Тағы да антирекорд: Ресейде демографиялық катастрофа

Ресейде 2023 жылы Ресей Федерациясы тарихындағы ең аз бала өмірге келген. Өткен жылы 1,213 млн бала дүние есігін ашқан. «Бұл өте қауіпті сигнал» дейді ресейлік демограф Алексей Ракша.


Пандемия, кризис, маткапитал: что влияет на рождаемость – Новости –  Проектно-учебная лаборатория экономической журналистики – Национальный  исследовательский университет «Высшая школа экономики»

 

Ракшаның мәліметінше бұған дейін бала туу көрсеткіші бойынша антирекорд 1999 жылы орнаған. 1999 жылы Ресейде 1,215 млн бала өмірге келсе, Украинамен соғыс басталған 2022 жылы Ресейде 1,306 млн бола дүние есігін ашқан көрінеді.

 

Демографтың мәліметінше өткен жылы туудың жалпы коэффициенті немесе бір әйелге шаққандағы туу көрсеткіші 1,45 болған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1 пайызға аз және туу көрсеткіші төмен болып саналатын ЕО елдерінен сәл ғана жоғары саналады.

 

Ресейде бала туу бойынша антирекорд 2023 жылы болатынын 2022 жылы ресейлік демограф Игорь Ефремов болжаған еді. Ал демограф Алексей Ракшаның мәліметінше Ресейде бала туу бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең төменгі көрсеткіш 2024-2026 жылдар аралығында болуы мүмкін.  

 

Ресей 90-жылдардан бері «демографиялық қара құрдымға» түсті дейді мамандар. Ресейде жыл сайын бала тууға ниетті емес жандардың саны артуда. 1996 жылы Ресей халқының саны 148 млн болып, 2007 жылға дейін бала туу көрсеткіші азаюмен болды. 2007 жылы Ресей билігі «Ана капиталын» енгізіп, бала туу біртіндеп өсе бастады. Алайда «пандемия мен Украина соғысы Ресейді қайтадан демографиялық қара құрдымға кіргізді» дейді демографтар.

 

«Сибирь.Реалии» сайты Росстатқа сілтеме жасай отырып 2022 жылы рекордтық көрсеткіште әйелдердің аборт жасатқанын жазды. Ресей билігі демографиялық дағдарыспен күресу мақсатында елде абортқа тыйым салуды қарастыруда. Татарстан, Курск, Нижегород, Липецк аймақтарында билік тапсырмасынан кейін жеке клиникалар аборт жасауды тоқтатқан. Оккупациядағы Қырымның заңсыз билігі де осы әдіске көшкен.

 

Ресейдің дін қызметкерлері де әйелдерді аборт жасаудан бас тартуға шақырып, үгіт-насихатты күшейткен. Ал мемлекет «Баланы дүниеге әкелу – патриоттық белгісі» атты ұранмен идеологиялық бағдарламаларды бастады.

 

Сарапшылар Ресейдегі демографиялық дағдарыс Украина соғысынан кейін 10-15 жылда анық көрінетінін айтады. Жұмыс күшінің жетіспеуі Ресей билігіне млндаған мигрантты елге түрлі бағдарламалармен шақыруға мәжбүр етеді дейді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар