқақтауда.

 

- Қазір Путин қуатты коалиция құра алды дейді кей сарапшылар. Еуропа елдері жаппай қорғанысқа көшуге тиіспіз дегенді айтуда. Ресейдің Балтық елдеріне жасауы мүмкін шабуылы да сөз болуда. Еуропа АҚШ-сыз және ЕО-дан шығып кеткен Ұлыбританиясыз өзін қорғай ала ма?

 

- Ұлыбритания өзін өте сенімді одақтас, серіктес екенін көрсетті. Лондон Киевке үздіксіз көмек көрсетуде. Саяси, экономикалық, әскери тұрғыдан. Оның бір себебі Ресейге деген тарихи бәсекелестік болса, тағы бір себебі 1939 жылы Ұлыбританияның өзі қазіргі Украина күйіне түскен еді. Ағылшындар жалғыз күресудің қаншалықты қиын екенін жақсы біледі. Балтық елдері, Польша және Скандинав елдері де оны жақсы түсінеді. Себебі олардың Ресеймен ортақ шекарасы және тарихи қақтығыстары бар.

 

Германияның да қолдауын еске алайық. Украинаны барынша қолдауда. О бастағы саяси сенімсіздік қазір Украинаны қолдаудағы қуатты күшке ұласты. Олар екінші дүниежүзілік соғыста қазіргі Ресейдің позициясында болды. Германия қоғамы одан сабақ алды және өзгере білді. Соғыстан кейін Германияда пацифизм саясаты күшейді және қоғам трансформацияланды. Ұзақ жылдар бойы Берлин ірі қақтығысқа қатыспады. Алайда Ресейдің Еуропаға қайта соғыс бастауы немістерге агрессиялық жағдайдың өзгергенін көрсетті. «Қақтығыстарды келісім арқылы шешу керек» дейтін Германия енді ол ұстанымның қирай бастағанын көріп отыр. Сәйкесінше енді Германия қарулы күштерін күшейтіп, Еуропаны да қорғайтын қуатқа ие болу керек деген ұстанымда. Сондықтан Ресеймен Еуропа АҚШ-сыз да соғысуға дайын. Әрине қиын болады, алайда ұрыстан қашпайды.


Resey soghys ashuy mýmkin...

 

- Кей сарапшылар Украина жеңілсе, «ұжымдық Батыс» деген түсінік жоғалады, тарап кетеді деп санайды. Дәл осы сарапшылар авторитарлық жүйе жеңісіне бәс тігуде. Оған не дейсіз?

 

- Мәскеудің алдында ешкім тізе бүгуді ойлап отырған жоқ. Нацистік Германия алдында қиын жағдайда қалған Ұлыбритания капитуляцияға қол қоймаған сияқты, Кремль алдында тізе бүгу де ақымақтық болар еді. Өйткені қазір тек екі әскер соғысы емес, екі көзқарас, өркениет пен құлдырау арасындағы тартыс болып жатыр.

 

Мәскеудің ойы тек қирату, жою. Бұл қызыл сөз емес, факт. Украинада ірі қалаларды басып алуға, Киевті алуға шамасы келмеген Мәскеу кіші қалаларды қиратып жатыр. «Басып ала алмасаң, онда қиратып таста» деген ұстанымда отыр. Дәл осы саясатты олар Шешенстанда, кейін Сирияда іске асырды. Қазір Украинада жасап жатыр. Қазір тіпті өзін ең оптимист дейтін адамның өзі Путин Украинаны алса, Еуропаға не боларын түсінеді деп ойлаймын. Дәл қазір Еуропаны құтқарып тұрған Украина әскері ғана. Ондаған мың сарбазын құрбан ете отырып, Украина Ресей атты еттартқышты тоқтатып тұр. Сол арқылы Украина Еуропаға соғысқа дайындалуға уақыт ұтып берді. Ресеймен сөзсіз қанқұйлы соғыс болады.

 

- Соғыс болады дейсіз бе? Сенімдісіз ғой...

 

- Иа, мен оған сенімдімін. Жағдай тек ушығып барады. 2023 жыл 2022 жылмен салыстырғанда ушыққан күйде өтті. Ал 2024 жыл 2023 жылмен салыстырғанда қиын, қақтығысқа толы болады. 2008 жылдан бері Ресейдің әлемге қаупі артумен келеді.

 

Кейін, тарихшылар «Үшінші дүниежүзілік соғыс қашан басталды» деп түрлі талас жасап, арнайы күнді белгілей алмай жатары анық. Ал мен үшінші дүниежүзілік соғыс 2022 жылы, 24-ақпанда басталды деп санаймын. Дүниежүзілік соғыстар тарихына қатысты айтқан екенмін, енді бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс тек АҚШ-тың араласуынан кейін аяқталғанын айтқым келеді. Иа, АҚШ кей соғысқа кешігіп кірді, бірақ нүктесін АҚШ-тың экономикасы, әскери көмегі және қаруы қойды. Егер Трамп президент болып, АҚШ-ты оқшаулаймын десе, онда ол қателеседі. Вашингтон оның саясатының кесірінен Үшінші дүниежүзілік соғысқа кешігіп кіруі ықтимал. Менің ойымша АҚШ Ресейдің күшін тым жоғары бағалады. Мақтаулы Ресей әскері Украинада ауыл-аймақтың маңында тапталып айлар бойы жүретінін білсе, мүмкін НАТО 2022 жылдың 25-ақпанында Украинаға әскер кіргізер ме еді...

 

Адамзат тарихында АҚШ жеңіске жеткен ең ірі соғысты білесіз ғой. Қырғи-қабақ соғысты айтамын. Тәуекелшіл басшы Рональд Рейган КСРО-мен санасу саясатын тоқтатып, өз білген шешімін іске асырды. Ол сәтте Ұлыбританияда Тэтчер басшылыққа келді. Екі басшының әрекеті КСРО-ны толық күйретті. АҚШ-тың кей азаматтары Ресейден төнетін қауіпті сезінбейді. Сәйкесінше қазір олар АҚШ үшін ең қауіпті ел Ресей емес, Қытай деп санайды. Алайда әскери тұрғыдан алып қарасаңыз, Қытай Ресейден әлдеқайда әлсіз. Біріншіден оның ядролық арсеналы аз, екіншіден соғыс тәжірибесі мүлде жоқ. Әскери шеруде мыңдаған сарбазды жүргізу соғыста солай болады дегенді білдірмейді. Сондықтан әлем үшін негізгі қауіп Ресей болып қалуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар