«Eurasia Group» талдау агенттігінің директоры Ян Бреммер британдық «Time» журналына арналған мақаласында: «Украина 2024 жылы үлкен аумағынан айрылып, НАТО-ны Ресеймен ашық қақтығысқа тартуға тырысуы мүмкін»,- деп мәлімдеді.
«Украина осы жылы іс жүзінде бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оның аумақтық шығындары тұрақты болып, тіпті ұлғаюы да мүмкін», - дейді сарапшы.
Бреммер АҚШ-тың саяси және материалдық қолдауының төмендеуі Украина үшін «ауыр соққы» болғанын атап өтті.
Оның пікірінше, Киев биыл үлкен әскери тәуекелшілдікке ұшырайды. Атап айтар болсақ, соның ішінде Ресей аумағына жасалған соққылар Ресейдің тарапынан бұрын-соңды болмаған қатаң жауап қайтару шараларын тудырып қана қоймай, НАТО-ны да осы қақтығысқа тартуы мүмкін.
Киевтің Жаһандық стратегиялар институтының директоры Вадим Карасев: «Ресейдің соққысы Украинаны жауынгерлік мүмкіндіктерінен айыруы мүмкін», - деп мәлімдеді.
Ол Украинаға жасалған ресейлік соққыларды әскери өндірістерді жоюға бағытталған «нысандық» шабуылдар деп есептейді. Оның айтуынша, мұндай соққылар Батыстың көмегі тоқтатылған жағдайда аса ауыр ахуалға ұрындыруы әбден ықтимал.
БОЛЖАМ: УКРИАНА ТЕРРИТОРИЯДАН АЙЫРЫЛАДЫ...
Саясаттанушының айтуынша, Ресей Қырымды зымыран шабуылдарынан қорғау үшін Қарулы Күштер әуе айлақтарын жойып жіберуге барын салуда.
Бұған дейін ресейшіл АҚШ-тың бұрынғы барлаушысы Скотт Риттер барлық жағынан Батыстың нұсқауын ұстанып келген Украинаны бұдан да көп аумақ жоғалту күтіп тұрғанын айтқан болатын. Сарапшының айтуынша, Украина Стамбул шарты жобасының талаптарын орындамағандықтан, Харьков, Сумы, Днепропетровск, Николаев және Одессадан айрылу қаупі бар.
Риттер: «Егер Украина Стамбул келісімдеріне қол қойып, орындаса, бұндай қауіпті жағдайға ұрынбас еді», - деп атап өтті.
Ресейдің Украинаға басып кіруі тарихи сәтсіздік болып саналады. НАТО Финляндия мен Швеция сынды жаңа мүшелер есебінен күшейе түсуде. ЕО Украинаның ЕО-ға қосылу процесінің шымылдығын ашты. Ресей санкциялардың 11 раундымен бетпе-бет келіп, қаржылық активтерінің жартысынан астамы бұғатталды. Ретін тапса, бұл ақша Украинаны қалпына келтіру үшін пайдаланылатын болады. Еуропа ендігі жерде бұрын басыбайлы тәуелді болып келген ресейлік энергия көздерін сатып алмайды. Бірақ Украина биыл де-факто бөлінеді, енді жерде Ресейдің ұрыс алаңында үстемдігімен қатар, материалдық-техникалық артықшылығы бар. 2024 жыл - соғыстың бетбұрыс кезеңі: егер Украина жақын арада өзінің әскери күштеріне қатысты қордаланған проблемаларын түбегейлі шешпесе, қару-жарақ өндірісін арттырмаса және шынайы әскери стратегиясын толыққанды әзірлемесе, оның аумақтық жер жоғалтуы ұлғая түсуі ықтимал.
Киев дәл қазір Америка Құрама Штаттары тарапынан саяси және материалдық қолдаудың қысқаруынан қатты зардап шегіп отырған жайы бар. Сонымен қатар, еуропалық көмектің келешегі де бұлыңғырлана түсуде. Украинаға Ресей агрессиясын түбегейлі еңсеру үшін көп әскер қажет. Осы себептердің барлығына байланысты Киев биыл үлкен проблемалар тудырады. Адам және қару жағынан Ресей басымдығы Украинаны тығырыққа тірей бастады.
Mezgil.kz