Украина Ресейдің Воронежіне дрондар жорығын жасап, Воронежде төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы қала әкімі Вадим Кстетин хабарлады.
Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі Воронеж қаласы мен облыстың үстінен бес украиналық дрон атып түсірілгенін, тағы үшеуі ұсталғанын мәлімдеген болатын. Киев бұл мәлімдемелерге түсініктеме берген жоқ.
Аймақ губернаторы Александр Гусевтің айтуынша, құлаған дрондар қалдықтарының салдарынан жеті тұрғын үйдегі 35 пәтер зақымданған. Воронеждегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, қалған үйлердегі пәтерлердің әйнектер сынған.
ВОРОНЕЖГЕ ЖАСАЛҒАН СОҚҚЫ. ЕЛДІ ҮРЕЙ БИЛЕДІ
Сейсенбіге қараған түні Воронеждің көптеген тұрғындары қалада, сондай-ақ Воронеж әуеайлағы маңында бірнеше қуатты жарылыс туралы әлеуметтік желілерде хабарлады. Бұл әуеайлағын Ресей Әуе-ғарыш күштері Украина аумағына шабуыл жасау үшін пайдаланатыны белгілі.
Осы орайда Қорғаныс министрлігі Ресейдің үш өңіріне ұшқышсыз шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
Соңғы айларда Украинамен шекаралас және шекарадан әжептәуір алыста орналасқан Ресейдің басқа да өңірлерінің басшы-қосшылары да күн сайын дрон шабуылына ұшырап жатқандықтары туралы күнара хабарлай бастады.
Украин әскерилері Ресей аумағы бойынша ұшқышсыз шабуыл туралы еш пікір білдірмейді. Ресей күн сайын Украинаға «Шахед» үлгісіндегі ұшқышсыз шабуыл жасауын жалғастырып жатқан кезде, оған қарымта ретінде Украина жағы да қарап қалып отырған жоқ. Соның айқын дәлелі - Воронежде орын алған ұдрондар шабуылы.
РЕСЕЙ АВИАЦИЯСЫ ҮШІН «ҚАРАЛЫ КҮН»
Тақырыпқа тұздық: Ал кешегі күн Ресей авиациясы үшін «қаралы күн» болды. Украина Азов теңізі аспанында операция жүргізіп, Ресейдің өте-мөте маңызды деген 2 ұшағын атып түсірді. Бұған дейін Украина бір мезетте Мәскеудің бірнеше ұшағын жойған сәттер аз емес, алайда бұл жолы аса маңызды ұшақты құлата білген.
Украина Қарулы күштері Ресейдің А-50 ұшағы мен Ил-22М басқару пунктісі болып табылатын ұшағын атып түсірген. Бұл ақпаратты Украина әскерінің Бас қолбасшысы Валерий Залужный да растады.
А-50 барлауға арналған алыс қашықтықтық радиолокациялық кешен болса, екіншісі Ил-22М басқару пункті болып табылатын ұшақ.
Украина атып, жарып жіберген Ресейдің А-50 алыс қашықтыққа арналған радиолокациялық ұшағы несімен қуатты?
Жойқын қуаттылығы жағынан Украина көзін жойған «Мәскеу» крейсеріне пара-пар! А-50-дің көмегімен Ресей Украина территориясына радиолокациялық барлау жасап: ПВО-ларды анықтап, Украина авиациясының ұшып-қонуын барлап отырған. А-50 бір дегенде 12 истребитель жайлы толық ақпаратты бақылап, жеткізіп отыра алуға қабілетті болған. А-50-дің құны — $330 до $500 млн аралығын құрайды.
Украинаның Бас барлаушысы Кирилл Буданов: «Ресейде А-50-ден әлі 8 дана бар және олардың техникалық жағдайы жақсы!», - дейді.
Mezgil.kz