Әзербайжан президенті Әлиев: Иреван - әзербайжан қаласы!

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев көлемді сұхбат беріп, Армениямен шекараны реттеу мәселесіне жауап берді. Сұхбат барысында Әлиев өзге де сұрақтарға тоқталған.


Бывший посол США в Азербайджане: Если конфликт закончился, почему президент  Алиев носит военную форму? - Новости

 

«Армения премьері Никол Пашинян делимитация және демаркация мәселелерінде 1975 жылғы картаны басшылыққа алуға тиіспіз деп санайды. Неге Армения 1970 жылдан кейінгі карталарға сонша назар аударып отыр? Әзербайжан үшін қандай карта маңыздылыққа ие?» деген сұраққа Әлиевтің берген жауабы қызу талқыға түсуде.

 

«ХХ ғасырдың басында Әзербайжан жері Арменияға бөлшектеліп, беріле бастады. Бұл құпия емес, бәріне белгілі факт. 1918 жылы Әзербайжан Демократиялық Республикасы құрылды, ал бір күн өткен соң сол сәтте Иреван қаласын Арменияға беріп жіберді. Олай жасаудың еш негізі жоқ еді, бірақ солай болды. Бұл ежелгі әзербайжан қаласы. Бүгінде Иреванда әзербайжан архитектурасының іздері әлі де бар. Өйткені онда әзербайжандар ғасырлар бойы өмір сүрді». – дейді Әлиев.

 

Әлиев большевиктік билік Әзербайжанның өзге де аймақтарын Арменияға беріп жібергенін айтты. 1920 жылы кеңестік биліктің шешімімен Әзербайжанның Зангезур аймағының бір бөлігін Арменияға бергенін де тілге тиек етті.

 

«ХХ ғасырдың басындағы тарихи карталарды қараңызшы. Ашып қарасаңыз Зангезур аймағы толық Әзербайжан жері екенін көресіз. Батысы да, шығысы да тұтастай біздің жерде тұр. Кеңестік билік өзінің қол астындағы халықтардың жерін талан-таражға салып, өзгелерге қосып берді. Ондай тәжірибе жылдар бойы жалғасты. Территорияны көршісіне «сыйға» тартты. Соңғы рет 1969 жылы осындай жағымсыз, тарихи әділетсіз «сый» болды. Жылдар бойы Әзербайжанның жерін бөлшектеп, Арменияға беріп отырды. О баста 100 мың шаршы шақырым аумақпен құрылған Әзербайжан Демократиялық Республикасының аумағы 1970-жылдың басында 86,6 мың шаршы шақырымға дейін азайып қалды.

 

Міне, осы себепті де Армения 1970-жылдан кейінгі картаны басшылыққа алып, шекараны бөлісейік деп отыр. Мен неге 1970-тен кейінгі картаға негіздедіп бөлуді қалайсыңдар деп сұрадым. Оған қандай саяси, тарихи негіз бар деп сұрадым. Хронологияға қарауымыз керек қой. ХХ ғасырдың басындағы карталарға назар аударайық. Сендер 1940, 1950, 1960 жылғы карталарды ысырып қойып, 70-жылғы карталарды қарайық дейсіңдер.  Өйткені 70-ке дейінгі карталарға қараса біздің тарихи жерлеріміз Армения құрамына өтіп кеткенін көресіздер. Сол себепті мен бұл бастамаларға қарсы болдым. Өкінішке орай Армения ғана емес, оны қолдайтын «Армения плюс» саяси тобы да 70-тен кейінгі карталарға қарап, шекараны бөлісейік деп отыр», - дейді Әзербайжан президенті.


Әлиев тарихи негізде және қазіргі саяси шындық жағдайында мәселені ушықтырмай, әділ шешім қабылдануы керек деп санайды. Әзербайжан басшысы арнайы комиссия құрылып, шекараны әділетті бөлу бойынша жұмыс басталып кеткенін жеткізді.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар